Кіріспе. Биохимия пәні. Биологиялық химия тірі ағзадағы заттардың химиялық табиғатын зерттейтін ғылым



бет17/20
Дата27.12.2023
өлшемі1,46 Mb.
#199696
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Биохимия конспекты лекции

1. Ассимиляция және диссимиляция..
Зат алмасу - организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың клеткалар мен органдарға тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, клетка құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Клеткадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін – метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттер деп аталады. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясын – анаболизм, ал бұған қарама-қарсы өтіп жататын процесті катаболизм дейді. Жасыл өсімдіктерде фотосинтез нәтижесінде түрлі көмірсулар түзіледі. Жануарлар, әдетте осы көмірсулармен қоректенеді. Қарапайым қанттар қанмен жануарлар денесіне таралып, күрделі полисахарид – гликогенге айналады. Метаболизм нәтижесінде көмірсулар (пируват) органикалық қышқылға, одан әрі майға, көмірсудан пайда болған органикалық қышқылдар аммиак азотымен реакцияласу нәтижесінде амин қышқылына, май, белоктар метаболизм нәтижесінде ыдырап, соңында несеп зәрі, аммиак, көмірқышқыл газы, т.б. қарапайым заттарға айналады.
Адам мен жануарлар организміндегі метаболизм процесін реттеуде жүйке жүйесінің атқаратын (әсіресе, үлкен ми сыңарлары қыртысының) маңызы зор. Организмнің дамуы, өсуі, т.б. Метаболизм заңдылықтарына бағынады. Адамда метаболизм процесінің ауытқуы байқалса, адам ауруға шалдығады.Мысалы, диабет, семіздік, бүйрекке тас байлану, атеросклероз, т.б.


2. Организмдегі химиялық энергияның өзгеруі.

Тірі организмдер термодинамика тұрғысынан қарастырғанда ашық жүйе болып табылады. Бұл жүйеде сырттан келген энергия өзгерістерге ұшырайды. Сырттан келген кез-келген органикалық заттар нақты бір потенциалдық энергияның қорына ие. Бұл энергияны бос энергия деп атайды.


Зат калориметрде жанғанда энергия жылу түріне бөлініп шығады. Бұл жылу осы заттағы жалпы (толық) энергияны көрсетеді.
Термодинамикада тұрақты қысымда және тұрақты температурадағы жылу эффектісі мен бос энергияның арасындағы байланыстың сипаты төмендегі теңдеумен сипатталады:

Мұндағы - жүйедегі бос (жалпы) энергияның өзгеруі; - бос энергияның өзгеруі; - абсолюттік температура; - жүйенің энтропиясы. Бұдан шығатын қорытынды: бос энергияның өзгеруі (мысалы, А  В типтес реакцияның барысын алғанда) тең.
Егер шамасы теріс мәнге ие болса, онда В затының бос энергиясы А затының бос энергиясына қарағанда төмен екендігін көрсетеді. Бұл жағдайда бос энергияны бөле отырып реакция өздігінен (экзергоникалық) жүре алады. Керісінше, егер шамасы оң мәнге ие болса, онда В затының бос энергиясы А затының бос энергиясына қарағанда жоғары екендігін көрсетеді. Бұл жағдайда реакция бос энергияны сіңіре отырып (эндергоникалық) жүреді.
АТФ. Көмірсулар, майлар және ақуыздар, сонымен қатар олардың ыдырау барысында түзілген өнімдер тікелей отын ретінде клеткалық үрдістер үшін отын бола алмайды. Бұл қызметті АТФ – аденозинтрифосфат атқарады.
Макроэргиялық байланыстар. Энергияға бай байланыстар АТФ-та, УТФ-та, ЦТФ-та, ГТФ-та, ТТФ-та, креатинфосфатта, фосфоенолпируватта, 1,3-дифосфоглицератта және басқа да қосылыстарда болады. АТФ-тың молекуласынан бір фосфор қышқылының бөлінуі нәтижесінде 30,2 кДж/моль энергия бөлінеді.
АТФ + Н2О  АДФ + Фн
Бұл реакция рН 7,0 және темепратура 37 С-ге тең, магнийдің иондарының артық мөлшері және бастапқы заттың концентрациясы 1,0 М болған жағдайда есептеледі.
Макроэргиялық байланыстарға 21 кДж/мольден жоғары энергия бөлетін байланыстар жатқызылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет