Коммерциялық емес акционерлік қоғам электртехникалық материалтану


Заттардың құрлысының негізі. Химиялық байланыстардың



Pdf көрінісі
бет3/50
Дата07.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#89194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ess 48
Презентация Microsoft PowerPoint, Қатты дене физикасы 7 апта, 2065
1.2 Заттардың құрлысының негізі. Химиялық байланыстардың 
типтері және олардың материал мінездемелеріне әсері
Әртүрлі химиялық байланысты заттардың электрлік және басқа 
сипаттарының бір-бірінен айырмасы зор. Заттардың бөлшектерінің мынандай-
химиялық байланыстары бар: иондық, атомдық (немесе коваленттік), 
металлдық және молекулярлық.
Иондық байланыстар қарама - қарсы зарядталған иондардың Кулон 
тартымдары арқылы байланғандар. Бұл байланыстар құрамында қарама – 
қарсы белгілі иондары бар аноганикалық диэлектриктерде өтеді. Мысалы: 
Na 
+
— Cl

Li
+
— F

Атомдық (коваленттік) байланыстар деп әр атомнан бір бір валенттік-
электроннан қосылып шығарылған байланысты айтамыз.
Металдық байланыстар деп металдардың оң зарядталған иондарымен 
атомдардан үзілген бір топ валенттік электрондардың арқасында жүретін 
байланыстарды айтамыз. «Электрондық газ» металдардың кристалдық 
құрлысына цементтейтін (қатыратын) әсер көрсетеді де, металдардың электр 
және өткізгіштіктерін анықтайды. 
0 - Атомдық тұғыры (остов) ● - Электрон 
1.1 сурет - металдық өткізгіштің құрылымының сұлбасы 



Басқа молекулалардың ішіндегі қарама – қарсы белгіленген зарядтардың 
электростатикалық тартылуының арқасында байланған байланыстарды 
молекулалық байланыстар дейміз. Олар Ван-дер-Ваальс күші. Мұндай 
байланыстар ішкі молекулалар коваленттік байланысқан кейбір заттардың 
молекулаларының арасында болады. Молекулалардың бір –біріне таратылуы, 
көрші молекулалардың валенттік электрондарының қозғалысы шарттас 
болғанда өтуі мүмкін. Бұл заттардың молекулярлық байланыстары әлсіз 
болғандықтан, олардың құрамы молекулалардың қызу қозғалысында жеңіл 
бұзылады және балқу температурасы төмен болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет