Кондуктометриялық титрлеуде титрантты қосу барысында титрлеуші ерітіндінің электрөткізгіштігін өлшейді. Қойылатын міндетті талап – реакция аяқталған мезгілде (эквиваленттік нүкте) электрөткізгіштік реакция барысындағы өзгерісімен салыстырғанда күрт өзгеруі керек. Өлшеу нәтижелері бойынша координатасындағы график тұрғызады. Әдетте график эквиваленттік нүктеде қиылысатын екі түзу түрінде сызылады, химиялық реакциясының түріне байланысты кондуктометриялық титрлеу қисығы әртүрлі болуы мүмкін:
Сурет 45 - Кондуктометриялық титірлеу қисығы
Электрөткізгіштің азаюы немесе өсуі ерітіндідегі иондардың козғалғыштығымен () түсіндіріледі, мысалы, натрий гидроксидін хлорлы сутек қышқылымен титрлеу барысында сілті концентрациясы эквиваленттік нүктеге жеткенше электр өткізгіштік төмендейді. Қозғалғыш ион ОН-(=200) аз дисоцацияланатын қосылыс түзеді (H2O):
Na+ + OH- + H+ +Cl- Na+ + Cl- + H2O
OH- + H+ H2O
Кышқылды қосуды жалғастырсақ қозғалғыштығы жоғары (=350) сутек иондарының артық мөлшері қосылғандықтан, электрөткізгіштік бірден арта бастайды. Натрий және хлор иондары өздеріне тиісті =50 және =65 қозғалғыштыққа ие бола отырып, эквивалентгік нүктеге дейін және одан кейін электрөткізгіштіктің өзгеруіне елеулі әсер көрсетпейді.