Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі к. Ә. ДӘуітбаева



бет49/155
Дата24.04.2022
өлшемі2,44 Mb.
#140657
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   155
Байланысты:
zoo

Құрылысы және физиологиясы. Көпшілігінің денесі сопақша немесе қап, алмұрт тәрізді, ал "шолпан белдігі" - Cestus veneris - лента тәрізді. Денесінің ауызы орналасқан жағын - оральды полюс, оған қарама-қарсысын - аборальды деп атайды. Осы екі полюстері арқылы өтетін басты осьтен өзара перпендикулярлы екі симметриялы жазықтық жүргізуге болады, осыған орай ескектілердің денесі де екі сәулелі симметриялы болып келеді. Сонымен қатар біраз мүшелері басты осьтің айналасында, саны сегізге дейін радиальды бағытта орналасып (ескекті тақталары, радиальді тұтікшелері, жыныс бездері), сегіз сәулелі симметрияны құрайды.
Оральды полюсінде орналасқан ауыз тесігі бір бағытта қабыстырылған эктодермальды жұтқыншаққа, ол жоғары жағында кеңейіп энтодермальды қарынға ұласады. Қабыстырылған қарын жұтқыншақтың жазықтығына перпендикулярлы орналасқан.
Қарыннан гастроваскулярлы жүйесінің бес каналы басталады. Біреуі тік төбеге қарай созылып, аборальды полюстің астында төрт қысқа түтікшелерге бөлінеді: екеуі тұйық, екеуі жіңішке тесікпен аяқталады. Басқа екі түтігі жұтқыншақ бойымен оральды полюске қарай созылып тұйықталады.
Қарынның түбінен дененің басты осіне перпендикулярлы бағытта екі бүйірлі түтіктер басталып, олардың әрқайсысы тағы да екі рет дихотомиялы тарамдалып көлденеңінен орналасқан сегіз түтікті түзейді. Олар тұйық бітетін дененің аборальды полюсінен оральды полюсіне қарай созылған сегіз меридиональды түтікшелермен жалғасады (47-сурет).
Меридиональды түтікшелерге сай келетіндей дененің сыртқы жағында сегіз қатар қыры немесе белдеуі бар. Әрбір қырда көлденеңінен қатарласып келген төрт бұрышты шағын тақталар орналасқан. Бұлардың әрқайсысы жұқа, мөлдір, ұшы айдарша тарамдалған, бір-бірімен бірігіп кеткен ірі кірпікшелерден тұрады. Тақталар көптеген ескекшелер тәрізді суды бір бағытта айдап, жануарды ауыз полюсімен алға қарай жылжытады. Осыларға қосымша - ескек тақталар қатарынан кірпікшелі жіпшелер дамып, олар екі-екіден бірігіп, төртеу болып аборальды полюсіне қарай бағытталып жатады. Осылайша ескектілер өмір бойы өзгерген кірпікшелерімен қозғалады. Ішекқуыстыларда бұл әдіс тек личинкаларға тән.
Ескектілердің көпшілігінде қорегін ұстайтын екі ұзын қармалауыштары денесінің бүйір жағында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан. Олар ерекше қармалауыш ойығына жиырыла алады. Қорек затты ұстауға қармалауыш эпителиясының жабысқақ немесе коллобласт клеткалары қатысады. Олардың сыртқы беті жарты шар пішінді және жабысқақ тамшылармен қапталған. Жарты шардың түбінен қармалауыштың ішіне қарай, спираль тәрізді оралған жіпше өтеді, ол екінші ұшымен қармалауыштың ұзына бойы орналасқан бұлшықетіне жабысады (48-сурет). Ұсталынған ұсақ организмдер клеткаларға жабысады да құтылуға тырысқан шақта жабысқақ клетканы қармалауыштың жоғарғы жағына тартады, сол сәтте спираль тәрізді жіпшесі клетканы орнына қайтарады. Ұсталынған қоректі кең ауызы арқылы жұтады.
Ескектілердің нерв жүйесі жақсы дамыған. Диффузиялық нерв жүйесімен қатар ескек тақталарының бойында және кірпікшелі жіпшелерінің астында нерв клеткалары шоғырланып, тығыз тәждерді, сонымен қатар ауызының айнала жиегінде нерв сақинасын түзейді. Аборальды полюсінің ортасында арнаулы тепе-теңдікті сезгіш "аборальді мүшесі" орналас­қан. Оның негізі - статолит, ол бір-бірімен жабысқан фосфор қышқылды кальций дәндерінен құралған. Статолитті, рецепторлы клеткаларынан таралған, иілген ұзын төрт кірпікше түктері ұстап тұрады. Олар кірпікшелі жіпшелер арқылы ескек тақталар қатарымен өзара байланысқан. Статолит жастықша тәрізді эктодерма клеткаларынан тұратын қалың жиынтықтың үстінде орналасқан, оны сыртынан ұзын кірпікше түктерден құрылған түссіз қалпақша жауып тұрады (48, Б-сурет). Статолитті ұстап тұратын кірпікше түктерінің иіліп жазылуынан ол үнемі тербеліс, қозғалыс күйінде болады. Бұл тербелу кірпікшелі жіпшелер арқылы ескек тақталарына ұласып, олардың да қозғалысын реттейді. Аборальды мүшесінен айырылған ескектілердің есу қызметі де бұзылады. Осыған байланысты тепе-теңдікті сақтау және жылжуын реттеу жұмысын "аборальды мүше" атқарады.
Көбеюі және дамуы. Ескектілер тек қана жынысты жолмен көбейетін қос жынысты жануарлар. Жыныс бездері энтодерма клеткаларынан дамып гастроваскулярлы жүйесінің әрбір меридиональды түтікшелерінің бүйірінде орналасқан. Бір жақ бүйірінде аналық бездері, екіншісінде - аталық.
Жетілген жыныс клеткалары меридиональды түтікшелерінің эпителий қабатын жарып, одан ауыз тесігі арқылы су ортасына шығып ұрықтанады. Даму циклы қарапайым, личинкасыз, ұрпақ ауысу болмайды. Зиготаның бөлшектенуі толық, біркелкі емес, оның анимальды полюсіндегі клеткалары жиі бөлініп, ұсақ бластомераларды немесе микромераларды, ал вегетативті полюсіндегі клеткалары баяу бөлініп ірі макромераларды түзейді (49-сурет). Осылай қалыптасқан бластуланың микромерасынан эктодерма, макромерасынан энтодерма ұрық жапырақшалары жетіледі.
Микромералар макромералардың сыртын айнала қаптап, (эпиболия әдісі бойынша) қос қабатты гаструлаға айналады. Гаструла сатысының соңында бластопора (гастропора) жағында орналасқан эктодерма клеткалары жедел бөлініп, гастроцель қуысына қарай бойлай созылады да эктодермальды жұтқыншақты құрайды, ал энтодерма клеткаларының біразы эктодерма мен энтодерма аралығына кетіп, ерекше крест тәрізді клеткалар тобын құрайды. Олар үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма қабатының бастамасы. Осылардан мезоглея клеткалары және қармалауыштарының бұлшықеттері қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет