Иммуноглобулин Е - молекуласы 200 000 Дальтон, ұлпада, шырышты қабықшаларда, теріде жиналады да мес, базофил, эозинофилдер торшаларымен бірігіп аллергиялық қабыну береді. Бұл торшаларда дегрануляция жүрiп, антигендердi денеден шығарып жібереді. Иммуноглобулин Е-нің концентрациясы қан сарысуында 0,25 мг/л, ал атопиялық ауруларда 10-100 есе көбейеді. Жартылай ыдырауы 2-3 күн.
Иммуноглобулин Е-нің өнімінің тұқым қуалаушылыққа байланысы бар. Аллергиялық ауруларға бейімділігі бар кісілерде IgЕ-нің деңгейі жоғары. Нәрестелерде IgЕ орта жастағы кісілердің көрсеткіштерінің 10 пайызындай ғана. Иммуноглобулин Е комплементпен байланыспайды, жатыр арқылы өтпейді, ұлпа базофилдерімен және басқа «қабыну дамытатын» торшалардың Ғс-рецепторларымен өте тез және берік байланысады. IgЕ мен қосылған антиген базофилді торшаларының үстіне орналасып, олардың дегрануяциясын дамытып биологиялық белсенді заттар торша аралық кеңістікке төгіліп аллергиялық қабыну пайда болады. Иммуноглобулин Е шырышты қабықтағы антигендерді байланыстыруға қатысады.
Иммуноглобулин Е-ны көк бауырдың, бадамша бездің, тыныс алу және асқорыту жолдарының плазмалық торшалары өндіреді. Ұрық IgЕ –ні ерте шығарады. Иммуноглобулин Е гельминттерден қорғануға қатысады.
Шырышты қабықта IgА-ның қорғанысын бұзған патогендерді ұлпа базофилдерінің үстіндегі арнайы IgЕ байланыстырып, биологиялық белсенді заттар шығып қабыну дамуымен хемотаксиспен сол жерге басқа қорғаныс факторларын (торшалық, гуморалдық, IgG, комплемент, нейтрофилдер, эозинофилдер, т.б.) жинауы келесі қорғаныс этапы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |