Саясаттану оқУ және Ғылым пәні ретінде адам – саяси жануар. Аристотель



бет1/4
Дата10.09.2024
өлшемі91,03 Kb.
#204041
  1   2   3   4
Байланысты:
1 лекция (1)

САЯСАТТАНУ ОҚУ және ҒЫЛЫМ ПӘНІ РЕТІНДЕ

Адам – саяси жануар. Аристотель

Лектор:

Абдильдина Хорлан Садуакасовна, қауым.профессоры м.а., филос.ғ.к.

Философия кафедрасы, 2708 каб.

Ж о с п а р ы:

  • Саясаттанудың нысаны мен пәні.
  • Саясаттанудың қызметтері.
  • Саясаттанудың әдістері.
  • Саясаттанудың парадигмалары.

Пәннің мақсаты:

Саяси мәдениеті сапалы түрде

қалыптасқан, сыни ойлай алатын, өзіндік азаматтық позициясы нық, жоғарғы паториоттық сезімде тәрбиеленген, саяси-әлеуметтік өмірдің даму заңдылықтарын меңгерген және ғылыми зерттеулердің базасын үйренген жастарды тәрбиелеп шығару.

Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленіп, жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты.

Ал Қазақстанда ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап пән ретінде оқытыла бастады.

Саясаттанудың қалыптасу кезеңдері:

  • Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды.
  • 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы (неміс эмигранты Ф. Либер) ашылды.
  • 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары жөніндегі халықаралық коллоквиум болды. Онда саясаттанудың негізгі мәселелерін, мәнін ашатын құжаттар қабылданды.

Саясаттану төмендегілерді зерттейтін ғылым:

  • Саяси теория (оның ішінде саяси идеялар тарихы);
  • Саяси институттар (орталық және жергілікті өкіметтік органдар, мемлекет билік тармақтары, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер);
  • Саяси мәдениет және сана;
  • Саяси даму және модернизация;
  • Саясат субъектілері;
  • Халықаралық қатынастар.

Саясаттанудың қызметі:

  • Танымдық қызмет
  • саяси өмір және биліктік қатынастар

    туралы жүйелі түсінік қалыптастыру

    және дамудың тенденциялары мен

    заңдылықтарын анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет