Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы және полимерлер туралы ілімнің дамуы



бет4/16
Дата22.01.2022
өлшемі481,75 Kb.
#129611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
формаль

Жұмыстың мақсаты. Осы жұмыста мочевинаформальдегид шайырын алу синтездеу және тазалау жолдары мен талдау әдістері берілген. Олардың теориялық және практикалық құндылықтары толығымен қарастырылған.

Жұмыстың міндеттері:

  • Мочевинаформальдегид шайырын синтездеп алу;

  • Синтездеп алынған мочевинаформальдегид шайырын тазалау және басқа қоспалардан бөліп алу;

  • Мочевинаформальдегид шайырының технологиялық процестері мен қолдануын анықтау;

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жұмысты орындау барысында келесі ғылыми нәтижелер алынды:

  • Синтездеп алынған мочевинаформальдегид шайырын теориялық және практикалық құндылықтары қарастырылды.

  • Мочевинаформальдегид шайырын синтездеп алынды, олар басқа қоспалардан тазартылды.

  • Мочевинаформальдегид шайырының технологиялық процестері қарастырылды.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Жобаланған қасиеттері бар синтетикалық полимерлі материалдар алу үшін, ғылыми негізделген өңдеу тәсілдері қажет, яғни полимерлердің беріктігін арттыратын, морттығын төмендететін, созылғыштығын жоғарылататын молекуланың қолайлы құрылымын қалыптастыру тәсілдері қажет. Полимерлердің қызмет ету мерзімін арттыру үшін оларға жылу төзімділігін, динамикалық беріктігін және т.б. негізгі қасиеттерін арттыратын арнайы қоспалар қосады. Олардың бұйымдар жасау кезінде, табиғатын аса тиімді пайдаланатын бұйымдардың қолайлы конструкциясын таңдап алу мен жүзеге асырудың маңызы өте зор.

Қазіргі кезде полимерлердің маңызы зор, сондықтан оларды өндіру мен тиімді пайдалану – халық шаруашылығын дамытудағы негізгі бағыттардың бірі. Полимерлерді өнеркәсіптің немесе транспорттың, мәдениеттің немесе медицинаның, қорғаныс немесе ғарыш техникасының қандай саласында болса да көруге болады. Соңғы уақытта полимерлік материалдар өндірісі қарқынды өсуде. Бұл полиэтилен, полипропилен, пенопластар, поливинилхлорид, полистирол, полиэфирлер, полиамидтер, мочевинаформальдегид шайыры және т.б. Сонымен қатар оларды өндірудің және қолданудың экологиялық тиімділігі артуда.

Полимерді өндіру және тұтынумен бірге қызмет ету уақыты өтелген полимерлік бұйымдарды пайдалану және жою мәселесі пайда болуда. Халық шаруашылығында маңызы зор бұл мәселе қазірдің өзінде шешуін табуды талап етеді. Оның құрамына өнеркәсіптің полимерлік және басқа да салаларына екінші рет шикізат іздестірумен қатар, табиғатты полимерлер қалдығының жиналуынан қорғау да кіреді. Жоғары молекулалық заттардың халық шаруашылығында кеңінен қолданылуы олардың қалдықтарының көп мөлшерде болуын, есепсіз босқа тасталуын, сөйтіп қоршаған ортаны ластау қаупін туғызады.

Тұтынушылар полимерлердің қасиеттерін әрдайым біле бермейді, сондықтан олардың химиясы, физикасы және технологиясы саласында қызмет ететін мамандар, макромолекулаларды құрау мәселесімен қатар, қызметін өтеген заттардың қалдығын пайдаға асыруды шешуге міндетті. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет