Жер ќыртысыныѕ ќўрамы



бет4/5
Дата30.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#116398
1   2   3   4   5
Байланысты:
Геология прак 2019
Силлабус 2019 Картография
Метаморфтық тау жылы. Метаморфизм әрекеттерінің нәтижесінде ең соңында метаморфтық тау жыныстары түзіледі. Олардың құрамына кіретін минералдардың барлық түрлері толық кристалданған күйде болады. Метаморфтық жыныстардың химиялық құрамы өте күрделі. Өйткені олар алғашқы магмалық, алғашқы шөгінді немесе бұрынырақ пайда болған метаморфтық жыныстардың негізінде, қайтадан кристалдану жағдайында құралады. Олардың құралу барысында кейде әр түрлі химиялық компоненттердің бір-бірімен өзара орын алмасу әрекеттері маңызды роль атқарады.

Метаморфтық тау жыныстарының минералдық құрамы өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:

1. Олардың құрамында магмалық тау жыныстарын құрайтын басты минералдардың барлығы да (кварц, дала шпаттары, пироксендер, оливин, амфиболдар, слюдалар және т. б.) кездеседі.

2. Бұлардан басқа олардың құрамында метаморфтық жолмен жаңа пайда болған минералдар да (гранаттар, тальк, хлориттер, серпентин, дистен, серицит, эпидот, волластонит және т. б.) кездесіп отырады. Мұндай ми-нералдар метаморфтық әрекеттердің өзіндік индикаторы (белгісі) ретінде индекс-минералдар болып саналады.

Алғашқы аналық жыныстан сақталған минералдар Қалдық (реликт) минералдар тобын құрайды. Ал тек метаморфтық әрекеттерге байланысты түзілген минералдар типоморфты минералдар деп аталады. Белгілі бір термодинамикалық жағдайда түзілген минералдар ассоциациясы (тобы) метаморфтық тау жыныстарыныц минералдық фациясын құрайды.

Минералдық фациялар метаморфизм әрекеттерініі; әр турлі дәрежедегі сатыларына (төменгі, орта және жоғарғы) сәйкес келеді.

Өте төменгі дәрежедегі аймақтық метаморфизм тысында түзілген жыныстар қатарына сазды сланецтерді (тақтатастар) жатқызуға (кейбір зерттеушілер олардың жаратылысын метагенездік немесе апокатагенездік деп санайды) болады. Олар өте жұқа қабыршақтар түрінде жеке қабаттарға оңай ажыратылатын қатты күйде кездесетін сазды жыныстардан тұрады. Қейде мұндай сланецтердің түрі қара түсті болып келген жағдайда аспидті сланецтер деп аталады; олар Үлкен Кавказ тау жоталарының юра, Таулы Алтайдың девон шөгінділерірінің арасында және т. б. аймақтарда кең таралған. Аспидті сланецтердің қара түсті болуы алғашқы сазды жыныстардың құрамында кездесетін органикалық заттардың метаморфизм әрекеттеріне ұшырап графитке айналуымен байланысты деп саналады. Бұл фацияға тән болып саналатын жаңадан түзілген цеолиттердін болуы, метаграувактар арасында жиі кездеседі.

Құрамы негізді лавалар өте төменгі дәрежелі метаморфизм сатысында спилиттерге, ал құрамы орта негізді лавалар кератофирлерге (альбитофирлер) айналады; олардың негізгі құрамы дала шпатынан (екінші кезекте пайда болған альбит), хлориттен, эпидоттан және т. б. минералдардан тұрады; көкшіл түсті болып келеді.

Мұхиттық жер қыртысын құрайтын ультранегізді жыныстар (перидотиттер) мұхит суымен өзара әсерлесуі. араласуы нәтижесінде серпентиниттерге (змеевиктер) айналады. Жоғарыда айтылған сазды (аспидті) сланецтер метаморфизмнің төменгі сатысында филлиттерге айналады. Олар қат-қабат болып тақталана орналасқан слюдалардың жылтырақ түсті жапырақшаларымен көз-ге түсіп (жай көзбен-ак), оңай ажыратылады.

Төменгі сатылы метаморфизм өнімдерінің ішіндегі жетілген түрлері — көк-жасыл сланецтер (тақтатастар) фациясына жататын жыныстар, ең алдымен хлоритті- серицитті сланецтер (филлиттер, көк-жасыл түсті кремнийлі және хлоритті сланецтер) болып табылады. Олардың құрамында кездесетін типоморфтық минералдар қатарында — хлорит, актинолит, эпидот, альбит, сери- цит, кальцит секілді минералдарды атап өтуге болады. Әсіресе, актинолиттің болуы өте маңызды.

Төмен және өте төмен дәрежелі метаморфизм сатысына жататын метаморфтық фацияньщ ерекше бір түрі — көгілдір (аспан түсті) сланецтер болып саналады. Олардың құрамындағы ең басты индекс-минералдар ретінде көгілдір түсті глаукофанды және лавсонитті (Са— АІ-гидросиликат) айтуға болады.

Глаукофанды сланецтер өте жоғары қысым (10— 12 кбар) және төмен (<400°С) температуралық жағдайда түзіледі.

Аймақтық метаморфизмнің орта дәрежелі сатысында пайда болатын тау жыныстары (кристалдық және слюдалы сланецтер, гнейстер, мраморлар, амфиболиттер) амфиболиттік фацияға жатады. Оларды құрайтын типо-морфтық минералдардың ішінде (гранаттар, волластонит, алдамшы мүйізше, дистен, қышқыл плагиоклаз, биотит, мусковит) алдамшы мүйізше (роговая обманка) индикаторлық роль атқарады.

Кристалдық сланецтер — ірілі-үсақты кристалдык, түйіршік-терден құралған тақтатастар; олар әдетте жапырақ тәрізді жұқа қабаттар құрап, ұзыннан-ұзақ созылған силикаттарға (мусковит, биотит, хлорит және амфиболдарға) бай келеді. Басқаша айтқанда кристалдық сланецтер сазды жыныстардың метаморфтық өзгерістері нәтижесінде пайда болады. Олардың құрамында жоға-рыда аталған минералдардан басқа гранаттар, орта және негізді плагиоклаздар, кварц минералдары кездеседі.

Гнейстер (кристалды сланецтермен салыстырғанда) ірі кристалдардан (кварц, дала шпаттары және түсті минералдардан) құралып, слюдалардың аздығымен сипатталады. Олар алғашқы құмтастар (әсіресе аркозды), сазды жыныстар, қышқыл вулканиттер және граниттер (гранитті гнейстер) негізінде түзіледі. Алғашқы шөгінді жыныстар негізінде түзілген гнейстер — парагнейстер, ал олар алғашқы магмалық жыныстардан түзілген жағдайда ортогнейстер деп аталады.

Амфиболиттер — алдамшы мүйізше және плагиоклаз минерал-дарынан құралып, өзіндік тақталанған текстурасымен сипатталады. Олардың түстері қою көк, көкшіл қара болып келеді. Қосымша минералдар ретінде гранат, эпидот, биотит секілді минералдардың қатысуы мүмкін. Амфиболиттер құрамы негізді магмалық жы-ныстардың метаморфтық өзгерістері кезінде құралған жағдайда ортаамфиболиттер, ал карбонатты — сазды жьшыстардан түзілген болса, параамфиболиттер деп аталады.

Амфиболиттік фацияның ең жоғары деңгейінде тау жыныстары жартылай кейде түгелдей балқып (анатексис) мигматиттер және анатектикалық граниттер түзіледі.

Мигматиттер (грек тілінде “мигма” — аралас қоспа деген мағынада) тау жыныстарының жартылай балқып, қайта кристал-дануы нәтижесінде пайда болған, құрамы жағынан граниттерге ұқсас (кварц, дала шпатынан тұратын) жолақ-жолақ болып орналасқан жұқа қабаттар құрайды.

Олардың құрамында кейде түсті минералдар да кездесіп тұрады. Мұндай жағдайда (кварц, дала шпаттарынан құралған) ашық түсті қабаттар (балқу температурасы жоғары) түсті минералдармен кезек алмасып (жолақ-жолақ жұқа қабаттардан құралған), өзіндік текстура құрайды. Д. С. Қоржинскийдің көзқарасы бойынша мигматиттер терең қойнаулық флюидтердін, қарқынды түрде қатысуы жағдайында, былайша айтқанда температура 650—700°С шамасында болып, метаморфизмнің амфиболиттік фациясына сәйкес келетін термодинамикалық жағдайда пайда болады.

Аймақтық метаморфизмнің ең жоғарғы сатысында құрамында су болатын минералдар (слюдалар, алдамшы мүйізше толығымен жоқ болып) пироксендермен орын алмасады. Бұл сатыда түзілген тау жыныстары гранулиттік фация құрайды. Оның құрамы кварц, ортоклаз, плагиоклаз — гранат немесе кианит (немесеі силлиманит) немесе пироксен сияқты минералдардан тұрады.

Пироксенді негіздік гранулиттердің құрамында кварц пен ортоклаз болмайды. Олар негізді магматиттердің (габбро немесе базальт) метаморфтық өзгерістері нәтижесінде түзіледі.

Қышқыл гранулиттер әдетте сазды және құмды-сазды жыныс-тардың негізінде пайда болады. Олармен байланысты түзілетін тау жыныстары метаморфиттер мен магматиттердің (граниттердің) аралығындағы шекаралық жыныстар — чарнокиттер түрінде кездеседі.

Чарнокиттердің құрамы кварц, калийлі дала шпаты, қышқыл плагиоклаз, пироксен (гиперстен) және гранат секілді минералдар-дан тұрады.

Гранулиттік фацияға жататын тау жыныстары архейлік туынды-лардың арасында өте кең таралған; протерозойлық жыныстардың арасында сирегірек, палеозойда өте сирек кездеседі; ал жас қабаттардың арасында жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан болар, гранулиттік фацияға жататын жыныстардың белгілі бір ортадан табылуы, ол ортаның геологиялық жасы өте ескі (көне) деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Әрине бұл жорамал радиометриялық әдіс арқылы зерттеліп, дәлірек анықталуға тиісті.

Метаморфизмнін, ең жоғарғы сатысында гранулиттік фациямен бірге эклогиттік фация қатар байқалады.

Эклогиттер құрамы жағьшан негізді магматиттерге (габбро, базальт) сәйкес келіп, пироксен (омфацит) мен гранаттан (пироп) тұрады. Бірақ (негізді гранулиттермен салыстырғанда) олар өте жоғары тығыздығымен (3,3—3,4 г/см3) және құрамында плагиоклаздың болмайтындығымен ажыратылады. Эклогиттер континентальдық жер қыртысының төменгі бөліктерінде және жоғарғы мантия қабаттарында, өте жоғары қысым мен жоғары температура жағдайында құралады. Құрамында алмас кездесетін эклогиттердін, сынық бөлшектері әр жерден табылғандығы (мысалы, Якутия жерінде табылған кимберлитті түтіктер сынығы арасында) белгілі.

Сонымен біз аймақтық метаморфизм әрекеттеріне байланысты түзілетін тау жыныстарының негізгі түрлерімен танысып, қысқаша болсада метаморфтық фациялардың жеке түрлерін қарастырдық.

Егер алғашқы құрамы сазды жыныстардың метаморфтық әрекеттерге байланысты өзгеру сатыларын құрылымдық-логикалық схема түрінде бейнелейтін болсақ, мына төмендегідей эволюциялық қатарды түзген болар еді:

саз балшық—>-аргиллит -—> сазды сланец—>-филлит—>-кристалдық (слюдалы) сланец мигматит—>-гранит гнейс қышқыл гранулит —чарнокит

Осы жағдайда сазды жыныстардың үгілу заттары екенін біліп, ал үгілу қыртысы магмалық жыныстар (граниттер мен чарнокиттер және т. б.) негізінде пайда больш, одан ары қарай эволюциялық даму сатыларынан өтетінін ескерсек, бұл процестерді төмендегідей түрде көрсетуге болар еді (И. Д. Лукашевич, 1909—1911): Үгілу заттары — шөгінді қабаттардың түзілуі —> диагенез — катагенез — метаморфизм —>- магматизм (граниттік) —>- үгілу әрекеттері. Сонымен, осындай жолмен үздіксіз қайталанып отыратын жер қыртысың, атмосфера, гидро-сфера қабаттарын түгел қамтитын және биосфераның қатысуымен (үгілу әрекеттері) жабық түрде тоқтаусыз жүріп жататын процес-тердің тұйық цикл құрайтындығын айта аламыз.

Сондықтан да академик ғалым В. И. Вернадскийдің айтқанындай “қазіргі кездегі жер қыртысын бұрынғы биосфераның сақталған іздері”, деп түсінуге болады.

Жоғарыда аталған метаморфизм түрлерінен басқа метаморфизм-нің тағы бір ерекше түрі — екпінді-соқпалық метаморфизм болып табылады. Метаморфизмнің бұл түрі жер бетіне ірі метеориттердің орасан зор екпінмен құлап түсу кезінде туатын соқтығысу әрекеттерімен байланысты байқалады. Қазіргі кезде барлық конти-ненттерді қосып есептегенде (Антарктидадан басқа) екі жүзден астам метеориттік кратерлердің (астроблемдердің) бар екендігі анықталды.

Оның ішінде жүзге жуығын екпінді-соқпалы метаморфизм қатарына жатқызуға болады. Мысалы, дүние-жүзіндегі ең ірі Попигай атты астроблемнің (Солтүстік Сібірден табылған) диаметрі 100 км-ге дейін жетеді; астроблемдердің көпшілігі (көлденеңінен есептегенде) 2 км-ден 33 км-ге дейінгі шамада кездеседі.

Метеориттің жер бетіне құлап түсу сәтінде қас қағым уақыт ішінде (<0,1 с) орасан зор кинетикалық энергия бөлініп шығады. Бұл энергия механикалық (сығылу және уатылу немесе бөлшектену) және жылулық (балқу және буланып ұшып кету) әрекеттерге жұмсалады.


Орындауға арналған тапсырмалар

  1. Шөгіндінің жиналуы

  2. Метаморфты тау жынысы

  3. Магмалық және метаморфтық жыныстар

  4. Шөгінді жыныстардың негізін қалаушы минералдар

Әдебиеттер:



  1. Бекботаев А.Т. Метаморфтық тау жыныстарының петрографиясы. – А: 2006.

  2. Абланов Б.Ф. Кристаллография және минералогия. – А: 2010..

  3. Тұяқбаев Н, Арыстанбеков К, Әбішов Б. Жалпы геология курсы. – А: 2009.

  4. Сейітов Н. Геология негіздері. – А: 2010.

  5. Сейітов Н., Жүнісов А.А. Қазақстан геологиясы. – А: 2003

Практикалық жұмыс №5 Стратиграфия және геохронологиялық кесте

1.Тау жыныстарының жасын анықтау әдістері



  1. Стратиграфиялық кесте

Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтауда шөгінді тау жыныстарын құрайтын қабаттарының ретті орналасу заңдылығына сүйенеді. Бұл заңдылық бойынша, тау жыныстарының бұзылмаған қабаттарының жоғарғысы төменгісімен салыстырғанда жасырақ болады. Бұл заңдылық дәлелдеуді қажет етпейді, егер астыңғы қабат болмаса, онда оны жауып жатқан үстіңгі қабат та түзіле алмайтыны түсінікті.

Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау үшін ежелгі геологиялық дәуірлерде өмір сүрген жәндіктер мен өсімдіктер дүниесінің тасқа айналған қалдықтарын зерттеудің маңызы зор. Тіршілік дүниесі жердің даму тарихында ең қарапайым түрлерден басталып, ең күрделі түрлерге дейін дамып жетілген. Сөйтіп, ғалымдар Жер бетінде өмір сүрген органикалық дүниенің қазба қалдықтарын және жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының құрамы мен құрылысын зерттеу негізінде Жердің даму тарихын бір жүйеге келтірді. Геохронологиялық жержылнамалық кесте жасалды. Ол 1900 жылы Дүниежүзілік геологиялық конгресте бекітілді. Бұл кесте ғылымның дамуымен ұдайы жетілдіріліп отырылады.

Жер қыртысының даму тарихындағы ұзақ кезеңдерге топтастырылған эралар. Жер тарихы бес эраға бөлінеді. Ең алғашқы тіршілік бастамасы – Жердің көне тарихына байланысты. Бұл уақыт архей (грекше «археос» – көне тіршілік деген мағынада) деп аталады. Одан кейінгі уақыттар протерозой (грекше «протерос» – алғашқы), палеозой (грекше «палеос» – ескі), мезозой (грекше «мезос» – орта), кайнозой (грекше «кайнос» – жаңа) болып бөлінеді.

Геохронологиялық жержылнамалық кестедегі кезеңдердің атаулары шөгінді жыныстардың алғашқы табылған орындарына қарай, жергілікті жер атауларына (кембрий, девон, пермь, юра) немесе халықтардың атына (ордовик, силур), жыныстардың құрамына (тас көмір, бор) байланысты аталады. Хронологиялық кестенің жүйелерін ажырата білу үшін шартты белгілер қабылданған. Геологиялық карталарда индекстері (белгілері), оның латынша аттарының алғашқы әріптері арқылы белгіленеді (мысалы, архей – AR), кезеңдердің индекстері оның латынша атының бірінші әріптерімен белгіленеді (мысалы, пермь – Р).

Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау ісі ғалымдар ХХ ғасырдың басында радиоактивті элементтердің ыдырау заңын ашқаннан кейін басталды. Әр элемент әр түрлі, бірақ қашан да тұрақты жылдамдықпен ыдырайтынын ғалымдар тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Ыдырау жылдамдығы Жер жаралғаннан бері өзгермейді деп саналады.


Радиоактивті ыдыраудың нәтижесінде уақыт өткен сайын радиоактивті алғашқы элементтердің атомдары азайып, әрі қарай ыдырамайтын тұрақты атомдар мөлшері көбейе береді. Мысалы, уран (торий) ыдыраған кезде қорғасын атомдары түзіледі. Уранның ыдырау жылдамдығын пайдалану арқылы тау жынысының жасын анықтауға болады, 100 грамм ураннан 74 млн жылда 1 грамм қорғасын бөлінеді.
Радиологиялық әдістерді қолдану нәтижесінде жер қабаттарын құрайтын көптеген тау жыныстарының жасын анықтауға мүмкіндік туды.
Салыстырмалы және абсолютті жыл санау әдістері негізінде жасалған геологиялық уақыт шкаласы геохронологиялық жер жылнамалық кестені құрастыруға мүмкіндік берген.
Тапсырма:

1 Венн диаграммасын салыстыру. Салыстырмалы есептеу мен абсолютті есептеуді Венн диаграммасы бойынша. Айырмашылығы. Ұқсастығы


Әдебиеттер:

  1. Бекботаев А.Т. Метаморфтық тау жыныстарының петрографиясы. – А: 2006.

  2. Абланов Б.Ф. Кристаллография және минералогия. – А: 2010..

  3. Тұяқбаев Н, Арыстанбеков К, Әбішов Б. Жалпы геология курсы. – А: 2009.

  4. Сейітов Н. Геология негіздері. – А: 2010.

  5. Сейітов Н., Жүнісов А.А. Қазақстан геологиясы. – А: 2003

Практикалық жұмыс №6,7 Стратиграфия және геохронологиялық кесте

1 Геохронологиялық кесте

2 Стратиграфиялық кесте

Жердің ғаламшарлық даму кезеңі оның алғаш ғаламшар болып қалыптасуынан бастап жер қыртысының құрылуьіна дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Жердің ғарыштық дене ретінде пайда болуы туралы ғылыми түсінік Күн жүйесіне кіретін басқа ғаламшарлардың жаратылысы жөніндегі жалпы көзқарастар негізінде қалыптасқан. Жер Күн жүйесіне енетін 9 ғаламшардың бірі екенін сендер 6-сыныптан білесіңдер. Ол бұдан 4,5-4,6 млрд жыл бұрын пайда болды. Жерді кұрайтын алғашқы заттар есебінен литосфера, гидросфера және атмосфера кабаттарының (шамамен 3,7-3,8 млрд жыл бұрын) қалыптаса бастау мерзімімен бұл кезең аяқталды.

Жердің геологиялық даму кезеңі - Жер қыртысының алғаш қалыптаса бастау сәтінен қазіргі кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Осы аралықта жер кыртысында әр түрлі тау жыныстары түзіледі. Жер қыртысы ғаламшарымыздың ішкі күштері әсерінен сан рет күшті қозғалыстарға ұшырап отырған. Бұл қозғалыстар жер қыртысының өзгеруіне ықпал еткен. Екінші жағынан, тау жыныстары сыртқы күштер әсерінен ұдайы үгіліп отырған. Үгілген борпылдақ жыныстар бір орыннан екінші орынға тасымалдануы нәтижесінде шөгінді жыныстарының жаңа қабаттары қалыптасқан. Жердің ішкі қабатында өте жоғарғы температурада пайда болған лавалар жер бетінің жарықтары аркылы көтеріліп жанартаулар пайда болған. Оның сыртқа тегілген лава жыныстары біршама жерге таралған. Мұны эффузиялық тау жыныстары дейді. Магманың жер бетіне шықпай қалған бөліктері жер астында бірте-бірте пайда болған мөлшеріне қарай суынып қатайған, сөйтіп олардың есебінен магмалық интрузиялык тау жыныстары қалыптасқан. Осылайша, Жер қыртысының қүрамы біртіндеп күрделене түседі. Бүл құбылыстар мезгіл-мезгіл түрақты түрде байқалады. Материктердегі ойыстар мен теңіз табанындағы шөгінді қабаттарында әр түрлі өсімдіктер мен жәндіктердің тасқа айналған қалдықтары ұшырасады. Бұл әрбір геологиялық дәуірдің тек өздеріне ғана тән тіршілік дүниесі болғандығын дәлелдейді.



Тектоникалық қозғалыстардың ең маңыздыларының бірі — материктердегі тау құрылу процестері. Олар қарқынды жанартау атқылаулары, күшті жерсілкінулері, тау жыныстарының құрамы мен құрылымының күрделі езгерістерімен қатар жүреді. Жер қыртысының геологиялық даму тарихында бірнеше рет күшті тау құрылу кезеңдері болған, оларды тау қатпарлықтары деп те атайды.

Жер қыртысының архей мен протерозой эраларында қалыптасқан неғұрлым тұрақты құрылымдарын платформа деп атайды.

Тектоникалық деректер бойынша, жер қыртысы дамуындағы ең ежелгі тау қатпарлығы ретінде байкал қатпарлыгын атайды. Бұл қатпарлық протерозойда басталып, палеозойдың басында аяқталды.

Байкал қатпарлығының құрылымдары мен олардың ерекшеліктері алғаш рет Байкал көлінің маңындағы тауларда анықталған, қатпарлық аты осымен байланысты қойылған. Сонымен қатар байкал қатпарлығының іздерін Шығыс Саян, Таймыр, Корея және Арабия түбектерінен кездестіруге болады. Бұл кұрылымдар кейінгі тау жасалу қозғалыстары әсерінен өзгерістерге ұшыраған.

Палеозойдың силур, девон дәуірлерінде каледон қатпарлығы жүрді. Бұл таулар кейінгі герцин қатпарлығында көтерілген таулармен жымдасып, біртұтас тау жүйелерін түзді. Палеозойлық құрылымдардың басым көпшілігі кейінгі тектоникалық қозғалыстар әсерінен майысуларға ұшырап, ұзақ уақыт теңіз табанына айналды.

Теңіздік шөгінділерің қарқынды жиналуы жүрген бұл құрылымдар қазіргі кезде мұнай мен газға бай аудандар қатарына жатады. Палеозойлық іргетас мезозой және кайнозой жыныстарымен жабылған, салыстырмалы түрде тұрақты, жер бедері тегіс, жазық болып келетін мұндай құрылымдар жас платформалар немесе эпигерциндік (герциннен кейінгі) плиталар деп аталады. Олардың ең ірілеріне:Еуразияда Батыс Сібір, Тұран, Батыс Еуропа; Солтүстік Америкада Мексика шығанағы жағалауы жатады. Палеозойлық құрылымдар құрлықтың оқшау жатқан ежелгі бөліктерін біріктірген. Олар қазіргі материктердің негізін құрайды. Құрлыктың континенттік шөгінділер қалың жиналған бөліктерінде қазіргі ірі көмір алаптары қалыптаса бастады.

Мезозой эрасында бірнеше тау түзілу кезеңдерін біріктірген, жалпы атпен мезозой қатпарлығымеп аталған тау жасалу процесі қарқынды жүрді. Солтүстік жарты шар материктерінде бұл қатпарлық өте үлкен аумақты қамтып, ірі тауm жүйелерінің түзілуіне себепші болды. Мұндай құрылымдарға Кордильера, Солтүстік-Шығыс Сібір мен Сихотэ-Алинь таулары, Тибет жатады. Осы кезенде оңтүстік жарты шар материктерінде салыстырмалы түрде тыныштық жағдай орнады.

Палеогеннің соңы мен неогенде жүрген қарқынды тау жасалу қозғалыстары альпі қатпарлығы деп аталады. Бұл қатпарлықта Еуразиядағы аса ірі Альпі-Гималай геосинклинальдық белдеуінде орналасқан тау жүйелері көтерілді. Алыпі қатпарлығында тектоникалық әрекеттердің аса қаркынды жүруі бұл белдеуге көршілес орналасқан ежелгі тау құрылымдарының қайта жаңғыруына, көтерілуіне себепші болды.

Бұл күштер неотектоникалық қозғалыстар деп аталады, себебі бұл қозғалыстар әсерінен терең тектоникалық жарықтар пайда болып, салыстырмалы түрде ежелгі құрылымдар қозғалмалы (сейсмикалық) аудандарға айналды. Неотектоникалық қозғалыстар Тянь-Шань, Алтай, Саян, Байкал тау жүйелерін қамтыды, олардың әсерінен бұл аймақтарда тауаралық ірі қазаншұңқырлар қалыптасты.

Кейбір аудандарда терең жарьщтар жердің терең кыртысы аркылы мантияға дейін жетіп ,рифтілер қалыптасты. Мүндай рифтілер катарына Байкал көлі мен Өлі теңіз табанындағы жөне Шығыс Африкадағы Үлы жарьщтар жатады. Терең тектоникалық жарьщтар бойында көл казаншүңкырлары орналасады. Дүниежүзілік мұхит табанында рифтілердің ең ірі жүйесі таралған, олар суасты орта жоталарына сәйкес келеді.

Материктердің Тынық мұхитпен жалғас бөліктері қазіргі кездегі тау жасалудың ең қарқынды жүріп жатқан аудандары болып табылады, бұл аймақ Тынық мұхиттық жанартаулық белдеу деп аталады. Бұл белдеуде қарқынды жанартау атқылаулары, күшті жерсілкінулер тоқтаусыз жүріп жатыр. Жанартаулық белдеу бойымен материктік литосфералық тақталардың аумағы біртіндеп ұлғаюда.

Қазіргі кезде құрлық пен мұхит табандарында 800-ден астам сөнбеген жанартау орналасқан. Олардан жылына 6 млрд тоннадан астам эффузивті жыныстар лава түрінде жайылып, жер қыртысын қалындатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет