Мадақ өлең – салтанатты оқиғаларды жырлауға арналған, біреуді қошеметтеу
сипатындағы мадақ өлеңдер.
Насихат өлең – уағыздар, ақыл–кеңес сарыны басым келетін өлең.
Поэзия – көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең жыр
түріндегі шығарма.
Поэма – оқиғаның өлеңмен баяндалып айтылатын, кейде жыр – толғау түрінде
келетін көлемді шығарма.
Толғау – күрделі, көлемді лирикалық туынды, сюжетсіз поэма.
Түйдек (тирада) – қазақ поэзиясында жырда қолданылатын тармақтарды
топтастырудың еркін түрі.
Ұйқас – өлең-жырларда тармақтың «өлең жолы» соңындағы бірнеше буынның
келесі тармақтағы сәйкес буындармен үйлесуі «дыбыс үндестігі».
Шабыт – өнер адамының шығармашылық қуатының шегіне жетіп тасқындауы, зор
жігер, күш пайда болып, рухтануы.
Шайыр – «арабша ир»- ақын, орындаушы мағынасында.
Шешендік сөз – қазақ ауыз әдебиетінің жанры, ғибраттылық мәні, өнегелі ой-
тұжырымы бар, айырықша тапқырлық танытатын нақыл сөз.
Шумақ –өлең-жырларда, дастан-поэмаларда өлең тармақтарының жолдарының
белгілі ретпен топтасуы.
Эссе – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше
толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдармен түйіндеулерге
құрылатын философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем
әдебиеттің жанры.
МӘНМӘТІНДІК МАЗМҰН №1 дәріс Тақырыбы : Кіріспе.
Мақсаты : Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси
жағдай туралы мәлімет беру. Дәуір әдебиетінің зерттелуі.
1. Алғаш қазақ хандығының құрылу себептері.
2. Тарихи-әлеуметтік мәселелердің әдебиетке әсері.
3. Хандық дәуір әдебиетінің зерттелуі.