Алдын-ала дайындық. Лаборанттан көлемі 150 мл стаканға концентрациясы белгісіз сілті ерітіндісін құйғызып, дистилденген сумен 100 мл-ге дейін сұйылтады. Зерттелетін ерітінді де кондуктометриялық өткізгішпен бұлғауышты салып, қондырғыға стаканды орналастырады. Өткізгіш бір-біріне белгілі бір қашықтықта пластмассалар тірекке бекітілген екі нөмірлі электродтан тұрады. Кондуктометриямен бұлғауышты ток көзіне қосады. Прибордың Wt және S/m түймелері басылған, ал дәлдікті өлшейтін тетік "03" немесе "01" орнында, осылай прибор 5-7 минут тұруы керек. Бюретка титрант ерітіндісімен (Н2SO4 эквивалентінің молярлық концентрациясы 0. 1 моль/л) толтырылып, оның ұшы зерттелетін ерітінді құйылған стаканға батырылған.