Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


  Әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  жағдайлар



Pdf көрінісі
бет68/72
Дата26.12.2021
өлшемі1,3 Mb.
#128711
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Дәрістер жинағы толық
stud.kz 42321, 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1), 2. Конфуций философиясында ы ізгілікті орталы принципі Алтын (1)
15.2 
Әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  жағдайлар 
– 
құндылықтар трансформациясының алғышарты ретінде 
Қазіргі  әлемдегі  адамның жағдайы  «жаттану»  ұғымынсыз  толық емес. 
Өйткені әлемдік өркениет Руссо заманынан бері оң жетістіктермен ғана емес, 
қоғамның  дегуманизациясындағы  теріс  салдарымен  де  жалғасуда.  Ғылыми- 
техникалық  прогресс  пен демократияны  жеңіп  алу  табыстарына  қарамастан, 
адамдардың дәстүрлі ынтымақтастығының негізін құрайтынбайланыстардың 
жоғалуы 
сезілуде. 
Батыстағы 
экономикалық-моральдық 
мәжбүрлеудің,адамды  пайдаланудың,  қанаудың  ауыр  да  дөрекі  формалары 
жойылғанымен,қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологияларға  сүйенетін 
басқарутүрлері  саясатты  оның  басты  міндетінен  –  адам  қоғамдастығын 
сақтау  және«қоғамдық  адамды»  тәрбиелеуден  түпкілікті  алшақтатуда. 
Экономика, саясат және әлеуметтік қызметтер адамға құрал ретінде қарауды 
қалыптастырды.  Және  адамды  ғылыми-техникалық  революция  нәтижесінде 
түрленген  институттарға  бейімдеп,  әлеуметтік  мегамашинаның  үздіксіз 
жұмыс істеуін қамтамасыз етуге пайдалануда. 
Сонымен  қатар,  қазіргі  заманғы  экономика  бұрмалап,  экономикалық 
мүддеге  сәйкес  ынталандырылатын  адам  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 
туралы талаптар қоюда. Басты мәселе –бұл қажеттіліктердің «адамның түпкі 
мәнінен»  алыс  жатқан  жасанды  қажеттіліктер  болуында.Мұндай  жағдайда 
адам өзінің алғашқы қауымдық ұжымы, этносы, халқы мен мемлекеті сияқты 
автономды тіректерінен айрылып, сенімді сүйеніштерін жоғалтады. 
Жаһандану 
барысында 
біз 
автономды 
ұлттық 
мемлекеттік 
институттардың  өздерін-өздері  терістеу  жағдайына  жетуі  сияқты  тарихи 
құбылыстың  куәсі  болып  отырмыз.  Дегенмен,  саяси  элита  оның өмір  сүруін 
қалпына келтіруге тырысуда. 
Дәстүрлі құндылықтардың инфляциясының нәтижесінде азаматтардың 
өз-өзін  қалай  сәйкестендіру  керектігі  (самоидентификациясы)  түсініксіз 
болуда.  Өйткені  қазіргі  дәуір  –  «антропологиялық  апат»  дәуірі.  Адамдар 
қауымдасып  өмір  сүруге  ұмтылады,  бірақ  бірге  өмір  сүре  алмайды.  Өйткені 
тұтынушылық  қоғамдаадамды  қалыптастыру  және  адами  тұлғаны  бекіту 
мақсаты  жоқ.  Және  болмайды  да.  Тұтыну  қоғамы  адамда  тәуелсіздік  пен 
материалдық  әл-ауқатқа  қол  жеткізу  ұмтылысын  қалыптастырады.  Бұл  –
адамның  әлеуметтік  мәнінің  құлдырауына  алып  келді.  Ал  «Азаматтық 
қоғам»  туралы  жобалар  «антропологиялық  апаттың»  орнын  толтыру 
ұмтылысынан  туындайды.Осылайша,  қоғамтанушы  зерттеушілер  Маркстің 
«жаттану» туралы теориясына қайтадан жүгінуге мәжбүр. Маркстің теориясы 
теңестіруші  коммунизм  құру  үшін  таптық  күрес  жүргізу  туралы  тезисті 
жиіеске  түсіреді.    Ал  таптық  шайқас  артта  қалғандықтан,  бұл  ұғым  қазіргі 
заман  шындығына  сәйкес  келмейді  деп  санауға,  мойындамауға  тырысады. 
Алайда,  экзистенциал  философия  және  гуманистік  психоанализ  өкілдері 
жалғыздық  пен  конформизмнің  өсуінен,  жақын  адамдардың  өзара 
байланыстарының бұзылуынан туындайтын психикалық ауытқуларды айқын 


10

 
бейнелеп отырғандықтан, әлеуметтанушылар мен антропологтар адамдардың 
өзара  байланысы  мен  өзара  іс-қимылының  нысандарын  қалалық 
кеңістіктерден  іздеуге  мәжбүр  болуда.  Ғасырлар  бойындағы  әлеуметтік-
философиялық антропология  мен  философияның басты  мәселелерінің  бірі  –
адам  мәселесі,  адами  құндылықтар  болып  қала  береді.  Қазіргі  уақытта  бұл 
мәселенің  өзектілігі  артып  келеді.  Біздің  технотронды  ғасырымыз,  интернет 
ғасыры  кеңістікті  тарылтып  бүкіл  әлем  халықтарын  жақындастыруда. 
Алайда,  адам  оқшауланып,  өзінің  табиғи  мәнінен,  өзінің  табиғи  өмірінен 
алыстауда.Бір  қарағанда,  жағдай  парадоксалды.  Бірақ  ол  объективті. 
Қалыптасқан  тарихиқайшылықтың  себебі  мен  мәні  –адам  феноменінің 
мәнінің  мәңгілік  дамуында.  ХХІ  ғасырдағы  әлемдік  адами  қауымдастықтың 
дамуы  асқан  жылдамдықпен  жүзеге  асырылуда.  Сәйкесінше,  әлеуметтік 
құндылықтарда  бірде  оң,  енді  бірде  теріс  сипаттағы  жаңа,  дәуірлік 
қайшылықтар  пайда  болуда.  Қазіргі  уақытта  бұл  қайшылықтардың  мәні 
жаһандық  ауқымда  көрінуде.  Әлемдік  ауқымдағы  мақсатты  гуманистік 
саясаттың  жоқтығынан,  адамзат  өзінің  шынайы  бейнесін  табуға  жүзеге 
асыруға жұмсалуы тиіс уақытты жоғалтуда. 
Модернизация  үдерісінің  қалыптасуы  мен  дамуы  мәселесіне  қайта 
оралсақ, ол қазіргі зерттеушілер тарапынан көптеген дәйекті тұжырымдарды 
дүниеге  алып  келді.  Ең  алдымен  модерн  тарихтың  дәуірі  немесе  кезеңі 
ретінде  феодализм  немесе  аграрлы  қоғамнан  ерекшеленеді.  Осы 
мағынасында ол көбіне каптализммен теңестіріледі, дегенмен, кейінгі немесе 
қалыптасқан  капитализмде  бірнеше  мәселелер  туындайды:  шынтуайтында, 
ол  капитализмнің  жалғасы  ма  әлде  посткапитализм  деп  аталатын  жаңа 
кезеңге  көшумен  айшықталады  ма?  Мұндай  ыңғай  модернизмнің 
хронологиялық  шектерінің  түбегейлі  өзгерістерінің  жүзеге  асуына  мәжбүр 
етті.  Әдепкіде  оның  қалыптасуын  ХІХ–ХХ  ғғ.  жатқызды,  кейін 
индустриалды  революцияға  (ХІХ  ғ.  ортасына),  кейін  Ағартушылық  дәуіріне 
(ХVІІІ  ғ.),  кейін  Жаңа  дәуірдің  қалыптасуы  мен  капитализмнің  басталуына 
(ХVІІ  ғ.  басына),  қазіргі  таңда  көбіне  оның  бастауын  Қайта  өрлеу  және 
Реформация  дәуірімен  байланыстырады.  Діни  немесе  теологиялық 
постмодернизм  модернизмнің  қалыптасуын  кейінгі  ортағасырлармен,  ал 
Крокер мен Кук Аврелий Августин есімімен байланыстырады. 
Модерн  мен  дәстүрлі  қоғам  арасындағы  қатынас  пен  трансформация, 
үдеріс пен сипаттамаларына, ерекшеліктеріне назар аударсақ, мынадай түйін 
шыға  келеді.  Модерн  тарихи  дәуір  ретінде  «модернге  дейінгі»  кезеңнен 
несімен  ерекшеленеді?  Ең  алдымен,  модерн  өзінің  мәнінің  ең  негізгі 
ұстанымы  ретінде  қоғамдық  өмірдің  өзгермелі,  үнемі  қозғалыста  екендігін 
анықтап  көрсетті.  Модернге  дейінгі  әлем  баяу  қозғалып,  өзгермейтін, 
ғасырдан  ғасырға,  мәңгіге  орнатылған  тәртіп  ұрпақтан-ұрпаққа  сол  қалында 
беріліп  отыратын.  Белгілі  бір  өзгеріс  бола  қалса,  оған  әлеуметтік  қасірет 
ретінде  қаралып,  енген  жаңалық  қалыптасқан  тәртіпті  бұзатын  күдікті  және 
қауіпті құбылыс ретінде қатты қудалауға ұшырайды. Екінші кезеңіне, модерн 
мен  постмодерн  туралы  сабақтастықты  жатқызады.  Модерн  мен 
постмодерннің  қасиеттері  бірдей  сипатқа  ие.  Оларға:  фрагментарлық, 


10

 
құбылмалы,  тұрақсыз,  эфемерлі  және  осы  секілділер  жатады.  Сондықтан, 
мұндай кеңістіктен модерн мен постмодерннің арасындағы айырмашылықты 
іздеудің  ешбір  мағынасы  жоқтың  қасы.  Постмодерн  сол  модерндік 
ерекшеліктерді  тек  күшейте  түсетінін  және  өзектендіретінін  пайымдауға 
болады.  Постмодерн  модерннің  түлеп  шыққан  жалғасы  ретінде  байыптауға 
көптеген зерттеушілердің тұжырымдамалары дәлел болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет