Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Сакральдік. Сакральділік ұғымы



Pdf көрінісі
бет65/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық
stud.kz 42321, 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1), 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1)
14.4 Сакральдік. Сакральділік ұғымы 
Сакральдік  (лат. 
sacrum
 қасиетті)  культке  жатқызылатынның  барлығы, 
құнды идеалдарға бас ұру. Сакраментальді – қасиеттенген, қасиетті. Қасиетті 
деп  танылған  заттар  құрметке  және  де  барлық  мүмкін  жағдайлармен 
қорғалады.  Сенімнің,  үміттің,  махаббаттың  қасиетті  тепе-теңдігі  ретінде 
адамның  жүрегі  табылады.  Культтік  затқа  деген  қасиетті  қатынастың 
сақталуы  біріншіден  сенушінің  ар-ұжданымен  негізделеді.  Ол  қасиеттіні 
өзінің  өмірінен  жоғары  қояды.   Сондықтан  да  қасиеттіні  қорлаған  жағдайда 
сеуші  адам  ойланбай  қорғайды,  оның  жолында  ол  өз  өмірін  қиюға  дейін 
барады. Сакральдік теологияда Құдайға бағыну болып табылады. 
Сакральды  қатынастың  жоғарғы  сатысы  –  қасиеттілік,  өзін  өзін-өзі 
жақсы  көруден  босату  және  абсолюттіге  деген  сүйіспеншілігін  көрсету. 
Әрбір  дінилік  сакрализациямен  байланысты,  бірақ  әрбір  сенуші  адам 
тәжірибеде  қасиетті  бола  алмайды.Қасиетті  адамдар  көп  емес,  олардың  іс 
әрекеттері  қарапайым  адамдарға  жол  көрсетеді.  Сакральды  қатынастың 
деңгейлері:  фанатизм,  индифферентизм.  Сакральді  сезім  бүтін,  толық,  ал 
күдік уы ол үшін қауіпті. 
Мистицизм. 
Мистика  (грек. 
Mystikos 
құпия,  жабық),  мистерия  и  мист 
ұғымдары  адамның  қасиетті  және  жасырынға  жетуді  суреттейді.  Мистицзм 
трансцендентті  шындықты  білу  мүмкіндігін  негіздейтін  діни-философиялық 
концепция.  Сонымен  бірге  мистикалық  когнитивті  жағдайларда  әр  түрмен 
анықтауға  болатын  сананың  объектісі  болмайды.  Болмысты  мистикалық 
тұрғыда  түсіну  дүниені  эйдостар,  идея,  идеалдар,  сенсорлы  қабылдаулар, 
ұғымдар,  символдар  немесе  модельдер  арқылы  түсінуге  қарама-қарсы.  Тар 


10

 
мағынада  мистикалық  деп  құдаймен  үнемі  қатынас  тәжірибесін  түсіндіреді, 
адамның Абсолютпен нақты кездесудегі экстазды басынан өткізу. 
Бірінші  модельге  байланысты  діннен  мәдени  фенотип,  ұлттық  және 
ұлтаралық  болмыстың  рухани  және  материалды  әртүрлері  шығады.  Бұл 
мәдениеттің  діни  моделі  ең  көнесі,  ол  мәдениеттің  жалпы  құрылымын 
талдауға  көмектесті.  Осы  модельге  сәйкес  әрбір  жеке  мәдениетті  тудырған 
дініне байланысты атау керек: индуизм мәдениеті, христиан мәдениеті, ислам 
мәдениеті,  т.б..  Әрбір  негізгі  мәдениетте  субмәдениетті  көрсетуге  болады, 
мысалы,  христиан  мәдениетіндегі  католиктік,  православие,  протестанттық 
мәдениеттер. 
Мәдениеттегі  тығырық  діни  өмірдің  саясаттануымен  шақырылады. 
Монотеистік  діндердің  рухани  лидерлері  және  ұлы  пайғамбарлар  ілімдері 
қатаң  саяси  күрес  жағдайында  конъюнктурлы  герменевтикамен  алмасады, 
көлеңкеге  кетеді.  Бұрмаланған  діни  идеал  эгоистік  жетістіктер  үшін  құрал 
болып  кетеді  және  өзіндік  өмірлік  күшін  жоғалтады.  Діннің  солуына 
байланысты мәдениеттің барлық ағзасы ауырады, ал оның реформациясынан 
мәдениет жаңа тыныс алады. 
Осыған байланысты екі актуальды мәселе туындайды, оларды шешуге 
әзір мүмкіндік жоқ: 
1) Діннің ықпалынсыз мәдениет пайда бола ма және толық дами алады 
ма? 
2) Мәдениеттің саясатында шіркеудің қатынасуы өлшемі қандай? 
Қазақстан үшін бұл мәселер бірінші орынға шыға бастады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет