Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет54/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ
Lecture theses
2-шарт. 
Метапәндік тұрғыда оқыту арқылы оқушылардың бейнелі ой-өрісі 
дамып, 
пәннің 
жалпы 
мазмұнын 
өмірмен 
байланыстыру 
арқылы 
шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Мұндай сабақтар нақтылығымен
сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу 
материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық 
мүмкіндігімен ерекшеленеді. Алайда, бастауыш білім беру пәндерін метапәндік 
тұрғыда оқытуды ұйымдастыруда пәндерді кіріктірудің ұстанымдарын жүйеге 
түсіру қажеттілігін айқындайды. Пәндерді кіріктіру ұстанымының басты 
қағидасы 

ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық білімдерді 
жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің 
біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады. Кіріктіріп 
оқыту ұстанымдары оқытудың басты мақсатына 

оқушыларды ойлау 
қабілетінің дамуына тікелей бағытталған. Кіріктіріп оқыту ұстанымдары 17-
суретте көрсетілген: 
 
Сурет 17 

Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуды 
ұйымдастыруда пәндерді кіріктірудің ұстанымдары 
Білімдердің синтезі. 
Оқу материалын тұтас, жинақталған, жүйеленген 
түрде қабылдау оқушының ой-өрісінің кеңдігін қамтиды. Кіріктіру әдістерімен 
зерделенетін мәселені шешу ойлау қабілетінің белсенділігі мен мақсаттылығын 
дамытады. 
Оқу материалын тереңдету. 
Оқу материалын терең ұғыну кең ауқымды 
ойлауға ықпал етеді. 
Мәселенің өзектілігі, немесе мәселенің практикалық маңыздылығы. 
Оқу 
материалын меңгеру барысында практикалық мәселені шешу 

оқытудың 
Білімдердің 
синтезі
Оқу материалын 
тереңдету
Мәселенің 
өзектілігі 
немесе мәселенің 
практикалық 
маңыздылығы
Баламалы 
шешім
Шешімнің дәлелдігі
Жоғары дәрежеде 
ойлау дағдыларын 
дамыту ұстанымы


98 
тәжірибелік бағытын күшейтеді, оқушының сын тұрғысынан ойлауын, теория 
мен практиканы салыстыра алу қабілетін дамытады. 
Баламалы шешім. 
Белгілі жағдайда жаңа тәсілдерді қолдана алу, мәселені 
ерекше шеше алу, шешу жолдарын таңдай алу, ойлау ерекшелігін дамытуға 
ықпал етеді. Шешімдерді салыстыру ой ұшқырлығын, сын тұрғысынан 
ойлауды, ойдың жинақтығын, жүйелілігін дамытады. Оқушылардың дұрыс 
шешімді, мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдау барысында ұтымды, тиімді, 
мақсатты ойлау қабілеттері арта түседі.
Шешімнің дәлелдігі. 
Мәселені дәлелді шешу ойлау қабілетін дамытады. 
Пәндерді метапәндік тұрғыда оқытудың алға қойған мақсаты айқын, бағдары 
жүйелі. Зиялы азаматты – әлеуеті жоғары дамыған, жаңашыл ойлай білетін
рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды 
тәрбиелеуге ұмтылатын білім беруде тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста 
болады. 
Ойлау дағдыларының дамуы дәрежесі
– заманауи ақпараттық қоғамдағы 
жетістіктің кепілі болып табылатынын көрсетеді. Б.Блум таксономиясында 
когнитивті үдерістердің және педагогикалық мақсаттардың тізімі төмен 
деңгейлі когнитивті үдерістерден неғұрлым жоғары деңгейлі когнитивті 
үдерістерге қарай, яғни жеңілден ауырға қарай ұстанымы бойынша берілген. 
Б.Блум таксономиясына сәйкес оқушы ұғымды есіне сақтамайынша жете түсіне 
алмайды, сонымен бірге не жайлы сөз болып жатқанын түсінбесе, алған білімін 
дұрыс қолдана алмайды. Аталған теория бойынша мұғалім оқушыларға ойлау 
дағдыларының төменгі дәрежесін жандандыратын сұрақтар (не? қашан? қайда? 
қайсы? сөздерінен басталатын арнайы сұрақтар) қоюы тиіс. Сонымен бірге 
неғұрлым ауыр талдау және бағалау дағдыларын дамытатын сұрақтар да қосу 
қажет. Бұл топқа жауапты құрастыру барысында аса күрделі тілдік 
құрылымдарды пайдалануды қарастыратын, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет