1) жүкті әйел перзентханаға түскенде;
2) қағанақ суы кеткенде;
3) жыныс жолдарынан қан кеткенде;
4) нәрестенің жүрек соғуы нашарлағанда;
5) босану қарқынын анықтау үшін (тұңғыш босанғандарда 6 сағаттан кейін; бұрын босанғандарда 3 сағаттан кейін);
6) екінші кезеңнің алдында.
Қынаптық зерттеуде: жатыр түбі бұлшық еттерінің, қынап қабырғасының (кеңдігін, үзындығын т.б.) жағдайын анықтай отырып, жатыр мойнынын. ашылу қарқынын, ернеуінің қалың–жұқалығын, жұмсақтығын, қағанақ қуығының жағдайын және ұрықтың төменгі бөлігі – басының еңбектерін, жіктерін және оның жамбас қуысының жазықтықтарына қатынасын анықтайды.
Екінші кезеңде босану ағымын жүргізу: Екінші кезеңде дәрігер әйел дің жалпы күй-жағдайын, толғақтың күшін, ұзақтығын, ұрықтың жүрек соғуын (әрбір күшенуден 1–2 минуттан соң, плацента–жатыр қанайналымы қалыптасқаннан кейін), оның жамбас қуысынан жылжу жылдамдығын анықтайды. Күшену кезінде жатырдың жиырылу қасиетін бағалай отырып, оның төменгі сегментінің жағдайына көңіл бөлу қажет. Акушерия көмегі. Нәресте басы жыныс қуысынан көрінгеннен бастап, акушерия көмегіне дайындалады. Біріншіден, анаға түсініктеме береді – акушерия көмегі кезінде дұрыс терең тыныс алуды, күшену ережелерін үйретеді.
Акушерия көмегін нәресте басы жыныс қуысынан "кесіп-жарып" шығысымен бастайды; себебі оның басы жамбас түбіне қатты қысым жасап, созып, сонымен қатар нәресте басы осы мезгілде босану жолдарының қабырғаларынан қысым алады, осылардың әсерінен аралық жыртылып, нәресте миының қанайналымы бұзылуы мүмкін. Осы кезде дұрыс көрсетілген акушерия көмегі бұл асқынулардың алдын алуға үлкен көмек етеді. Нәресте басымен жатқанда көрсететін акушерия көмегі ("аралықты қорғау") бірнеше қол әрекеттерінен тұрады. Бірінші тәсілде – нәресте басының мезгілінен бұрын шалқаймауын қамтамасыз ету. Ол үшін акушерка сол қолын шат үстіне және жыныс қуысынан "кесіп-жарып" шығып келе жатқан бас үстіне қойып, жайлап бастың мезгілінен бұрын шалқаймауына және босану жолдарынан тез жылжымауына кедергі жасайды. Екінші тәсілде – аралық ұлпасына түсетін күшті азайту. Ол үшін: оң қолды алақан жағымен аралыққа қойып, төрт саусақты сол, үлкен саусақты оң жыныс ернеуіне тірейді. Бармақ ұштарымен үлкен жыныс ернеуінің жұмсақ ұлпаларын жайлап басыңқырап, төмен түсіреді, бір мезгілде оң қол алақанымен аралық ұлпасын басып, оны қорғайды, сөйтіп оған түскен күшті азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |