Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет46/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

«Қыр құлақ болды»(цинга) деп көптен қызыл көрмеген, жас ет жемеген, сорпа ішпеген, ағарған татпаған кісі ауырғанда айтылады. Құрқұлақ – организмде С витамині жетіспегендіктен болатын ауру.

«Күл шыққан адамдай» немесе «күл ауруына шалдыққан кісідей» деп жалғыз қалуға, дүйім жұрттан бөлектенуге байланысты айтылады. Күл - өте қауіпті, жұқпалы ауру.

«Қағынды» деген ауру атауымен кездесетін фразеологизмдер «қағынды алмайды» - ештеңесі кетпейді, ешқандай пәле жоқ, «қағындысы бар ма?» - не жыны бар? деген мағынаны білдіреді. Қағынды - өкпені қабындыратын ауру.

«Соқыр» сөзімен байланысты мынадай тұрақты тіркестер тілімізде кездеседі: «соқыр тиынға татымайды» - түкке тұрмайды, татымсыз, «соқыр тұман» - ештеңе көрінбейтін қою тұман, «соқырға таяқ ұстатқандай» - айқын, анық, «соқыр тиын бермеді» - түк бермеді, сараң, «көзі көр (соқыр) болды» - мүлде көрмейтін болды.

«Сау басына сақина тіледі» фразеологизмі өзіне-өзі істеді, ауру, азапты сұрап алды; өзін-өзі дауға іліктірді, әлек тілеп алды деген мағынаны білдіреді. Сақина ауруы (мигрень) – баста болатын ауру. «Басымның сақинасы бар, басымның сақинасы ұстап отыр» деген тұрақты тіркестер де жиі қолданылады. Мұнда басымның ұстамалы ауруы бар деген мағынада жұмсалады.

Таз (парша) – грибок микроорганизмі қоздыратын жұқпалы тері ауруы. Құйқаға көкшіл құрғақ қабыршық түседі де, біраздан соң ол тұтасып кетеді де, жағымсыз иіс шығып, шаш түсе бастайды. «Таз кебін киді» деген тіркес бар, мағынасы – баяғы күйіне түсті, бұрынғы қайталанды.

«Қатпа» ауруына байланысты «қатпа қара» тіркесі бар, мағынасы – жіңішке, арық қара кісі. – Анау қатпа қараны көріп тұрмысың? Жылқайдар деген сол болады (Ғ.М).

«Қояншығы ұстады»(эпилепсия) – қырсығып қалды, жынданды.

Көнек – ісіп кететін ауру. Бұл атаумен байланысты «көнек жара» тіркесі қолданылады: 1. Бітеу жара 2. Асқынып тұйыққа тірелген мәселе.

«Қара шешектей жайылды» (оспа) фразеологизмі барынша бойды билеп алған деген мағынада жұмсалады.

Сүзектен тұрғандай. Құр сүлдесі қалып, қатты жүдеген адам туралы айтылады.

Сондай-ақ ауру сөзіне байланысты бірнеше тұрақты тіркестерді кездестіруімізге болады:



Ауру биледі. Ауру жеңді. Ауру көрді. Дерт санады, жаратпады. Ауру ошағы. Ауру-індеттің басталған жері, таралған аймағы. Ауру көрді – дерт санады, жаратпады. Ауруына ем қонбады – сырқатына дауа болды. Ауруға шалдықты – науқастанды.

Дерт сөзіне байланысты тұрақты сөз тіркестері:

Отыз екі дерт. Халық арасында «ел бойында отыз екі дерт бар» деп санайтын себебі: дерттерге тек шынайы дерттің өзі ғана емес, сонымен қатар өсек-аяң, күндестік, көреалмаушылық, көңілдің тарлығы, тоғышарлық тәрізді дертке балауға болатындай зиянды да зақымды көптеген жаман әдеттер бар.

Дертін қашырды – сауықтырды, сырқаттан жазды.

Дертті болды – ауруға шалдықты

Дерт қозғады – ауруы күшейді.

Дертке дауа [ем, дәрмен]. Жанға, ауру-сырқауға шипа болды. Дертке дауа іздеген, Тірліктен күдер үзбеген (Д.Бабатайұлы).

Дертке дерт қосты. Ауруға ауру үстеді; қайғыға қайғы жамады. Надан бақсы-балгерлер емдеймін деп қазақ халқының дертіне дерт қосқаннан басқа еш нәрсе істей алмады (А.Бисенова).

Қан сөзіне байланысты тұрақты сөз тіркестері:

Қан жаудырды (азап шектірді)

Қаны қайнады (қатты ыза болды)

Қанын ішіне тартты (ауланып кектенді )

Қанды көйлек дос (айрылмайтын жолдас)

Қанды көйлек қарақшы (жау, дұшпан)

Қанды қалпақ киді ( көрместей араздасты )

Қанды қанмен жуды ( кек алды )

Қанды мойын ( қылмысты, күнәкәр)

Қан жылату (қатты жәбірленіп ренжу)

Қан жоқ, сөл жоқ (боп-боз, өңі жоқ, түсі жоқ)

Қан жұтты (қатты қайғырды)

Қан құсты (ауыр дертке шалдықты)

Қан түкірді (қан құсу, жаны қиылу мағынасында айтылып тұр)

Медицина лексикасынан құрылған фразеологизмдер халықтың өмір шындығынан алынған салт-дәстүр, тұрмыс жағдайын көрсететін ерекше мәнділігімен бейнеленген ұлт тілінің көрінісі.

Жара:

Жара салды (қайғы, уайымға қалдырды)

Жарадан ірің ағызды (пасықтық істеді )

Жараның аузын ашты ( жәйсіз істі еске алды )

Жара басты ( қайғы жеңіп, шер тартты)

Жараға сепкен ащы тұз (азап үстіне азап)

Жарасы жеңіл (оңай шешіледі, түк емес)

Жарасына май жақсаң да жазылмас ( түзелмейді )



Көз:

Көз майын тауысты – көп оқыды, сарыла ізденді. Көп оқу шынымен-ақ көздің майын тауысады. Өйткені, о баста көз алысты көруге арналған. Ал көз майы әр түрлі ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты өзгеріп отыратын резервтік майларға жататындықтан, көп оқығаннан азаяды.

Көзі қанталады – ашу қысты, ыза кернеді. Бұл жердегі қанталады сөзі – көзде қан тамырлардың бар екендігін көрсетеді. Өйткені қан тамырлары жоқ дене қанталай алмайды.

Көзі қарауытты – еснен танды, әлсіреді. Бұл тіркестен адам ағзасындағы түрлі жайсыздықтар көздің көруіне әсер ете алады деген қорытынды шығады.

Көзі талды – қараудан шаршады, жалықты. Көзі шүңірейді – арықтап жүдеді. Көзі шықты – соқыр болды. Көзі ұясынан [шарасынан] шықты – таң қалды, үрейі ұшты. Бұл айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: бір жаққа, бір нәрсеге көп қарағаннан көз талады. Адам арықтап жүдегенде көзі шүңірейіп кетеді. Көзі шықса, соқыр болады, таң қалғанда, қорыққанда көзі шарасынан шыға жаздайды.

Көзінің еті өскен – менменсіген, асып-тасқан. Көзінің еті өссе, адам көрмей қалады. Өзге де «көрмей қалу» мағынасын білдіретін көзі шықты, көзінен нұр тайды тіркестерінің ішінде менменсу мағынасы неге дәл осы тіркеске берілген деген сұрақ туады. Біздіңше, көздің еті өсу – жаман ауру болғандықтан, бұл сөздердің тіркесі өздігінен-ақ жағымсыз мағына береді. Осы тіркеске өсу сөзінің бұл контекстен тыс жеке семалары қосылады да, жағымсыз мағынадағы өсу, қалыпты деңгейден орынсыз асу мағынасын білдіреді.

Көзі қарылды – көрмей қалды.

Көзге шыққан сүйелдей ( кері әрекетімен жағымсыз мінезді адам ). Жолда кеңесейік оны, - деді Самарқан, - мінейік машинаға, көзге шыққан сүйелдей болмай (С.М). Осындағы сүйел сөзінің шығу төркінін кейбіреулер қазақ тіліндегі сүйел (денедегі теріде болатын) сөзімен байланыстыруы мүмкін. Біздіңше, көзге шыққан сүйелдей дегендегі сүйел парсы тіліндегі сәбел сөзі болу керек. Парсыша сәбел – көздің ішкі жағынан шыққан кірпік [62;319].Сэбал – орынсыз, ретсіз шыққан кірпік. Сондықтан ретсіз, оғаш бірдемені көргенде көзге шыққан сүйелдей дейміз.

Көз тиді – таңырқай сұқтанудан ауруға шалдықты, сәтсіздікке ұшырады. Желінсаудың себептері анықталмағандықтан, халық арасында мұны көз, тіл тигендіктен деп есептеген (Х.Арғынбаев. Этнографиялық очерк). Көз тию әдетте тіл сөзімен бірге қолданылады. Тіл-көз болу – тіл-көз тию. Тіл-аузым [көзім] тасқа – тілім тиіп қалмасын, көзім тиіп қалмасын.

Қазақ халқы бұларды біліп, танығандығын осы атаулардың тілде болғандығы дәлелдейді. [63;64]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет