2. Сүйіншалиев Х. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1989.
3. Жұмалиев Қ. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,1967.
4. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,1973.
5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы,1991.
6. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. А., 2000. 3 том.
7. Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 2003
8. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ.). А., 1998
9. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1992
10. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. А., 1982
№11 дәріс
Тақырыбы
:
Үмбетей жырау
Мақсаты
:
Жыраудың ӛмірі, шығармаларының
тақырыбы туралы деректерге
сүйене отырып, түсіндіру.
1.
Үмбетей шығармашылығының зерттелуі.
2.
Жыраудың Бӛгембай батырға арналған толғауларының ерекшелігі.
3.
Толғауларының кӛркемдігі.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар
: Қозы-Маңырақ, Қой-Маңырақ, пәйкесіндей,
тегеуіріндей, дӛмпеш, пейіш т.б.
Дәріс мәтіні
(тезис)
Жыраудың философиялық-дидактикалық сарындағы толғау жырлары сақталмаған.
Біздің түсінігіміздегі Үмбетей бейнесі Бӛгембай батырдың есімімен байланысты.
Жыраудың даңқын шығарған да осы туындылары.
Үмбетейдің Бӛгембайға қатысты екі ұзақ жыры бар: мұның біріншісі – Бӛгембайды
жоқтау да, екіншісі – Бӛгембай ӛлімін Абылай ханға естірту.
Қанжығалы Бӛгембай батырдың аты кімге болмасын жақсы таныс. Ол – Жоңғарға
қарсы күрестің қаһарманы, әлуетті батыр, атақты қолбасы, еліне еткен қызметі арқасында
жұрт сүйіктісіне айналған қазақ халқының ардагер ұлдарының бірі.
Үмбетей даңқты әкесі «Алатаудай Ақша батырдан асып болат туған» Бӛгембайдың
ӛшпес образын жасады.
Баян Аула,
Қызыл тау,
Абыралы, Шыңғыс тау
Қозы-Маңырақ, Қой-Маңырақ,
Арасы толған кӛп қалмақ,
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен ӛткізіп,
Алтай тауға асырдың,
Ақ Шәуліге қос тігіп,
Ауыр
қол жиып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың,
Қабанбай мен Бӛгембай
Арғын менен Найманға
Қоныс қылып қалдырдың.
Осы аталып отырған жерлер ұзаққа созылған күрестерден соң Жоңғар тауларынан
шыққан ойрат тайпалары басып алған қазақтың байырғы мекендері болатын. ХҮІІІ
ғасырдың орта шенінен бастап бұл қоныстар қайтадан қазаққа ӛтті. Осы жеңісті жорықтар
кезінде қазақ қолының басында жүрген батырлардың бірі Бӛгембай еді. Тек бұл ғана емес.
Бӛгембай – Жоңғарға қарсы күрестің қиын күндерінде, қазақтар ауыр жеңілістерге
ұшырап, Сайрам, Түркістан, Ташкенттердің бірінен соң бірінен айрылғанда, ақтабан-
шұбырындыға ұшырап, ата мекенінен босқан кездерде еңсесі түспеген, жүрегі
шайлықпаған санаулы ерлердің бірі еді. Бұл кезде Бӛгембай қалмақтарға қарсы күресті
ұйымдастырушылардың бірі болды.
Сондықтан «дұшпанға қарсы оқ атқан», үрей болған қалмақты талқандаған,
Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бӛгембай,
Жалаң қия
жерлерден
Жазбай түсіп түлкі алған,
Білегі жуан бүркіттің
Тегеурініндей Бӛгембай, -
дүниеден кӛшкенде Үмбетей жырау кӛзінің жасын кӛл қылады, батырдың ӛлімін аза
тұтады, оның тірісінде халқына еткен қызметін еске алып, марқұмды мадақтайды.
Ал Үмбетейдің Абылай ханға Бӛгембай ӛлімін жеткізген жырынан хан бейнесін толық
кӛруге болады. Бӛгембай қабырының басында жоқтау жырын айтқан соң жырау батырдың
аманатын орындауға Абылай ханның ордасына барады, ел сүйіктісінің ӛлімін хабарлайды.
Бұл жыр естірту түрінде келеді. Бұрын қазаны естіртудің ӛзі ӛнер болғаны мәлім.
Әдетте естіртуші қайғылы хабарды бірден тоқ еткізбей, әңгімені алыстан орағатып
бастайды, алдымен тұспалдап сӛйлеп, қара жамылуға тиіс адамды ауыр хабарға дайындап
алады.
Үмбетей де ескі салтты бұзбайды. Жырау алдымен Абылайдың ӛз басынан, халық
басынан ӛткен ауыр күндердің жайынан толғайды. Бұдан соң қуанышты күндерге келеді,
жеңісті жорықтарды, ондағы батырлардың кӛрсеткен қайратын мадақтайды.
Осыдан соң
жырау дүниенің аумалы-тӛкпелі екенін, қазасыз пенде жоқ екендігін еске салады,
әйткенмен, ӛлімнің артыған тағы да қуаныш болатынын, бір батыр ӛлсе, оның орнына
тағы бір батыр туатындығын айтады. Сонымен, Үмбетей ӛзінің қаралы хабаршы екендігін,
атақты батырлардың бірі дүниеден кӛшкенін естірту үшін келгендігін жеткізді. Енді
жырау турасына кӛшеді:
Ей Абылай, Абылай,
Сӛзімді тыңда тағы да-ай!
Ӛзіңнен біраз жасы үлкен,
Дӛмпеш таудай басы үлкен,
Жасыңда болған сырласың,
Үлкен де болса құрдасың,
Сексеннен аса бергенде
Қайрылмас қаза келгенде
Батырың ӛлді – Бӛгембай!
Ұзақ жырдың түйіні осында. Жырау ӛз мақсатын орындады:
қаралы хабарды
естіртті. Енді қайғы хабаршысы азалы адамды жұбатады, кӛңілін бекітеді. Бұл – манағы
дүниенің баянсыздығы жайындағы сӛздердің жалғасы іспеттес.
Жыламай тыңда, Абылай,
Жараға жақсы қасқарар,
Ойбайлап жаман бас салар.
Осы тамаша жыр батамен, тілекпен,
халыққа бақыт, береке, тыныштық тілеумен
аяқталады. Бұл жолдардың ӛзі аруақты батыр Бӛгембайды жоқтау зарына, адам кӛңілін
иітерлік әсерлі сӛздерге толы.
Кӛзіңнің жасын тия кӛр,
Жақсылық бата қыла кӛр,
Тағы да талай бақ берсін,
Бӛгембайдай жас берсін,
Ӛлшеусіз мал мен бас берсін!
Бӛгембай сынды батырдың
Береке берсін артына-ай,
Сабыр
берсін халқына-ай,
Жасаған ие жар болып
Бейіште нұры шалқығай!
Айтылмыш жырда Бӛгембай атынан кӛрі Абылай аты кӛп аталады. Жырау
Абылайды идеалдық герой деп есептейді, оны мадақтайды, ал Абылай заманы ғасырдың
алғашқы жартысындағы қалмақ шапқыншылықтары, үздіксіз соғыстардан соң туған
тыныш заман, қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған кез ретінде бейнеленеді.
Батыры ханға сай болды,
Елің жалпақ бай болды,
Қыс қыстауы
тау болды,
Жаз жайлауы кӛл болды,
Салқын сары бел болды,
Елге лайық ер болды,
Сарыарқа деп таңданып
Ӛзге жұрт аңсар жай болды.
Достарыңызбен бөлісу: