Как оформить реферат в 2016 году: образец оформления по госту


Отындардың жылутехникалық сипаттамалары



бет5/7
Дата02.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#189063
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат отын
датчик температуры
Отындардың жылутехникалық сипаттамалары.

Отынның негізгі элементтерінің, жылутехникалық сипаттамаларын қарастырайық.
Көміртегі - отынның жанушы бөлігінің бас құраушысы болады. Көміртегінің жануының меншікті жылулығы - 33,65 МДж/кг. Отынның жанғыш массасы бойьнша көміртегінің құрамының құралуы: отын және шымтезекте 50..58%; қоңыр және тас көмірде 60...75%; нашар көмір және антрациттер 88...93%; тақта таста 60...75%; мазутта 86...88%.
Сондықтан, қатты отынның геологиялық жасына байланысты, көміртектенуі көбейген сайын, оның құрамындағы көміртегі ұлғаяды. Отындағы көміртегінің құрамы көп болуынан, оның тұтануы қиындау және жануы қысқа болады.
Сутегі - отынның жануға қажетті құраушысы. Оның жанудағы меншікті жылулығы (-142 МДж/кг немесе 10,8 МДж/м3) көміртегінің жануынан, меншікті жылулығы 4,2 есе көп. Қатты отындардың жасына байланысты сутегінің құрамы азаяды. Отындағы сутегі мөлшерінің, едәуір бар болуынан, смолалы қоспалардың жану кезінде, бөліну спектар болып, созылған түтінді жалын береді де, жанғыш массадағы сутегінің мөлшерін құрайды: мазутта -10,0...10,5%, отында жэне шымтезекте - 6...6,2%; қоңыр және тас көмірде- 4...6%; антрацитте - 2,0...2,4%.
Күкірттің қатты отын құрамындағысы - органикалық SОР, колчеданды S K және сульфатты SK болып бөлінеді, яғни SОр+SK+SK+SC. Органикалық күкірт және колчеданды жанғыш немесе ұшпалы күкіртті құрайды, яғни Sор + SК = SЛ.
Күкіртті сульфат жануға қатыспайды да, күл құрамына кіреді. Күкірттің жануынан меншікті жылулығы SO2=9,05 МДж/кг. Күлдегі күкірттің жалпы құрамы көп емес (2...3%), бірақ, қоңыр көмірде 7...8% дейін жетеді, ал тақта таста - 15% дейін. Сұйық отында (мазутта), ол еркін жағдайда кездеседі және органикалық қоспалар түрінде кездеседі; оның қүрамы 3% дейін жетеді. Табиғи газдарда, күкірт практика түрінде кездеспейді. Отындағы күкірт, зиянды қоспаға жатады, себебі оның жануындағы продуктылар SO2 жэне SО3 қазандық агрегаттар мен басқа аппаратуралардың, металды беттерінде тотықтануын туғызады; одан басқа, түтінді газдармен атмосфераға түсуінен қоршаған ауаны былғайды.
Оттегі - отынның жанбайтын массасына жатады. Ол, отынның химиялық қоспаларының, кейбір жанғыш компоненттерінде (мысалы, сутегімен) болады, сондықтан, отынның жанғыш массасын азайтады, яғни, отын жарым-жартылай құнсызданады.
Азот жануға қатыспайды да, ол және отынның инертті бөлігі болады. Азот, оттегімен бірге отынның ішкі балластын қүрайды.
Оттың күлдері - қатты жанбайтын қалдығы, толық жанғаннан кейінгі алынатын отынның минералды қалдығы. Ол ылғал сияқты, отынның сыртқы балластына жатады. Күлдер, отынның минералды қалдықтарының тотықтануы және ажыратылу нәтижесінде пайда болады. Көп жағдайларда, қазбалы қатты отындардың күлінде, негізгі төрт компоненттен тұрады: SiO2 , А12Оз, FеО, СаО және азғантай мөлшерде МgО, К2О- сілтілер мен хлоридтер болады.
Күлдер құрамында немесе жанбайтын қатты қалдықтарда, қоңыр және тас көмірдің жанғаннан кейінгі (отынның жұмысшы массасынан пайызбен алғанда) - 5...25%, шым тезекте 5...7%, отында 0,6%, мазутта 0,3%, тақта таста 40...60% дейін құрайды.
Қатты отындарды жағу кезінде, күлдердің қасиеті маңызды мәнінде болады, оның абразивтілігі және балқығыштығының температуралық көрсеткіші белгілі болады. Күлдің бастапқы деформациялық температурасы T1 бастапқы жұмсаруы T2, бастапқы сұйық балқу жағдайы T3 және күлдердің бастапқы сұйық ағу жағдайы T0 белгіленеді.
Күлдің, бастапқы сұйық балқу жағдайындағы температурасы: Tз<1350°С - жеңіл балқығышты, T3=1350...1450°С - орташа балқығыштығы жэне T3 >1450°С - зорға балқығышты.
Көп мөлшерлі күлдің болуынан, қазандық агрегаттарды пайдалану қиындайды. Егер, күл жеңіл балқығыш болса, онда, қазандықтың қыздыру бетінің суықтау жерлері, жабысқақ болады және оның жұмысының нормалы режимін бұзады.
Ылғал балласты қоспа болады, себебі бастапқы отынның жылулық құндылығын кемітеді. Одан басқа, отынның жану кезіндегі бөлінетін жылулық бөлігі, ылғалды буландыруға жұмсалады.
Қатты отындардың маңызды жылутехникалық сипаттамасы болып, ұшпалы заттар және кокс жатады. Ұшпалы заттар деп - сол газ түріндегі және бу туріндегі өнімдер, олардың шығуы - қыздыру кезіндегі, ауалы - құрғақ отынның 1г массасыныц 850°С температурасы кезіндегі, ауа кірмейтіндей 7 минут ішінде бөлініп шығуын айтады.
Ұшпалы заттарды алып кеткеннен кейінгі, пайда болуын, кокс деп атайды. Ұшпалы заттардың құрамына кіретіндері - жанғыш газдар СО, Н2, СmНn және жанбайтын СО2, N2, O2, Н2О және басқалар.
Шымтезектен ұшпалы заттардың шыға бастауы - 100°С температура шамасында; қоңыр және майлы көмірде - 150... 170 С, тақта таста - 230°С; жұқа көмір үшін және антрацитте - шамамен -400 және 1100...1200°С кезінде бітеді.
Ұшпалы заттардың мөлшері (шығуы) және олардың құрамы пайда болуымен және жану процессінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Олардың, көп шығуы кезінде отын тез тұтанады және жану кезінде, ұзын жарқыраған жарық тілді жалынды береді. Ұшпалы заттардың мөлшерінің азаюынан, тұлынуы, ең жоғарғы температура кезінде өтеді, ал жалын өзінің түрін жоғалтады да, жалыны айқындала түседі. Коксты қалдық құрамына-көміртек және отын күлі кіреді. Коксты қалдықтар түріне байланысты, отынның бірігу және бірікпеу қасиеттері болып ажыратылады.
Бірікпеуші қасиеті - ұнтақты түріндегі коксты береді, бірігетін қасиеті - мықты қалдықты түріндегі коксты береді. Кокс, металлургия үшін, құнды технологиялық отын болып есептеледі. Бірігуші кокстағы отындар, жеңіл балқығыш элементтерді көрсетеді де, қыздыру кезінде, сұйық жағдайға өтеді. Отынның бірігушілігі көмірді кокстау мүмкіндігін және оны желтартқышты торда жағу тәсілдерімен анықтайды.
Газ түріндегі отындардың элементарлы құрамы, қатты және сұйық отындар құрамынан, едәуір айырмашылығы бар.
Газ түріндегі отындардың есептелінуінде, механикалық қоспадағы жанғыш құрамында СО, О2, N2 және Н2О болады. Сулы будың қоспаларын, парциалды қысым кезінде, оның температураларымен анықтайды. Газ түріндегі отын құрамы - пайызбен, көлемі бойынша беріледі және барлық есептеулерінде 1м3 жүргізеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет