2.7.16. Амперометиялық титрлеу әдісімен мырышты анық
Бұл әдіс токтың электродқа берілген кернеуге тәуелділігін өлшеуге негізделген. Бұл тәуелділік Илькович теңдеуімен өрнектеледі.
Iшек = k c
Константа мәні анализдің өткізілу жағдайына, электрод табиғатына тәуелді. Тамшылы сынап электроды үшін Илькович теңдеуінің түрі:
Iшек = 607 nД 1/2 m2/3 1/6 c
Сурет 46 - Вольтамперлік қисық
Тура вольтамперометрия әдіcін аналитикалық сигнал ретінде қолдану арқылы кернеуден шекті және диффузиялық токты өлшейді, вольтамперметрлік қисық немесе полярографиялық толқын деп аталатын Ішек = f(Е) графикалық тәуелділігін тұрғызады. Полярографикалық толқын аналитикалық параметрлер алуға мүмкіндік береді. Толқын ортасы сапалық мінездеме болып табылатын жартылай толқын потенциалын (Е1/2) анықтайды. Шекті ток шамасы (Ішекті) концентрацияға тәуелді, санадық мінездеме болып табылады.
Әртүрлі әдістерді қолдана отырып (градуирленген графиктік әдіс, молярлық қасиет әдісі, қоспа әдісі), анализденетін заттың концентрациясын анықтайды. Мысалы, стандартты ерітінділер үшін вольтамперлік қисық алады және оның графиктік тәуелділігін (Ішекті=f(c)) тұрғызады, одан анықталынатын компоненттің концентрациясын табу үшін қолданатын тура градуирленген график шығады.
Вольтамперометрия немесе жанама вольтамперометрия түрлері амперометриялық титрлеу болып табылады. Бұл жағдайда аналитикалық сигнал – шекті токтың қосылған титрант мөлшеріне тәуелділігін өлшейді және Ішекті=f(v) координатасында графикалық тәуелділік тұрғызады. Қисықтағы сынық арқылы титрлеуге кеткен титрант көлемін және эквиваленттік нүктені табады. Содан кейін анықталынатын заттың құрамын есептейді.
Амперометрлік титрлеу әдісін колданғанда қойылатын талаптардың талданылатын заттың, титранттың не өнімнің бірі-біреуінің электрохимиялық активті (электродта тотығу немесе тотықсыздану қасиеті) болуы
Сурет 47 - Амперметрлік титрлеу әдісімен мырышты анықтауы
Амперметрлік титрлеу әдісімен мырышты анықтауы мырыш (II) ионын калий ферроцианидімен тұнбаға түсіру реакциясына негізделген:
2Zn2+ + [Ғе(СN)6]4- Zn2[Ғе(СN)6]
Толығымен тұнбаға түсіру аммиакты ортада жүреді. Сол себепті зерттелетін ерітіндіге аммоний хлориді ерітіндісін қосады. Электродтық реакцияға феррицианид ионына дейін тотығатын ферроцианид (II) ионы қатысады.
[Ғе(СN)6]4- -ē [Ғе(СN)6]3-
Сондықтан, титрлеу барысында мырыш ионы толық тұнбаға түскенше ток күші тұрақты болады. Ерітіндіде ферроцианид (II) ионының артық мөлшері пайда бола бастағанда ток күші артады.
Кез келген электродтық процесс белгілі бір потенциалда жүретіндіктен, электродтық реакцияның басталуына мүмкіндік беру үшін индикаторлы электродқа (платина сымы) шекті ток күшінің аймағына сәйкес келетін потенциал беру керек. Бұл үшін алдын ала вольтамперлі қисық сызықтан полярографиялық толқынның горизонтальды бөлігіне сәйкес келетін потенциал мәнін таңдап алады, берілген реакция үшін потенциалдың мәні 1,2 В. Электродқа иондар тез және біркелкі жеткізілу үшін ерітіндіні араластыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |