2.2.Кесте. Ферменттердің негізгі кластары
Класс
|
Катализдейтін реакция түрлері
|
Оксидоредуктазалар
|
Тотығу- тотықсыздану деакциялары
|
11. Трансферазалар
|
Жеке топтарды донор молекулаларынан акцепторлық молекулаларға тасымалдау
|
111. Гидролазалар
|
Гидролитикалық байланыстарды үзу (судың қатысуымен)
|
1V. Лиазалар
|
Гидролизден және тотығудан ерекше байланыстарды үзу тәілдері
|
V. Изомеразалар
|
Әртүрлі изомерлердің өзара бір-біріне айналуы
|
V1. Лигазалар (синтетазалар)
|
Конденсациялану арқылы екі заттан күрделі заттың түзілуі (АТРэнергиясы пайдаланы-лады).
|
I. Оксидоредуктазалар әртүрлі тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейді. Класс келесі топтарға бөлінеді:
а) дегидрогеназалар - дегидрлеу ракцияларын катализдейді (дегидрленетін субстраттан басқа акцепторға электрондарды тасымалдау арқылы сутекті бөліп алу). Электрондардың акцепторы ретінде NAD+, NADP+, FAD, FMN коферменттері пайдаланылады. Осы топқа малатдегидрогеназа, изоцитрат-дегидрогеназа, сукцинатдегидрогеназа, α-кетобутиратдегидрогеназа және т.б. ферменттер жатады;
Малаттың дегидрлену реакциясы:
б) оксидазалар– молекулалық оттектің қатысуымен тотығу реакцияларын катализдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |