Жылқышыбаева Қарлығаш Қайсақызы¹ Ғтамр



бет4/10
Дата04.03.2022
өлшемі48,78 Kb.
#134328
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жаңа

Key words: Kazakhstan, historical education, national identity, continuity, historical philosophy, historical process, materialistic view, bread.
Кіріспе. Тарих – адамзаттың өткені мен бүгіні, ақыл-ой қазынасы. Білім – қоғамның негізгі айнасы мен қозғаушы күші. Тарихи білім – қоғамдағы адамдардың тарихи санасы.
Ұлттық тарихи білім ұлттық сана арқылы келіп, қоғамда ұлттық сана арқылы сақталады. Ұлттық сана қашан да ел өмірінде тарихи сана негізінде қалыптасып, нығайып отырған. Тарихи сана адамның өз тарихын толық білуінен, дәстүрді иеленуден, мәдениетінің құндылықтарын игеруден және білімді болудан, адамгершіліктен шығады, ұлттық сана осы принцип арқылы адам бойында қалыптасады.
Қазақтың ұлттық тарихының тағылымын баяндайтын дүниелер өскелең ұрпақтың (жастардың) өзіндік санасын тәрбиелеудің тәсілі, осыдан шыққан дүние, сананы тарих өрісіне, ұлттық мүдде деңгейіне көтерудің тетігі, негізгі тәсілі және дұрыс жолы.
Сондықтан, еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, даму бағыттары анықталып, халқымыздың тарихи көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңда мемлекеттің ұлттық тарихты жаңғырту, тарихи сананы қалыптастыру мақсатына жетудегі негізгі міндеттердің бірі – тарихи білімді зерделеу болып табылады.
«Қазақстан - 2050» Даму стратегиясында әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндеттерін алға қойған. Қазақстан үшін елді жаңарту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, білімнің сапасымен анықталатыны белгілі (Назарбаев, 2012). Қазіргі әлемде қалыптасқан экономикалық-әлеуметтік және мәдени жағдайлар, адамның тарихи білімінің дамуындағы қайшылықтар, әлемдік қаржылық дағдарыстың салдарынан қоғамдық өмірімізді кеңінен қамтыған рухани тежелу орын алуда. Осы мәселелер қазақ халқының тарихына, азаматтардың тарихи санасын қалыптастыру мен рухани құндылықтарды жаңғыртуға, Қазақстандағы тарихи білімге қатысты зерттеулер аясын кеңейтуді талап етуде. Осы тұрғыдан алғанда қоғамдағы адамдардың тарихи білімінің мәні мен маңызы, оның мазмұны мен құрылымы, қалыптасуының теориялық тұрғыда зерделенуі үшін ең алдымен тарихи білім ұғымына талдау жасалуы қажет. Сондықтан мақаладағы қарастырылатын мәселе өзекті болып табылады. Тарихи білім адамзат тағдырында шешуші рөл атқарады. Сондықтан қазіргі кездегі Қазақстанның білім үрдісіндегі отандық тарихты жаңғыртудың негізгі факторларының бірі тарихи білімді дамыта отырып, шын тарихты меңгеру, ақтаңдақтардың бетін ашу, сыни тұрғыдан терең саралаудан өткізіп, жіберілген қате-кемшіліктерді анықтау.
«Халықтың ұлттық санасын тұншықтырып келген кешегі тоталитарлық жүйеге ұлттық тарихтың, халық тұтастығының қажеті жоқ. Ол ұлт мәселесін қолдан қиындатып, тарихи жадын жойып, бодандық психологияны орнықтыруға мүдделі. Өткенін білмейтін халықтың өзіне сенімі болмайды» (Назарбаев, 1998: 281),- деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, сол халық жадын қайта жаңғыртуда бүкіл тарихшылар қауымы аянбай тер төгіп келеді.
Тоталитарлық жүйе күйрегеннен кейінгі тарихи білімнің қайта өрлеуіне орай, қандай да болмасын қоғам өзінің болашағын ойлайтын болса өткенін таразылап, басынан кешкен тарихынан айтарлықтай сабақ алып отырады. Нақ осы тұрғыдан қарағанда өткеннің тарихи білімге қатысты әлемдік және отандық тәжірибелеріне айрықша ден қойып, оның іске жарамдыларын кәдеге асыра білу керек. Яғни, тарихи білімнің әлемдік және отандық қол жеткен жетістіктерін орнымен қолдану мәселелері де түбегейлі зерттеулер, түрлі сараптамалар мен талдауларды қажет етеді. Бұл да тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет