Коммерциялық емес акционерлік қоғам электртехникалық материалтану


Дәріс №1. Негізгі түсініктер. Электротехникалық заттарды



Pdf көрінісі
бет2/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#89194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ess 48
Презентация Microsoft PowerPoint, Қатты дене физикасы 7 апта, 2065
1 Дәріс №1. Негізгі түсініктер. Электротехникалық заттарды 
топтастыру
Дәрістің мазмұны: электротехникалық материалдарды топтастыру.
Дәрістің 
мақсаты: 
электротехникалық 
материалдардың 
қазіргі 
классификациясын оқып білу.
1.1 Электр материалдардың негізгі түсінігі. Топтасуы
Электротехникалық материал деп электр магниттік өрісте белгілі 
сипаттары мен мінездемелерін және техникада сол сипаттарға сай 
қолданылатын материалдарды айтамыз. Электр өрісіндегі мінездемелері 
бойынша материалдар мынандай түрлерге бөлінеді: диэлектриктер немесе 
электр оқшаулайтын материалдар; жартылай өткізгіштер, өткізгіштер. Ал 
магниттік өрістегі мінездемелері бойынша материалдар диамагнетиктерге, 
прамагнетиктерге және ферромагнетиктерге бөлінеді.
Электр өрісінде материалдарды мінездейтін физикалық тұрақты шама – 
ол меншікті электр кедергісі 
, ал магниттік өрісте – магниттік өтімділік
( ).
Диэлектриктер деп, меншікті кедергісі ( ) өте жоғары болатын заттарды 
айтамыз. Олар электр оқшаулағыш ретінде қолданылады. Олардың мақсаты – 
электр тізбектегі бір - бірінен ажырату және өткізу. Бірақта, ток жүрмейтін 
заттарды ток жүретіндерден оқшаулау. Конденцаторларда диэлектриктер 
электр сыйымдылығын тудыру үшін қолданылады. Активті диэлектриктер 
жай диэлектриктен өзгеше, олардың сипаттамаларын реттеуге болады. Бұл 
заттармен электр сигналын өндіру, ұлғайту, модуляциялауға, өзгертуге 
болады. Активті диэлектриктерге жататындар, лазерлер мен мазерлардың



материалдары, сегнетоэлектриктер, пьезоэлектриктер, электроптикалық және 
қисық-сызықты оптикалық материалдар, электреттер т.б.
Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі ( ) кернеумен, температурамен, 
жарықтықпен, т.б. факторлармен реттеледі және өзгертіледі. Ол материал-
дардан диодтар, транзисторлар, фоторезисторлар және де басқа жартылай 
өзгерткіш аспаптар жасалынады.
Өткізгіштер электр тогын өткізу үшін қолданылады. Олардың меншікті 
кедергісі ( ) төмен. Өткізгіштерге меншікті кедергісі төмен (кирогенді) 
температурада өте аз болып төмендейтін асқын өткізгіштер мен крио 
өткізгіштер және кедергісі жоғары резисторлар мен қыздыратын элементтер 
жатады.
Магниттік материалдарға магниттелу қабілеті бар заттар жатады. Кейбір 
заттар магниттік өрістің жұмысы аяқталғаннан кейін магниттелгенін 
сақтайды. Олар да магниттік заттарға жатады. Бұл заттардан индуктивті 
ораманы және трасформаторлардың өзектерін, электр машиналардың 
магниттік жүйелерін, информацияны есте сақтайтын құрылғыларды, 
тұрақтымагниттерді және т.б. бұйымдарды жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет