Аналитикалық сигналды өлшеу
Титрант қосылмағандағы ("0-100") электрөткізгіш мәнін жазып алу керек. Содан кейін 1 мл Н2SО4 қышқылын қосып, тағы да аналитикалык сигнал мәнін жазамыз. Сонымен, титрлеуді жалғастыру барысында электрөткізгіштік азаюы керек. Оның (Н+) мәні бірден өскеннен кейін 4-5 рет өлшеп, осымен титрлеуді тоқтатады. Мәліметтерді жұмыс журналына жазады.
Эксперимент нәтижесін талдау
Анализ барысындағы жүретін химиялық реакциялардың тендеуін (молекулалық және иондық) жазу керек. Электрөткізгіштіктің титрант көлеміне байланысты графигін құру керек. Түзулердің қиылысу координатасынан абсцисса осіне перпендикуляр түсіріп, эквиваленттік нүктедегі титрант көлемін табу керек.
Анализ нәтижесін есептеу
Сілтінің массасын мына формула бойынша есептейді:
мұндағы, Сэ(Н2SО4) – титранттың эквивалентік молярлық концентрациясы; (моль/л)
Мэ(NаОН) – талданылатын заттың эквивалентік молярлык массасы; массасы (г/моль);
V(Н2SО4) – эквиваленттік нүктедегі титрант көлемі (мл).
Матеметикалық статистика әдістерін қолдану
"Анализ нәтижелерін математикалық өңдеу өдістері" – деген методикалық көрсетілетін "физико-химиялық әдістері" бөлімінің 3 мысалын қолдана отырып, эквиваленттік нүктедегі көлемді ең кіші квадрат әдісімен есептейді. Алынған мәліметті график нәтижелерімен салыстыра отырып, абсолюттік және салыстырмалы қатені анықтау керек.
Өз бетімен дайындалуға арналған бақылау сұрақтар
Кондуктометрия әдісінің негізі және түрлері.
Кондуктометрлік титрлеуді жүргізу жағдайлары, иондардың козғалғыштығының ролі.
Достарыңызбен бөлісу: |