Ligulidae туқымдасына жататын лигула немесе белдік курт (LJgula intestinalis) кұстардың және балыктардың паразиті болып келеді. Денесі сыртынан бунақталмаған, бірак ішкі мүшелері, жыныс жүйесі метамерлы қайталанып орналасқан, ұзындығы 1 м-ге дейін жетеді. Басында екі саңылауы - ботриясы болады.
Лигуланың даму циклі дифиллоботриумнің дамуына ұқсас. Лигуланың ересек түрі су құстарының (шағала, қасқалдақ, құтан) ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалар иесінің ішегінен нәжіспен араласып суға түседі. Жүмыртқадан денесі кірпікшелермен қапталған алты ілмекті ұрық корацидий шығып, әрі қарай дамуы үшін аралық иесінің - циклоптың немесе диаптомус шаянның денесіне түсуі керек. Циклопқа жұтылып ішегіне түскен корацидий, кірпікшелерін тастап, ішектің қабырғасын тесіп, дене қуысына түседі де, процеркоид личинкасына айналады. Балықтар (тұқы тәрізділер) процеркоиды бар циклоптарды жұтқан кезде олардың ішегінде процеркоидтар босап, ішегін тесіп балықтың ішкі қуысына түсіп плероцеркоид личинкасына айналады. Плероцеркоидтың ұзындығы 60-80 см-ге дейін жетеді. Балықтар лигулез ауруымен ауырады. Қүстар плероцеркоиды бар балықтарды жұтқанда өзіне жұқтырады. Олардың ішегінде плероцеркоид ересек құртқа айналып, зақымдай бастайды.
Кариофилидеа отряды - Caryophyllidea
Бұл отрядтың негізгі өкілі Caryophyllaeus laticeps - қалампыршы. Денесі буындалмаған, бір ғана жыныс жүйесі болады, сколексі дамымаған. Ли-чинкасы - процеркоид. Ересек формасы тұқы балықтардың ішегінде, ал процеркоид личинкасы азқылтанды буылтық құрттың қуысыңца тіршілік етеді.
Тетрафилидеа отряды - Tetraphyllidea
Сколексі күшті дамыған, төрт күрделі келген ботридиялары қысқа сабақшаларда орналасқан. Денесінің ұзындығы 10-30 см. Ересек түрлері жайын балықтарының, қосмекенділердің, бауырымен жорғалаушылардың ішегінде тіршілік етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |