К. Д. Бузаубакова


- қарым-қатынас технологиясын меңгеруі



Pdf көрінісі
бет5/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

 
- қарым-қатынас технологиясын меңгеруі.
 
б) Технологиялық: 
- «инновация», «технология», «басқару технологиясы» ұғымдарының 
мәнін ұғыну, жаңа білімді меңгеру; 
- инновациялық технологияны топтай алуы; 
- инновациялық технологияны жетілдіру жолдарын ашуға ұмтылуы; 
- басқарушылық технологиялар
 
бойынша шығармашылық ізденісі. 
в) Бақылаушылық: 
-
оқу-тәрбие процесіне педагогикалық технологияны ендірудегі 
менеджмент саласындағы білімді меңгеруі; 
-
оқу-тәрбие 
процесіне 
инновациялық 
технологияны 
ендіруде
педагогикалық мониторингті жүзеге асыруы; 
-
болашақ педагогтің өзін-өзі бақылауы; 
-
болашақ педагогтің өзін-өзі бағалауы. 
г) Қалыптастырушылық: 
-
оқу-тәрбие процесіне басқарушылық технологияны ендіру жолдарын 
жобалай алуы;
-
оқу-тәрбие процесіне басқарушылық технологияны ендіруді жүзеге 
асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі. 
ғ) Жүйелеушілік: 
-
басқарушылық технологиялар жүйесі саласындағы білімдерді меңгеруі; 
-
инновациялық технологиялар бойынша шығармашылық ізденісі; 
-
инновациялық технологияларды жүйелей алуы; 
-
инновациялық технологиялардың құрылымын, оның құраушы 
элементтерінің өзара байланысын ажырата алуы. 
з) Зерттеушілік: 
-
гносеология, әдіснама, инновациялық педагогика және психология
әдістеме саласындағы білімді меңгеруі;
-
ақпаратты басқару дағдылары мен біліктерінің болуы;
-
оқу-тәрбие процесіне педагогикалық технологияны ендіру бойынша 
педагогикалық диагностика, талдау негізінде мониторинг жүргізе алуы;
-
педагогикалық рефлексияға қабілетті болуы; 
-
оқу-тәрбие процесіне педагогикалық технологияны ендіру бойынша 
ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізе алуы және оның нәтижесін зерделей 
алуы. 
Курстың 
пререквизиттері:
 
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе»; 
«Педагогика»; «Қазақстан тарихы»; «Мәңгілік Ел»; «Оқушылар дамуының 
физиологиясы»; «Өзін-өзі тану»; «Психология» пәндері . 



Курстың постреквизиттері: «Тәрбие жұмысының теориясы мен 
әдістемесі»; «Инклюзивті білім беру»; таңдау пәндері бойынша әртүрлі
элективті педагогикалық курстар; оқу, өндірістік және педагогикалық практика. 
«Білім берудегі менеджмент» курсы жалпы кәсіби білім беретін пәндерді 
аяқтайтын цикл. Курсты оқып болған соң студенттер басқарудың қазіргі 
арнайы білімдерімен, педагогикалық ойлаумен қаруланады. 
«Білім берудегі менеджмент»
 
оқулығында теориялық материалмен бірге, 
тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған тапсырмалар
глоссарий берілген. Әрбір тақырып бойынша болашақ педагогтардың кәсіби 
құзіреттілігін қалыптастыратындай қосымша тапсырмалар жинақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет