Өт тас ауруы Өт тасы ауруы (өтке тас байлану) – өт қабына несеп жолдарында тас байлану



Дата03.02.2022
өлшемі458,7 Kb.
#130620
Байланысты:
3fc7cff3-f45b-499c-9efb-e12a7056a501


Тақырыбы:



Өт тас ауруы

Өт тасы ауруы (өтке тас байлану) – өт қабына несеп жолдарында тас байлану.

Этиологиясы және патогенезі:

Тас пайда блудың негізгі себептері:


  • Зат алмасудың бұзылуы;
  • Инфекция;
  • Холестаз.

  • Зат алмасудың бұзылуы тұқым қуалау ерекшеліктерімен немесе бауыр функцияларының бұзылуымен байланысты. Бауыр функциясы бұзылуының нәтижесінде не бауырда өт қышқылдарының түзілу азаяды, не холестерин мен билирубиннің өндірілуі көбейеді.

    Өт тастарының құрамына кіретін элементтер (билирубин, холестерин, кальций) қалыпты жағдайда өтте тұрақсыз коллоидты ертініңді күйінде болады. Оларды өт ішінде ертініді күйінде ұстап тұратын зат – негізінен өт қышқылдары. Мысалы, қалыпты өтте өт қышқылы тұздар мен холестерин арасындағы ара қатынас 15:1 ге ал өт тасы ауруында бұл қатынас 6:1 ге дейін азаяды. Сондықтан холестерин кристалды күйге айналып, тұнбаға түстеді.

    Өттің физика-химялық құрамының өзгеруі тас өт қабында болуға жағдай жасайды.


Инфекцияның тас пайда болуындағы ролі – ішінде белок көп қабыну эксудатының өттің коллоидты және химиялық құрамын өзгеретінінде. Бұл билирубин, холестерин және кальцийдің тұнбаға түсіп, аралас құрамды тас қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Инфекциялық процесстің салдарынан болатын тастың құрамы аралас болады.

Өт іркілудің негізгі себептері:


  • Өт жолдарының дискинезиясы;
  • Өт жолдарындағы анатомиялық өзгерістер (тыртықтар, бүгілістер, жабысқақтар);
  • Өт ағудың бұзылуы (екі қабаттылық, тамақты сирек қабылдау, дене қызметінмен айналыспау).

  • Өт іркілгенде оның құрамындағы билирубин азаяды. Өт іркілуі қабынуға бейімділік тудырады.

Патанатомиясы.

Өт тастары үшке бөлінеді:


  • Таза холестериннен тұратын тастар;
  • Пигментті тастар (билирубин мен әктен тұрады);
  • Әк тастары (көмір қышқылды кальцийден тұрады).

  • Аралас тастар да жиі кездеседі.

Клиникасы

Өт тасы ауруына ең тән шағым: оң жақ қабырға астының ұстамалы ауыруы. Ұстамалы ауырумен катар жүрек айниды, ауру кұсады, қысқа мерзімге кызу көтеріледі, тері мен кілегей қабықтар сарғаяды.

Ауыру майлы тамақ ішкеннен кейін, жағымсыз эмоциядан кейін, ыңғайсыз қимылдан кейін пайда болады, он жақ қол мен жауырынға тарайды (диафрагма нерві жұлынның Д6—L3 сегменттері арқылы өтеді). Ауырғандық өте күшті болғандықтан, оны наркотик колданып тоқтатуға тура келеді. Өт тасы ауруында болатын ұстамалы ауыру бауыр не өт коликасы деп аталады. Бауыр коликасы өт қабы мен өт жолдарының түйіліп жиырылғанынан болады. Өт қабы мен жолдарының түйіліп жиырылуы— өт кабының керілуінің (өт қабы өзегінің таспен бітелгенінде), не өт қабының мойны мен өзегінің тітіркенуінің салдары. Өт коликасымен қатар жүрек айну және құсу жиі кездеседі. Өт тасы ауруында болатын кұсудың ерекшелігі — одан кейін жеңілдік болмайды және кұсықта өт болады. Жүрек айну мен кұсу рефлекторлы түрде туады.

Қарағанда:

Семіздік байқалады. Жоғарғы қабақта, құлақ үстінде ксантоматозды түймелер болады. Склера мен жұмасақ таңдай сарғаяды. Іш кебеді.



Пальпация: іштің алдыңғы қабырғасының оң жақ қабырға астында қатаюы және ауыруы табылады. Кейде ауырғандық нүктелері мен терінің гиперстанзия зоналарын айруға болады:
  • Өт қабының тұстында;
  • Эпигастрий маңында;
  • Ұйкы безі — өт қабы нүктесінде.
  • Иықта;
  • Жауырын бұрышында;
  • VIII-ХІ кеуде омыртқаларының тұсындағы омыртқасы сызық бойында;
  • Диафрагма нервісінің нүктесінде. Диафрагма нүктесінде ауырғандық болу френикус-симптом не Мюсси —Геориевский симптомы деп аталады.

Қосымша тексерулер

1. Ультрадыбысты тексеру тасты тез табуға көмектеседі.

2. Холецестография және холеграфия. Өт қабындағы және өт жолындағы тастардың көлеңкесін көруге мүмкіндік береді.

3. Өтті тексеру. Өтте холестериннің т. б. кристалдарын аныктауға көмектеседі.

4. Лабораториялык тәсілдер механикалык сарғаюдың белгілерін аныктауға мүмкіндік береді.

Өт тасы ауруының асқынулары


Емдеу принциптері:

Консервативтік емдеу тас пайда болуына бейімділікті азайтуға және өт жүруін жақсартуға бағытталады. Сонымен қатар, ауырғандықты және өт жолдарының түйілуін тоқтататын емдер



(атропин, папаверин, баралгин 5.0 мл т. б. дәрілер, жылу колдану) қолданылады.

Консерватнвтік ем тиімді болмаған жағдайда, ауруының аскынуларында хирургиялык ем қолданады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет