Казақстан республикасының денсаулық сақтау


Ферменттің активті орталығы



бет5/76
Дата04.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#189389
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

2.4. Ферменттің активті орталығы : ӘСЕР ЕТУ АРНАЙЫЛЫҒЫ


2.4.1.Ферменттің активті орталығы (АО) - ол фермент молекуласындағы амин қышқылдары қалдықтары жиынтығының ерекше үшіншілік және төртіншілік құрылымдар арқылы кеңістікте орналасуы (2.1 сур.Н.Грин, Биология,197б.). Көбінесе активті орталықта келесі амин қышқылдары кездеседі: серин, тирозин, аргинин, гистидин, лизин, цистеин,глутамин және аспарагин қышқылдары. АОда субстратты және катализдік аймақтар болады. Субстратты аймақ- бұл ферменттің « қолдары». Ол ферменттің субстраттық арнайылығын қамтамасыз етеді, яғни амин қышқылдары қалдықтарының субстратпен комплементарлы байланысуын қамтамасыз етеді (байланысу бөлігі). Субстрат ферменттің әсеріне ұшырайтын зат. АОның екінші аймағы- каталитикалық аймақ. Ол ферменттің әсер ету ерекшелігіне себепші, яғни катализдейтін реакцияның түрін жеделдететуге жауапты аймақ.





Сурет 2.1. Ферменттің активті орталығының құрылысы
Қызыл түспен ферменттің активті орталығын құрайтын аминқышқылдары белгіленген: 1 – байланысу аймағы; 2 – каталитикалық аймақ


2.4.2. Арнайылық- ферменттің биологиялық маңыздылығын көрсететін ең қажетті қасиеттерінің біреуі.
2.4.3. Субстратты арнайылық- ферменттің белгілі бір немесе бірнеше субстратпен әрекеттесу мүмкіндігі.


Субстраттық арнайылықтың түрлері:
-абсолютті сустраттық арнайылық, егер ферменттің активті орталығы бір субстратқа ғана комплементарлы болса . Мысалы, аргиназа аргининге, сахараза сахарозаға, уреаза мочевинаға ғана әсер етеді.
Уреаза, мочевинаны көміртек диоксиді мен аммиакқа дейін гидролиздейді.





-салыстырмалы арнайылық (топтық субстратты арнайылық)- егер фермент байланыс түрі бірдей бір топ субстраттарға әсер етсе. Мысалы, альфа- амилаза гликозидтік байланысы бірдей крахмал мен гликогенге әсер етеді, протеаза (пепсин,трипсин,химотрипсин) көптеген пептидтік байланысы бар белоктарға әсер етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет