Жоспар Бас қаңқасы 1 Бас сүйек бөлімдері 2



бет3/4
Дата19.04.2023
өлшемі35,93 Mb.
#174907
1   2   3   4
Байланысты:
Бас сүйек семинар анатомия
АУРУ ТАРИХЫ, Разрешение, 2 СОӨЖ Анатомия
МАҢДАЙ СҮЙЕК (ІШКІ БЕТІ)

Самай сүйегі


Самай сүйегі — жұп ми сауытының негізін жəне бүйір иіндерін құрайды. Қызметінің əртүрлі болуына қарай самай сүйегі ми сауытының сүйектерінің ішіндегі ең күрделісі. Самай сүйегінде есту жəне тепе теңдікті сақтау мүшелері орналасқан. Самай сүйегі төменгі жақпен байланысып, шайнау аппаратының тірегі болады. Оның латерал бетінде есту мүшесінің дыбыс тесігі болады.

Самай сүйектері дыбыс тесігінің айналасын қоршаған қабыршақты бөлім, дабыл бөлім, тасты бөлімдерден тұрады. Қабыршақты бөлімі аздап иілген жұқа сүйек,мисауытының бүйір жағын құрайды. Онда алға қарай көлденең бағытталған

шықшыт сүйегіне жалғасатын шықшыт өсіндісі болады. Осы өсіндінің асында буын шұңқыры жəне төмпегі бар. Осы жерге төменгі жақтың буын өсіндісі буындасады.

Дабыл бөлімі сыртқы есту түтігін алды

артанан қоршап ,оның алдыңғы жəне төменгі қабырғасын түзеді. Тасты бөлімінде

– ішкі құлақ қуысы орналасады. Оның артқы

бетінде ішкі тесігі, ал астыңғы бетінде бет жүйкесі мен ұйқы артериясы, мойындырық венасы өтетін тесіктер бар.


1-қабыршақ бөлігі;2-бет өсіндісі;3-доға сияқты дөңес;4- дабыл қақпағы;5-доға дөңесінің төмені;6-ішкі есту тесігі;7-сигма синус сайы;8-ішкі бізше ойдым;9-тасты бөлім;10- пирамиданың артқы шеті;11- бізше өсінді.
Дабыл қуысында 3 есту сүйекшелері: балға, төс, үзеңгі орналасқан. Дабылдық қуысының медиалды жағында шытырман, (ұлу), кіреберіс жəне үш жарты ай тəрізді түтіктерден түзілген .Шытырман бөлігінде есту, ал кіреберіс, жəне үш жарты ай тəрізді түтіктерде тепе теңдікті сақтау мүшесі орналасқан. Самай сүйегінде біз тəрізді өсінді, біз — емізін тесігі, емізік өсіндісі болады.

Сына сүйек


Сына сүйек (клиновидная кость) — тақ сүйек. Ол ми сауытының астыңғы жағында барлық сүйектермен бай- ланысып бас сүйегінің астыңғы жақ негізін құрайды. Сол себептен мұны негізгі сүйек деп те атайды. Бұл сүйек шүйде сүйегі мен маңдай сүйегінің арасында сыналана жатады. Сына сүйек көз шарасының қабырғасын және самай шұқырын құруға да қатысады. Бұл сүйектің бірнеше тесіктері аркылы ми нервтері өтеді. Сонымен бірге бұған шайнау еттері де бекиді. Сына сүйектің толык келген орта жерін денесі дейді, одан екі үлкен қанат, екі кіші қанат, екі қанат тәрізді өсінділер тарайды. Денесі арт жағынан шүйде сүйегімен байланысса, алдыңғы жағынан мұрын қуысымен жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет