К., Касенова Н. Б. Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар


Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет15/65
Дата20.09.2022
өлшемі2,71 Mb.
#150016
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
Байланысты:
Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар методичка

Өзін-өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1.Термохимия нені зерттейді?
2.Экзотермиялық және эндотермиялық деп қандай реакцияларды айтады?
3.Гесс заңын және оның салдарын айтып беріңіз.
4.Ішкі энергия деген не?
5.Энтальпия деген не және оның физикалық мәні қандай?
6.Термодинамиканың бірінші заңын айтып беріңіз.
7. а) Неліктен химиялық және фазалық айналулар энергияның жұтылуымен немесе бөлінуімен жүреді?
б) Неліктен бір жағдайда энергия бөлінеді, ал басқаларында жұтылады?
в) Жүйедегі қандай өзгерістер тұрақты қысым және тұрақты көлемде жүретін реакцияның жылу эффектісін (фазалық айналулар) анықтайды?
8. Тікелей қарапайым заттардан қалайы пентахлоридін SbCl5 алу және екі дегейлі – қарапайым заттардан қалайының үшхлоридін SbCl3 алу және кейні оны хлормен тотықтыру реакциясының жылу эффектісінде қолданылатын Гесс заңының тұжырымдамасын келтір.
9. Н2О2 (с) = Н2О (с) + ½ О2 (г) егер ыдырау жылуы 98,03 кДж/моль болса, Н2О2 (с) түзілу жылуын (энтальпиясы) есепте.
10. Сутегінің және метанның (890 кДж/моль) жану жылуы мәндерін пайдаланып, құрамында 40% Н2 және 60% СН4 (көлемдік үлестері) болатын газ қоспасының нақты жану жылуын (кДж/м3) есепте.
11. Егер жану жылуы 283,0 кДж/моль тең болса, көміртегі (II) оксидінің ∆H°f,298 есепте.
12. H (г), C (г), Si (г) және CH4 (г), SiH4 (г) түзілу жылуы белгілі болса, CH4 және SiH4 молекулаларындағы орташа энергия байланысын есепте. CH және SiH энергия байланысының айырмашылығын түсіндір.
13. H2O (г), H (г), О (г) түзілу жылуы белгілі болса, су молекуласындағы H—O орташа энергия байланысын есепте.
14. Қалыпты жағдайда 1 моль Н2О есептегенде өте сұйылтылған ерітінділер үшін KOH (еріт) және HCl (еріт), CsOH (еріт) және H2SO4 (еріт), NaOH (еріт) және HNO3 арасындағы бейтараптау реакциялары үшін жылу эффектісін есепте.
а) Неліктен бұл реакциялардың жылу эффектісі бірдей?
б) Неліктен әртүрлі әлсіз негіздер және әлсіз қышқылдардың бейтараптау реакциясының жылу эффектісінде айырмашылықтар бар?
15. Na2SO4 еруі жылу бөлінуімен жүреді:
Na2SO4 (к) + aq → Na2SO4 ∙ aq (еріт), ∆H°298 = - 2.9 кДж

Na2SO4 ∙ 10H2O кристаллогидратының еруі кезінде жылудың сіңірілуімен жүреді:


Na2SO4 ∙ 10H2O (к) + aq → Na2SO4 ∙ aq (еріт), ∆H°298 = 78.4 кДж


а) Na2SO4 гидратациясының жылуын есептеңдер.
б) Заттар еріген кезде біреуінің жылуды бөліп, басқасының жылуды сіңіруін немен түсіндіруге болады?
16. 10 г CaCl2 200 мл суда еріген кезде ерітінді температурасы 7,7 К – ге жоғарылады. Егер CaCl2 ∙ 6H2O еру жылуы 19,08 кДж/моль тең болса , CaCl2 гидратациясының жылуын есептеңдер. Ерітінді жылусыйымдылығын судың жылусыйымдылығымен бірдей деп алуға болады [4,184 Дж/(г∙К)].
17. Мына мәліметтер бойынша
NaCl (к) = NaCl (г), ∆H° = 228.9 кДж
NaCl (г) = NaCl (еріт), ∆H° = - 225.1 кДж
Келесі процестің жылу эффектісін есептеңдер
NaCl (к) = NaCl (еріт)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет