Казақ петроглифтері (КӨне тамыры мен сабақтастығЫ) зайнолла самашев жұмаш жетібаев алматы 2005



Pdf көрінісі
бет25/42
Дата14.09.2022
өлшемі14,2 Mb.
#149464
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Байланысты:
0bf015051342258c33ab09c17b70a178
sillabus madeniettanu (3), Н С аулар растырушы а а о ытушы М атаева С. А
Қой (кршкар) — курбандык, малы. 
Күдайға, жанның өлмейтіндігіне, о дүниенің растығына 
сенген жұрт жаратқанға жалбарынып, тәжім етіп, ата-бабалары жер-ленген зираттарға, қысқы-жазғы 
бекеттерге тоқтап, өлген аруақтардың рухы қүрметіне қүрбандықтар шалған. Сондай қүрбандыққа көп 
шалынатын малдардың бірі — қой түлігі. Оған археологиялық қазбалардан табылған қой түлігінің 
сүйектері (қараңыз: Железчиков, 1984, 5 6.; Мошкова, 1989, 174б.)мен көптеген жазба деректер дәлел 
бола алады. Құрбандық рәсімінде малды жасына, түсіне, жынысына, түріне қарай іріктеген. Мәселен, 
исламға дейінгі дінді қүпия үстаған Афшин Хайдар (IX ғ. бірінші жартысы) жетісіне бір қара қойды 
қүрбандыққа шалып отырса (Негматов, 1987, 145 б.), көшпелілер соның ішінде, әсіресе, қазақтар 
көбінесе үш-төрт жастағы маңдайында белгісі бар боз қасқа ақ қойды немесе ақ-сары бас қойды 
шалған. Бүлар ең жеңіл, атап айтсақ: қайтыс болған адамның аруағына, үйлену тойында, сүндетке 
отырғызу кезінде және т.б. жағдайларда шалынатын құрбандықтың бәріне тиесілі. Қазақ қоғамында 
сондай-ақ егіз туып бірге өскен сүр қошқарларды қүрбандыққа шалу ғүрпы болған. Қүрбандықтың бүл 
түрі негізінен елім деп еңіреп, еңку-еңку жер 
шалып, дұшпанымен алысып 
жеңіспен орал-ған ақ сүңгілі, қайқы 
қылышты ерлерге ар-налады. 
Қ о ш к а р — билік символы. 
Қошқар образы көптеген халықтарда 
билікпен теңестіріледі. Оған мысал 
ретінде кейбір жазба деректер мен 
эпостық жырлардағы Орта Азия 
билеушілерінің 
тақтарын 
алуға 
болды. Өйткені, бүл тақ-тардың 
кейбір 
бөліктері 
мүйізі 
артқа 
қайырылған 
қошқар 
об-разында 
берілген (Бичурин, 1950, 274—275, 
285, 287 б.б.; Беленицкий, 1962, 17 
б.).Қой түлігінің билік символымен 


96 
107-сурет 
108-сурет 
теңестірілуін "жаңа" заманға дейінгі қазақ қоғамынан да байқаута болады. Оған ел аузындағы "Архар 
ұранды — төре" сөз орамын мысалға алуға болады. Өйткені, архар биік тауда өмір сүрсе, ал төрелер — 
ел басқарған. "Ақ қошқар қой бастаған ай мүйізді" деген мәтел де осы ұғымға жақын. 
Қошқар — "қүт". 
"Қой семірсе — құт" деп халықымыз айтиақшы қой төлі қазақтардың және 
Орталық Азияны мекен етіп келе жатқан басқа да халықтардың түсінігінде бақыт пен байлықтың, 
молшылық пен жақсылықтың символы — "құт". Оған мысал ретінде қазақтың мына бір ырымын алуға 
болады. Бұл ырым бойынша қазақтар айрықша белгісі бар тұқымы тұяқ көбейткен жануарларды, 
соның ішінде, әсіресе, қошқарды құт-береке әкеледі деген ырыммен жақсы коретін туыстарына 
берген. Бұл ырымның бір ғажабы, бұрынғы иесінің құты кетпесін деи "бақыт әкелетін" малдың 
сілекейі оның отарындағы малдың барлы-ғының басына жағылған және сол маддан жұлынып алынған 
бір уыс жүн өз сілекейіне шыланып, сенімді жерге тығылған (Валиханов, 1961, 113 6.; Аргынбаев, 
1975, 198 б.). Сондай-ақ бүл ырым бойынша бүндай малдарды үрып-соғып, жазалауға рұқсат 
етілмеген. Олардың ұғымынша — қасиетті жануарларды жазалағандар құт-береке, бақыт пен 
байлықтан айырылады. Егерде осындай құт-береке әкелетін малдарды соғымға (ерекше жағдайларда 
ғана) соятын болса, онда олардың бас сүйектерін әспеттеп биік тауларға немесе табан тимейтін қадірлі 
орындарға қоятын болған (Аргынбаев, 1975, 196—197 бб.). 
Қой төлі образының "қүт" символы ретінде көрінуін көне парсылардың мына бір аңызынан да 
(б.з. VI ғ. жататын) байқауға болады. Бүл аңызда сол кездегі Иранды билеп түрған парфян 
династиясының өкілі Артаванның қошқар басты алтын тәжін үрлаған сасанид династиясының өкілі 
Арташирдің 


109-сурет 
кейіннен бүкіл Иранға патша болғандығы ж;ше Артаванның барша байлыгы Арташирге откендігі 
айтылады (Луконин, 1969, 7 б.). Бүл жерде "кұт" симво-лының рөлін "қошқар басты алтын тәж" 
атқарып түр. Қазақтар мұны басына "бақ" қонды дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет