Жүйелік әдістің мүмкіндіктері. Жүйелік анализді экологиялық қолдану. Түсініктер жүйесін, әдіс-тәсілдерін, шешімдерін «жүйелік анализ»


Жүйелік әдістің мүмкіндіктері. Жүйелік анализді экологиялық қолдану



бет7/9
Дата07.02.2022
өлшемі31,31 Kb.
#88743
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
158423782546 Дәріс 10

2. Жүйелік әдістің мүмкіндіктері. Жүйелік анализді экологиялық қолдану. Жүйелік анализ ойлау тәсілі болғандықтан, арнайы тізімде келтірілген белгілі рецепттер жиынтығын әрекетке бағыттауға арналған. Көптеген маңызды мәселелерді шешуде кейбір кезеңдер ерекше болуы мүмкін немесе оны жүргізу тәртібі өзгереді, кейде түрлі комбинацияларға байланысты бұл кезеңдерді қайталауға тура келеді. Мысалы, мүмкін стратегияларды бағалау мен модельдеуден өткізу қарастырылған факторлар ішінде ерекше жағдай кезінде өте қажет болып табылады. Уақыт өте келе кеш жүргізілген анализ кезеңінде жұмыстың маңызды бөлігінің орындалғанынан кейін бастапқы кезеңдердің біріне оралу үшін зерттеудің мақсатты құрылымының адекваттылығы аналогиялық жолмен тексерілуі мүмкін. Ең жақсы нәтиже алған модельдер шешім спектрін қабылдауға мүмкіндік беретін және дұрыс шешім қабылдайтын адамдар тобына шынайы жағдайды нақты дәлдікпен көшіре алады. Шешім қабылдау стадиясы үнемі нақты анық бола бермейді, нақты шешім формальды ғылыми зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.
Сипатталған жоғарғы көпкезеңді жүйелік анализдің негізгі мақсаты берілген экология саласындағы практикалық мәселелерді шешу барысында дұрыс стратегияны таңдау болып табылады. Аталған анализдің құрылымы басты күшті маңыздылығы қарапайым мәселеге қарағанда күрделі болып келетін ауқымды мәселені шешуге жұмылдырылған. Мәселенің қиындығына байланысты жүйелік анализде шешім қабылдауға, моделььдеу мен альтернативті шешім қабылдауда, анализ бен өңдеуге ЭВМді қолдану ұсынылады. Алайда, ЭВМді қолдану математикалық аппаратқа тартымдылық бермейді, жүйелік анализдің негізгі ерекшелігі болып есептелмейді.
Әр түрлі мәселелерді шешу кезіндегі жүйелік анализге қосылатын негізгі үлес қарастырылып жатқан факторлар мен болжамның әлсіз тұсын табу үшін бақылау мен тәжірибе жасаудың әдісін өзгертуге мүмкіндік беретін және факторлар арасындағы негізгі байланыстарды анықтауға шартталған. Жүйелік анализ ғылыми әдіс ретінде жасалған болжамның дұрыстығын тәжірибе және қатаң процедура кезінде физикалық әлемді қолайлы зерттеуде жүргізуге арналған құрал-жабдықтармен байланыстырады. Практикалық мәселелерді шешудегі негізгі жетістік негізінен бір оқу орнынада жұмыс істейтін және кішігірім мәселелерді шешумен айналысатын бірнеше ғана ғалымдарда жақсы жүзеге асады.
Ортақ негіздерді ескере келе, жүйелік анализді не себепті экологияда қолдануға мәжбүр екенімізді анықтаймыз. Мұндағы басты жұмыс ғылыми экологияның кең көлемдегі ағзалар арасындағы әр түрлі қарым-қатынасты анықтайтын қатыстық маңыздылыңын зерттеу. Динамикалық байланыс түсінігіндегі сияқты олар уақытқа тәуелді үнемі өзгеріп отырады. Сонымен қатар, техникада кері байланыс болып саналатын бұл байланыс кейбір процесстерді бастапқы күйіне немесе алдыңғы стадияға қайтарады, нәтижесінде алатын әсер айтарлықтай ауқымды болады немесе түрлер өзгереді. Кері байланыс жағымды (күшті әсер) және жағымсыз (әлсіз әсер) болып бөлінеді. Кері байланыстың өзі жағымды және жағымсыз әсерлердің қатарын өзіне қосатындай күрделі болады, ал салдары қоршаған орта факторларының әсерінен болуы мүмкін. Оған көптеген су экожүйесінің моделін жасауда қолданылатын ата-ана мен бала арасындағы Рикер қисығы (1979) мысал бола алады.
Экожүйенің қиындығы әр түрлі ағзалар арасындағы қарым-қатынаспен шекелмейді. Тірі ағзалар өздері өзгереді, бұл олардың маңызды ерекшеліктерінің бірі. Бұл өзгеріс ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынасы нәтижесінде ( мысалы, бәсекелестік пен жыртқыштық) немесе ағзалардың өз әсерлері нәтижесінде (топтасқан немес жеке) қоршаған орта жағдайында болуы мүмкін.
Осы себептердің барлығы, яғни экологияның ішкі байланысының күрделілігі, тірі ағзалардың мінез-құлықтарының өзгерісі және адамдар тарапынан экологияға келетін айтарлықтай өзгерістің нәтижесі қалыпты болжамдардың шегінен шығып бара жатқандықтан, әрбір эколог өзінің іс әрекетін дұрыс ойластырып, қалпына келтіруі керек. Қолданбалы жүйелік анализ тәжірибе жасау кезінде қай бөлік жүйені модельдеу процесінің негізгі бөлігі болып табылатынын анықтауға болатын сызбанұсқаны ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сондықтан анализ жасауға берілгген қиындықтар мен өзгерістер сол формада қалады. Жүйелік анализ бойынша жұмыс жасайтын мамандар өздерінің тәсілдерін күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін әдіс деп жарияламайды, бірақ бұл әдісті ең нәтижелі әдіс деп есептейді.
Алайда, жүйелік анализді экологияда қолданудың тағы бір негізі бар. Табиғаттың өзінде экологиялық зерттеу жүргізу ұзақ уақытты талап етеді. Мысалы, жер шаруашылығымен айналысқанда, бау-башқа, балық шаруашылығында түсетін өніммен байланысты, ал өнім тек бір жылда ғана жиналады, сондықтан тәжірибе кезіндегі бір айналым бір жылға немесе одан да ұзақ уақытқа созылады. Ал қызыл балық пен горбуша шаруашылығында екі жыл, китте 4-5жыл. Ал орман шаруашылығында өте жақсы өнім алу үшін 25жыл керек болады, кейбір ұзақ уақытты тәжірибелер 40-120 жылға созылуы мүмкін. Мұның барлығы әр стадиядан максималды нәтиже алуды талап етеді, және осы жүйелік анализ тәжірибенің қажетті сызбанұсқасын дайындауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кездегі экологияның жағдайы ғылыми тұрғыда бірнеше біріктірілген концепцияларға кіруге бағытталған. Бұл жағдайда жүйелік анализді альтернативті болжам ретінде қарастыруға болады, оған қоса жүйелік анализ таңдау жасау үшін қандай шешуші тәжірибелер жасау керектігін көрсетеді.
Шын мәнісіснде экологиялық жүйеде қолданылатын жүйелік анализдер жиынтығы математиканың физикада қолданылатыны сияқты дәстүрлі математика, яғни функционалдық және детерминистік типте физикалық қатынасты қабылдайтын математикалық аппарат болып табылады.
Алайда, экологиялық байланыстың барлығы мұндай типке жата бермейді. Организмдердің өміс сүру ортасы мен қарым-қатынасы арасындағы өзгерістері кезінде тура бақылау және тәжірибе әдістерін қолдану қиын, сондықтан тәуелсіз факторларға (температура, оттегі, топырақ ылғалдылығы) байланысты болатын биологиялық процесстер мен ауысым арасындағы өзгерісті модельдеу, стохастикалық және мүмкін болатын байланыс кезінде күрделі математикалық аппаратты қолданған дұрыс.
Жүйелік анализді қолдану алғашында ерікті түрде жүрді. Халықаралық экологиялық бағдарлама қоректену мен ыдырау кезіндегі зат алмасудың айналымын зерттеді. Бұл зерттеу рңайға түскен жоқ. Циклді құрайтын анализдің тура процесі бір уақытта анализ параметрлерін анықтау мүмкін емес болған кездегі процесстің күрделілігі анықтау кезінде қиын болады, себебі мезгілдік және периодтық өзгерістерді анықтауға көп уақыт жұмсалады. Модельдердің көпшілігі алғашқыда ерте жинақталған негіздерге құрылған болатын, ал процесстің тура иммитациясы критикалық тест жүргізу барысында құрылды және әрі қарай деректерді жинау мен модельдеуге алып келді.
Жерді пайдаланған кезде алдын ала жинақталған деректер мен келесі жүргізілетін тәжірибелер негізінде құрылған экологиялық модель синтезі басқарудағы өзгеріс нәтижелерін болжауға және жер шаруашылығының стратегияларын анықтауға мүмкіндік берді. Осындай модельдеудің ерекшелігі – осыған ұқсас үлгі құрастырудық қажеттілігің жоқтығы. Жер шаруашылығымен айналысу стратегиялары арасында болатын потенциалды қиындықтарды туындататын қарапайым үлгілерді салыстыру маңыздырақ болды. Аталған модельдегі жүйеасты және түрлер арасындағы күрделілік пен қарапайымдылық арасындағы ымыраға келуді іздестіру – жүйелік анализ бойынша жұмыс жасайтын мама кез келген практикалық жағдайда соқтығысып қалатын күрделі мәселелердің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет