Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Модернизация түсінігі: концептуалдық негіздері мен ғылыми-



Pdf көрінісі
бет67/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық
stud.kz 42321, 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1), 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1)
  
15.1 Модернизация түсінігі: концептуалдық негіздері мен ғылыми-
теориялық қағидалары 
ХХІ ғасыр басындағы модернизация мемлекет пен қоғам, түрлі мәдени 
ерекшеліктер  алдында  тұрған  саяси  басқару,  экономикалық,  әлеуметтік, 
мәдени  және  жеке  міндеттерді  ішкі-сыртқы  қауіп-қатерлер  мен  тәуекел 
жағдайларда  кешенді  түрде  шешудің  оңтайлы  тәсілі.  Модернизация  ‒ 
жекелеген  қоғам,  мемлекет  дамуындағы  техникалық,  экономикалық, 
әлеуметтік,  мәдени,  саяси  үдерістердің  жиынтығы.  Заманауи  модернизация 
теориясының  шартты  қызметтері  ретінде  мемлекет  пен  қоғам  қауіпсіздігі, 
азаматтардың  өмір  сүру  сапасының  орта  деңгейі,  мәдени  құрылымдардың 
тұрақты  қызметі  қарастырылады.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  кез-келген 
мемлекеттің  аталған  шартты  мақсаттарға  жетуі  оның  өзге  мемлекеттермен 
салыстырғандағы  модернизациясы  жайлы  нақты  білімнің  деңгейі  мен 
динамикасын талап етеді. 
Біріншіден,  модернизация  түсінігінің  аясына  біріккен  идеялар  кешені 
қазіргі  таңда  теориялық  және  практикалық  жағынан  да  аса  өзекті.  Өйткені, 
оның  астарында  заманауи  әлемге  кең  түрде  таралған  және  әмбебаптылыққа 
ұмтылған қоғам дамуының түрлі концепциялары мен теориялары бар. 
Екіншіден, қазіргі таңда аталмыш мәселе теориялық және эмпирикалық 
деңгейде  сараптамалар  беретін  және  пәнаралық  негізде  зерделейтін  түрлі 
ғылыми пәндердің назарын өзіне аударып отыр. 
Үшіншіден, оның өзектілігі әлемде соңғы жылдары болып жатқан түрлі 
өзгерістермен  негізделеді.  Әлем  монополярлы  кейіпке  қайта  оралды,  кең 
түрде  қолданылып  келген  екінші  және  үшінші  әлем  түсініктері  өз  мән-
мағынасына  толықтай  сәйкес  келе  бермейді.  Бұдан  ертеректе  бірінші  және 
екінші  әлем  деп  айқындалып  келген  жасанды  шынайылыққа  сәйкес  келетін 
жаңа түсінікті іздеу қажеттігі туындайтындығын байыптаймыз. 
Төртіншіден, біздің мемлекетіміздің дамуы мен қоғамымыздың бүгінгі 
болмыс-бітімі  модернизация  мәселесін  түбірлі  түрде  және  жаңаша  қоюды 
талап  етіп  отыр.  Ендігі  сәтте  модернизация  экономикалық  қайта  құру 
қалыптарымен  ғана  шектелмейді,  оны  біздің  қоғамның  барлық  аспектілері 
мен кеңістігі құрайды. 
Бірақ  мәселені  өзгеше  және  жаңаша  қоюдың  қандай  күшті  тетіктері 
болса  да,  оның  жергілікті  дәстүрлерді  елеп-ескермейінше  және  өзара 
үйлеспейінше модернизацияның кең мағынасындағы бағдарламалық, мәдени, 
әлеуметтік  негіздерінің  жүзеге  асуы  екіталай  екендігі  айқын.  Қазіргі  бағыт-
бағдары  құбылмалы  әлемде,  мемлекетіміздегі  мәдени,  саяси,  экономикалық, 


10

 
әлеуметтік  мәселелерді  тізбектемей-ақ  «модернизация»  теориясына, 
үдерісіне  деген  сұраныс  неден,  не  үшін  және  қандай  қажеттіліктерден 
туындады  деген  сауалдарды  жіктесек,  салаға  қатысты  маңызды  деген 
тұғырнамаларды тізбектеуге, нәтижелерін саралауға мүмкіндіктер айшықтала 
түседі: 
Модернизацияны  зерттеуші  қазіргі  ғалымдардың  концепцияларында 
модернизация  жай  ғана  даму  емес,  оның  негізінде  дәстүрлі  қоғамнан  жаңа 
дәуірге  қадам  басу  жүзеге  асады.  Қазіргі  таңда  біз  көбінесе  қарапайым 
күнделікті  ауыз  екі  тілдің  терминдерін  қолдану  үстіндеміз,  дәстүрлі  және 
қазіргі қоғамды ғылымда бейнелеу қалай қабылданса, олардың мағынасы да 
сол ғылымдағы сипаттамаларға сай талдаудан өтуі тиіс. 
Қазіргі 
«модернизация» 
теориясы 
туралы 
тұжырымдарды 
қорытындылайтын 
болсақ: 
дамыған 
мемлекеттерге 
таңылған 
постмодернизация  қоғамы  туралы  ойларымыз  дәстүрлі  және  заманауи 
қоғамның белгілерін бір- біріне жақындата түседі. Мәселен: 

 
дәстүрді ескере отырып жаңаға ұмтылу; 

 
дәстүрді модернизацияның алғышарты ретінде пайдалану; 

 
рухани салада дін мен мифологияның маңыздылығын түсінетін зиялы 
әлеуметтік өмірді ұйымдастыру; 

 
жеке  адамның  және  соның  негізінде  тұтастай  ұлттық  жетістіктерге 
жету; 

 
дүниетанымдық пен құралдық құндылықтардың үйлесуі; 

 
саясаттағы  беделді  мойындаушы  биліктің  ашық  демократиялық 
сипаты; 

 
өсу шегі бар тиімді өндіріс, дәстүрлі мәдениет пен заманауи қоғамды 
тұтастандыратын сабақтастықтың болуы; 

 
әлеуметтік  таңдауда,  дәстүрлі,  құндылықтық  легитимацияны  жүзеге 
асыру барысында ғылымды тиімді пайдалану және т.б. 
Батыс  елдерінің  модернизация  теориясының  шекарасын  кеңейтудің 
басты себебі, олардың көптеген жәбір көрген батыстық емес мемлекеттермен 
тарихи  қарым-қатынастарының  салдары  объективті  тұрғыда  екіншісінің 
бастыстық  даму  жолымен  өркендеуі  мүмкін  еместігін  айғақтады. 
Модернизация  теориясынан  колониалды  үстемдік  пен  олардың  тарихи 
негіздері  алынып  тасталды,  дегенмен,  капитализмнің  индустриалды  және 
постиндустриалды  кезеңдерінде  колония  сапасы  прогрессивті  даму 
шартымен  алмастырылды.  Мұндай  ұстанымды  ой-санамызда  қалайша 
дәйектей  алмақпыз?  Модернизация  теориясының  үлкен  кемістігі  –  түрлі 
мемлекеттер  мен  халықтардың  тарихи  дамуын  дұрыс  бағаламау  да  түптеп 
келгенде осыдан келіп шығады. ХІХ-ХХ ғғ. шеңберінде қалыптасқан әлемдік 
капиталистік  жүйеде  өздерінің  даму  деңгейі  бойынша  түрлі  мемлекеттер 
тіршілік етіп келеді. Сондықтан, әрбір тарихи дәуірде капитализмге қатысты 
дүниелер  бірнеше  мемлекеттер  санымен  ғана  айқындалуы  әбден  мүмкін. 
Шынында, бұл мәселелердің дені батыстық сипатқа ие екені жасырын емес. 
Кейде  керісінше,  дамудың  балама  жолы  социалистік  жүйе  туралы  да 
айтылып  қалады.  Көбіне-көп  зерттеушілердің  пікірінше,  мұндай  жетістікке 


10

 
жетудің  негізгі  өлшемі  ретінде  дамушы  мемлекеттердің  дамыған  батыстық 
мемлекеттердің үлгісіне, деңгейіне жақындауы саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет