Кіріспе. Биохимия пәні. Биологиялық химия тірі ағзадағы заттардың химиялық табиғатын зерттейтін ғылым



бет1/20
Дата27.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#199696
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Биохимия конспекты лекции


Дәрістің тақырыбы: Кіріспе. Биохимия пәні.
1. Биологиялық химия тірі ағзадағы заттардың химиялық табиғатын зерттейтін ғылым.
Биологиялық химия - тiрiағзаның құрамына кiретiн химиялық табиғи заттардың құрылысын, өзгерiсiн және тiрi материяда болатын химиялық реакцияларды зерттейтiн ғылым.
Тiрi ағза жасушаларында барлық биохимиялық құбылыстар физикалық және химиялық заңдылықтарға сәйкес жүредi. Сондықтан да биохимия физикалық және химиялық заңдылықтарға сүйене отырып, тiрi ағза жасушасының сапалық өзгерiстерiн, құрылыстарын, сыртқы ортамен байланысын, яғни зат және қуат алмасу ерекшелiгiн зерттейдi. Сонымен қатар биохимия тiрi ағзадағы химиялық құбылыстарды басқару, игеру жолдарын табуға көмектеседi.
Биохимия үш бөлiмнен тұрады:
1. Статистикалық биохимия - ағзаның химиялық құрамымен шұғылданады.
2. Динамикалық биохимия - ағзадағы заттар мен энергия алмасудың өз ара байланысын зерттейдi
3. Функционалдық биохимия - ағзаның құрамындағы мүшелердің қызметiн қамтамасыз ететiн химиялық өзгерiстердi зерттейдi. Осы бөлiмге спорттық биохимия да жатады.
2. Биохимияның зерттейтін нысандары және зерттеу әдістері.
Зерттеу нысандарына байланысты биохимия адам биохимиясы, жануарлардың биохимиясы, өсімдіктер биохимиясы және микробтардың (микроағзалардың) биохимиясы болып жіктеледі. Себебі барлық тіршліктің биохимиясының бірдей болуына қарамастан, тірі жануарлардың және өсімдіктердің ағзаларында зат алмасулар ерекшеленеді. Зат алмасу немесе метаболизм - ағзада жүретін барлық химиялық реакциялардың жиынтығы. Бұл реакциялар тірі жүйелердің сақталып және өздігінен байта өсуі үшін бағытталған. Бұл үрдіс миллиондаған жылдар бойында қалыптасқан. Өсімдіктердің өздерінің денелеріндегі күрделі заттарын (көмірсулар, майлар, ақ уыздар) су, көмірқышқыл газы, минералдық заттар сияқты қарапайым заттардан түзетіндігі белгілі. Ал осы синтез үшін қажет энергия жарықты сіңіру есесінен жүреді (фотосинтез үрдісі). Ал, тірі ағзалар болса, керісінше, олар су мен минералдық заттардан басқа, күрделі заттарды да – ақуыздар, майлар, көмірсулардан құралған коректі қажет етеді. Тірі жануарлардың ағзаларында тіршілік үшін және олардың денесіндегі заттардың синтезі үшін белгілі мөлшерде энергия қажет. Бұл энергия күрделі органикалық заттардың ыдырауы немесе тотығуы кезінде бөлінген химиялық энергияның (химиосинтез) есесінен қамтамасыз етіледі. Мысалы:
С6Н12О6 2С3Н6О3 + 210 кДж/моль
Глюкоза сүт қышқылы
Осы энергияның шамамен 126 кДж жылу түрінде таралады, ал 84 кДж АТФ молекуласында фосфаттық байланыстарда энергия түрінде жиналады.
Органикалық заттарды қорек ретінде пайдаланбайтын өсімдіктер аутотрофты ағзалар болып табылады. Ал, жануарлар гетеротрофтық ағзалар болып табылады. Микробтардың арасында аутотрофтық та, гетеротрофтық та зат алмасу түрлері кездеседі. Сонымен бірге микробтар олардағы заттардың және реакциялардың кең шеңберімен сипатталады. Бұл реакциялар және заттар жануарларда және өсімдіктерде кездеспейді.
Зерттеу әдістері:
-экстракциялау; диализ; кристалдау;
-гомогенизациялау; Фракциялау; хроматографиялау;
-электрофорез; фильтрациялау; гель-электрофорез.
-изотоптық; аналитикалық-дезинтеграциялық;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет