Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет69/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық
stud.kz 42321, 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1), 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1)
15.3 
Қазақтың 
дәстүрлі 
этикалық 
құндылықтарындағы 
трансформацияның ерекшеліктері  
Ұлттық  мәдениет  философиялық,  мәдени,  рухани,  әлеуметтік, 
экономикалық,  саяси,  тарихи,  эстетикалық,  этикалық  идеалдар  мен 
құндылықтарды  құрайды.  Ұлттық  құндылықтар–  ұзақ  әлеуметтік-тарихи 
тәжірибе  мен  білімнің  квитэссенциясы,  үздіксіз  ұзақ  тарихи  кезеңдерде 
тұрақтылық пен әлеуметтік-тарихи бірегейлікті, өзіндік болмысты сақтайтын, 
өзін-өзі реттеу тетіктеріне ие тұтас жүйе. 
Қазақ  мәдениетінің  қалыптасуы  барысында  ұлтымызға  тән  көшпенді 
өркениеттердің  тарихи  сабақтастығы  сақталды.Кез  келген  халықтың  рухани 
мәдениетінің  тұтастығы  мен  бірлігін  сақтауда  тарихи  сабақтастықтың  рөлі 
жоғары.  Дәстүрлердің,  әдет-ғұрыптардың  тарихи  сабақтастығы  қоғамның 
тұтастығын сақтауға бағытталған. Рухани мәдениетті таратудың негізі болып 
табылатын  тәрбие  ұрпақтар  тәжірибесінің  сабақтастығында  басты  рөл 
атқарады.  Сол  арқылы  қоғамның  сақталуы  мен  қалыпты  күйде  болуы 
қамтамасыз  етіледі.  Қазақ  рухани  мәдениетінің  тұтастығын  сақтау,  дамыту 
дәстүрлер 
мен 
әдет-ғұрыптардың, 
ұрпақтар 
тәжірибесінің 
тарихи 
сабақтастығына  негізделеді.  Тарихи  сабақтастық  халықтың  рухани 
мәдениетінен  ерекше  байқалады.  Рухани  мәдениеттің  тұтастығын,  бірлігін 
сақтау және қалыпты күйде ұстау – қоғамның тіршілігінің негізгі шарты. 
Қазіргі  қазақ  ұлтының  дәстүрлі  этикалық  құндылықтарында  толассыз 
трансформациялар  жүруде.  Оның  бірнеше  себебі  бар.  Қазақ  қоғамы  ХІХ 
ғасырдан ортасынан бастап бірнеше үлкен соққыны бастан өткерді. Біріншісі 
тарихи-саяси  себеп:  қазақ  отарлаудың  барлық  қанды  оқиғаларын  бастан 
кешірді.  Екіншісі  –  экономикалық:  сауда  капиталының  енуімен  бірге 
өсімқорлық,  тұтынушылық  енді.  Үшіншісі 
–  мәдени:  ғаламдық 
жаһанданумен  бірге  рухсыздық  және  тойымсыз  тұтынушылық  келді.  Осы 
себепті  ұлтымыздың  дәстүрлі  этикалық  құндылықтар  жүйесінде  дағдарыс 
басталды,  әлеуметтік  проблемалар  күшейді,  ұлт  тағдыры  ауырлады.  Сауда 
капиталы  адамды  тауарға  айналдыра  бастады.  Қазіргі  уақытта  қоғамымызда 
құндылықтық  төңкеріс  қарқынды  жүріп  жатыр.  Яғни,  жастардың  ақыл-
ойында  жақсылық  пен  зұлымдық  туралы  түсінік  өзгертіліп,  кеше  «жақсы» 
аталған нәрсе бүгін «зұлымдыққа» ауыстырылуда деп айтуға болады. Мұның 
бәрі кездейсоқ болып жатқан құбылыс емес. 
Бүгінгі  өмір  әлемдік  мәдениетке  «жаһандану»  атымен  енген 
универсалды,  локалды  және  индивидуалды  арасындағы  көпқырлы 
қайшылықтар  әкелді.  Бір  жағынан  тұтастырушы  тенденциялар,  бұқаралық 
ақпарат,  байланыс  құралдары,  көлік  кең  таралып,нарық,  қаржы,  өндіріс, 
техникалық 
дамудың 
шығындары 
мен 
қауіптері, 
экологиялық, 


10

 
демографиялық  мәселелер  ғаламдық  шеңберде  ауқымдануда.  Екінші 
жағынан  адам  қауымдастықтарының  индивидуализациялануы  тереңдеп, 
дәстүрлі  қоғамның  индустриалды  капитализм  қалыптасқаннан  бергі 
сарқыншақтары  жойылып,  Ортағасырларда,  дәстүрлі  қоғамдарда,  Жаңа 
Заман  тудырған  дәстүрлі  емес  әлеуметтік  құрылымдарда  маңызды  рөл 
атқарған  адам  қауымдастықтарының  формалары  ыдырауда.  Бұл  процестер 
«постмодерн» атанған кезеңнен және осы кезең адамының бейнесінен көрініс 
табуда. 
Қоғамда  орын  алған  құндылықтардың  алмасуы–«жалғандықтың 
диктатурасының»  салтанат  құруының  негізгі  алғышарты  –көпшіліктің 
енжарлығы  және  өздеріндей  емес  адамдарға  деген  жек  көрушілік.  Өз  пікірі 
мен  құндылықтары  жоқ  адамның санасын  манипуляциялау  оңай.  Олар  үшін 
газет  беттерінде  жазылғанның  барлығы  –  ақиқат.  Көріп  отырғанымыздай, 
барлық түйін – адамның жеке басында. 
Болмыстың  мәнін  анықтау  бүгінгі  адамның  индивидуалдылығына,  өз 
өмірінің мағынасы болуы мүмкіндігіне сенімнің жойылуымен қатар жүруде. 
Болмыс орталығын анықтаудың мүмкін еместігі және соның салдарынан ішкі 
жан тыныштығына қол жеткізе алмау – алуан түрлі әдіс-тәсілдермен, мысалы 
өткір  сезімдер  (агрессия,  секс,  ойын-сауық,  көңіл  көтеру)  іздеумен 
толықтырылуда. Бұл жолдағы басты сезім – өзгемен өзара әрекеттесе отырып 
оны  терістеу  және  теріс  бұрылу  барысындағы  өзін  сезіну.  Өзін    сезінудің 
мұндай 
тәсілдері 
адамның 
өз-өзін 
қабылдаудағы 
ішкі 
тіректің 
жоғалғандығын  бейнелейді.  Сондықтан  мәдени-негативті  процестерге  деген 
бұқаралық  ынта-  құлшыныс  –  өзін  терең  зерттеп,  қорытуды  талап  ететін 
мәнді құбылыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет