Электрондық сабақ түрлері және оны өткізу технологиясы - Электрондық оқыту – бұл, ең алдымен, сабақ беру немесе үйрету үшін элекрондық бизнес сервистерін және технологияларды қолдану. Мұнда аудиториялық сабақтардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін ұжымдық жұмыс құралдарын және электрондық контентті қолдану қарастырылған.
- Электрондық сабаққа инфрақұрылым, электрондық оқулықты жеткізу платформасы, контентті жасау және басқару жатады.
- Электрондық сабақ оқудың жаңа ортасын береді. Сонымен қатар, біріккен орта жасайды – мұғалім мен оқушы үшін оқу ортасы. Оның элементтері мыналар болып табылады:
- Адамзаттық фактор – педагогикалық және дидктикалық әдістемелер, оқушының алатын орны, мұғалімнің квалификациясы, оқушының талабы, мәдени факторлар, қатынастың жаңа түрлері (мысалы, топтық қатынас, WEB-конференцияларда бірігіп жұмыс істеу және білім алмасу);
- Контент – мультимедиялық контент, курстар жасау құралдары, оқудың мақсатын басқару, курстарды сақтау, қолданушыға ыңғайлы контентті басқару – классификация мен іздеудің әртүрлі әдістері және т.б.
- Қауыпсіздік пен құпиялылық құрадары, білімді басқару жүйесі, оқуға жазылу, онлайн тесттер, есеп жасау, эффективтілікті өлшеу т.б.
- Бағдарламалық-аппараттық инфрақұрылым, яғни серверлер, маршрутизаторлар, желілер, мәліметтер базасы, жеткізу платформалары, моильдік технологиялар.
- Жаңа технологиялар оқу тұтынушылығын толық шеше алмайды, сондықтан, онымен байланысты әдістеме болуы керек.
- Электрондық оқу үшін желілік инфрақұрылым технологиялық база болып табылады. Желілік инфрақұрылым өзінің күштілігімен, сенімділігімен, қауіпсіздігімен, ыңғайлылығымен ерекшеленеді және ашық стендарттарға негізделеді. Сонымен қатар, ол әртүрлі құрылғылар үшін: ноутбуктен ұялы телефондарға дейін байланысты қамтамасыз етуі керек. Ол кейбір электрондық сабақтардың қанат жаюына базалық мүмкіндік және шектеу қоя алады.
- Мультимедиа курстарының ұсанылған компоненттері педагогикалық мәселелерді өздігінен шеш алмайды. Бұндай оқу функциясы мультимедиалық курстарда, мұғалімнің оқыту траекториясын жобалайтын педагогикалық сценарийдің көмегімен жанданады.
- Жалпы электрондық оқыту дистанциялық оқу жүйесінің (ДО) негізі болып табылады. Дистанциялық оқыту жүйесінің негізгі көрінісі мұғалім мен оқушы арасында қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен тікелей қатынас орнатуы. Бұл орталықтанған өзара қатынас, компьютерлік ортамен қарым-қатынасқа негізделген жаңа дидактикалық қарама-қайшылықтар тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |