Көмірмен жұмыс істейстін бу генераторының оттықтарын іске қосу


Бу және су желілерін қосу, қызмет ету және тоқтату ретін зерттеу



бет25/31
Дата13.09.2020
өлшемі58,29 Kb.
#78404
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
Эксплуатация и ремонт

Бу және су желілерін қосу, қызмет ету және тоқтату ретін зерттеу.

Жылулық желілердің эксплуатациялаудың негізгі міндеті тұтынушыларды бу және ыстық су түріндегі жылулық энергиямен үздіксіз қамтамасыз ету, жылу тасымалдағыштың берілген параметрлерін ұстап түру, жылулық жоғалулармен, ыстық сумен будың ағуын төмендету болып табылады.Жылулық желілерді эксплуатациялау оларға жүйелі түрде қызмет ету және жөндеу жұмыстарын орындаудан тұрады. Жылулық желілерге қызмет ету желінің, камераның өткізу каналдарын және жылулық кірістерді тексеруден және бақылаудан тұрады. Бақылау бас энергетикпен бекітілген арнайы график бойынша кемінде аптасына бір рет жүргізіледі. Бақылау кезінде қондырғының, арматураның, компенсатордың, тіректердің, құрылыс конструкциялардың күйі. Желілердің, кірістердің, жергілікті жүйелердің тығыздықтары тексеріледі.

Жылулық желілердегі жылу тасымалдағыштың орташа жылдық ағуы жұмыс істейтін желідегі су көлемін0,25%-дан аспауы керек.

Жылулық желілерді қосу желіні тексеруден және дренажды жапқыштарды тармақтарда жабудан, арматураларды тексеруден басталады. Желіге қосылған жылуөткізгіштерді толтыру ашық ауа өткізгіштер кезінде кері сызықтар арқылы жүргізіледі. Су температурасы толтыру кезінде 70 градустан аспауы керек.Бұл кездегі температураның жоғарылауы сағатына 30 градустан жоғары емес жылдамдықта болуы керек. Желіні толтырғаннан кейін ауа өткізгіштері жабады және бастапқы және кері сызықтар арасында қосылыс арқылы циркуляцияны тудырады. Желіні қосқаннан кейін 2 күн бойы ауа өткізгіштерді ауаны шығару үшін ашып отырады.

Булы желілерді қосу бу өткізгіштерді қыздырудан және үрлеуден, конденсат өткізгіштерді тотырудан және шаюдан тұрады. Бу өткізгіштерді қыздыру және қосу наряд бойынша жүргізіледі. Бу өткізгіштерді қосудың алдында бу өткізгіштің күйін тексеру , дренаждарын ашу, арматураларын тексеру, қондырғыларының күйін тексеру қажет.

Бу өткізгіштерді қосу кезінде эксплуатация және қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Жұмыскерлердің күюі болмас үшін дренаждар адамға қарама қарсы жақта орналасқан бу мен конденсатты шығаруға арналған бұрылулар болу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет