Кафедра: Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Пәннің аты


Қошке Кемеңгерұлы публицистикасы



бет70/81
Дата06.06.2020
өлшемі0,63 Mb.
#72516
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81
Байланысты:
қазақ журналистикасының тарихы

Қошке Кемеңгерұлы публицистикасы

Қошке Кемеңгероа – ірі көсемші.Оның қай очерк,мақаласын алсаңыз да үлкен толғаныстан туған ірі мәселелердің басын ашуға болады. Қазақ елінің әлеуметтік – саяси жағдайын баян етуде Қошке публицистикасы өте маңызды рөл атқарады. Халықтың әлеуметтік тұрмысымен саяси ахуалын қаламына арқау ету арқылы елдің өсіп - өнуінің алғы шарттарына тоқталады.

Қошкенің негізгі көтерген тақырыптары мыналар :

1) ауыл қазақтарының тұрмысы;

2) болыстар, олардың қандай болу керектігі;

3) тілшілердің міндеттері;

4) тіл, мектеп мәселесі;

5) әйел теңдігі.

Көсемсөзшінің ауыл тұрмысынан жазғаны «Жол әсері» очеркі. Онда автор Берлин университетінен келген профессор, дәрігер Макс Кучинскиймен бірге Семей уезін аралаған сапарынан көрген, түйгендерін жазады. Бұл жайында ғалым Ысқақ Дүйсембаевтың «Мұхтар Әуезов» кітабында мынандай жолдар бар : «Шамасы 20 жылдардың басында болуы керек, неміс ғалымы (медик) Макс Кучинский бастаған шағын топ жазды күні Мұқаңдардың ауылына келеді. Неміс оқымыстысының бір орыс (неміс тілін білетін), бір қазақ (орыс тілін білетін) екі тілмашы бар екен. Сол жылдары дәрігерлік жоғары мектепте оқып жүрген Қошке Кемеңгеров қазақ ауылына келген соң еркін серуендеп біраз серпілмек болады да, Мұқаңның өз орнына тілмаштық етуін өтініп, ол кісі ойламаған жерден Кучинскийдің қарамағында қызмет етеді. Ал Макс Кучинский ең алдымен даланың білімді адамымен сөйлескісі келген тілегін білдіргенде, оны Мұқаң Шәкәріммен таныстырады. Неміс ғалымына ол зор қызмет көрсетеді».






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет