Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет14/76
Дата04.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#189389
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

III. Гидролазалар --гидролиз реакцияларын катализдейді (су молекуласының ковалентті байланыстың үзілген жеріне қосылуы). Субстратқа байланысты топтарға бөлінеді. Аталуы субстрат молекуласына немесе нақты гидролизге ұшырайтын химиялық байланысқа тәуелді: протеазалар, амилазалар, гликозидазалар, нуклеазалар, эстеразалар, фосфатазалар деп аталады.
Пептидтік байланыстарға әсер ететін (пептидазалар) гидролазалар белоктағы (нәруыздардағы) пептидтік байланыстарды гидролиздейтін реакцияларға қатысады. Бұл топқа пепсин, трипсин, химотрипсин, катепсин және басқа да протеолитикалық ферменттер жатады.пептидтік байланыстардың гидролизі мына сызбамен жүреді:



IV. Лиазалар - лиазаларға гидролитикалық емес жолмен белгілі бір топтарды, СО2, Н2О, -NH2 , SH2 және тағы басқаларды субстраттан бөліп алатын немесе қос байланысқа қосатын (мысалы, су молекуласын) ферменттер жатады.
Декарбоксилдену реакциясы (CO2 молекуласының бөлінуі)
Коферменті пиридоксальфосфат - ПФ














Аминомай қышқылы

Глутамин қышқылы

Фумаратқа су молекуласының қосылу реакциясы



V. Изомеразалар әртүрлі молекулаішілік өзгерістерді катализдейді


Фосфоглюкоизомераза ферментімен катализденетін реакция:





VI. Лигазалар (синтетазалар) ковалентті байланысты түзе отырып, екі молекуланың бір-біріне қосылып молекуланы күрделендіре жүретін реакцияларын катализдейді. АТФ энергиясы немесе басқа да макроэргиялық қосылыстардың энергиясы пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет