- стереохимиялық арнайылық - фермент субстраттың тек бір ғана стереоизомеріне абсолюттік арнайылық көрсетеді, мысалы, фумаратгидротаза (фумараза) фумаратқа ғана әсер етеді, ал малеин қышқылына (цис-изомер) әсер етпейді.
Субстраттық арнайылық АОдағы субстраттық аймақтармен, ал екі компонентты ферменттерде апоферменттерімен қамтамасыз етілген.
2.4. 4. Каталитикалық арнайылық (әсер ету арнайылығы) - ферменттің белгілі бір реакция түрін катализдеуі. Ферменттер бір ғана субстратқа әсер етуі мүмкін, бірақ әрқайсысы онымен тек белгілі бір реакцияны тездетеді. Бұл ферменттердің активті орталықтарының каталитикалық аймақтарының құрылысымен сәйкестігіне байланысты. Мысалы, адамның бауыр жасушаларындағы глюкоза-6- фосфат молекуласы әртүрлі төрт ферменттің субстраты болып келеді: фосфоглюкомутазаның, глюкозо-6-фосфатфосфатазаның, фосфоглюкозомеразаның және глюкозо-6- фосфатдегидрогеназаның. Бірақ аталған ферменттердің каталитикалық аймақтарының құрылыс ерекшеліктеріне қарай глюкозо-6-фосфаттан әртүрлі төрт өнім түзіледі (2.2 сур.bioximija.ru.2012).
2.2. сурет Глюкозо-6-фосфаттың өзгеруінің каталитикалық жолдары
2.4.5. Мультиферменттік комплекс мысалында әсер ету арнайылықты тағы да көруге болады.
1. Мультиферменттік комплекс - бұл әртүрлі ферменттердің комплексі - бір субстратқа әсер етіп, оны жүйелі түрде және бір уақытта бірнеше реакциялар түрінде өзгерістерге ұшырататын ферменттер жүйесі. Мысалы, пируватдегидрогеназды мультиферменттік комплекс- митохондрияда пирожүзім қышқылының тотығудан декарбоксилденуін, келесі теңдеумен өрнектенетін көпсатылы күрделі процесті катализдейді:
немесе
Пируват + НS-КоА + НАД+ → Ацетил- КоА+ СО2 + НАД•Н + Н+
Пируватдегидрогеназды жүйе молекулалық массасы 1·106 - 9·106құрылымдық бірлік, үш ферменттен тұрады: пируватдекарбоксилазадан (КФ 1.2.4.1); липоатацетилтрансферазадан (КФ 2.3.1.12); липоилдегидрогеназадан (КФ 1.6.4.3); және бес кофакторлардан: тиаминдифосфаттан (ТДФ), флавинадениндинуклеотидтен (ФАД), кофермент А-дан (НS-КоА), никотинамидадениндинуклеотидтен (НАД+) және липой қышқылынан (СН2 –СН2 -СН - (СН2 )4 - СООН)
| |
S - S
Реакция пирожүзім қышқылының (ПЖҚ) тотығудан декарбоксилденуі деп аталады.Пируватдегидрогеназды жүйенің әр ферменті көпсатылы процестің әртүрлі сатысын катализдейді:
1) пируватдекарбоксилаза (ПЖҚ-ның декарбоксилденуін арттырады, простетикалық топ - ТДФ);
2) липоатацетилтрансфераза (сірке қышқылының қалдығын НS-КоА кофермент молекуласына тасымалдайды, простетикалық топ- липой қышқылының амиді); 3) липоилпируватдегидрогеназа (ПЖҚ-ның дегидрленуін арттырады немесе оның тотығуын. Осы сатының коферменті - ФАД , төмен тотығу-тотықсызда-ну потенциалымен, протондар мен электрондарды дигидролипоаттан НАД+ қа тасымалдайды –( аталған комплекстегі соңғы кофермент).
Осы реакцияның өнімі активті сірке қышқылы (АСҚ) - Ацетил- КоА .
Осындай жолмен мультиферменттік комплекс α-кетоглутараттың тотығудан декарбоксилденуін де іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |