Конференцияға қатысуға өз зерттеулерінің тұжырымдамасымен, аралық немесе қорытынды нәтижелерімен бөліскісі келетін ғылыми әдістерге сүйенетін ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер және практиктер шақырылады



бет2/3
Дата24.05.2022
өлшемі96,11 Kb.
#144826
1   2   3
Байланысты:
Ақпараттық хат
11 апта практика Шакен Аружан-1652408854676



МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


Мақала мәтіні нысаны компьютерде .doc немесе .docx (Microsoft Word) (қаріптер: Times New Roman, жолдар аралығы - жалқы, символ мөлшері – 14 pt, барлық жиектері – 20 мм.) форматында жолдардың ені теңестіріліп, автоматты тасымалдауды орнатпай терілуі керек. Азат жол шегінісі - 1,25 см. Мәтін, кестелер мен суреттер «Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптар» 2.105-95 МемСТ сәйкес рәсімделеді. Мақала көлемі (суреттерді қоса) А4 (210 х 297 мм) форматында 8 беттен аспауы тиіс. Суреттер мәтінге қосылған объект ретінде рәсімделеді. Әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақшада сан арқылы көрсетіледі. Әдебиеттер тізімі мақала мәтінінің соңында беріледі және цитаталардың қолданылуына қарай рәсімделеді.


Мақала атауы ортада орналасып, бас әріптермен (қою қаріппен) басылады. Бір жол жоғары беттің сол жағында орналасқан ӘОЖ индексі көрсетіледі. Мақала атауынан соң бір аралық бос қалдырып, ортада – автор(-лар)дың аты-жөні мен тегі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қала, электронды почтаның мекенжайы (қаріп-курсив) жазылады.
Мақаланың файлы мақаланың авторының тегі, ал егер бірнеше автор болса, бірінші автордың тегімен сақталады. Мәселен, конференцияға қатысушы А.С. Нургожаев болса, мақала файлының атауы келесі түрде ұсынылуы керек: Нургожаев.doc немесе Nurgozhayev. doc.




МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ




ӘОЖ 332.363




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ФЕРМЕРЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУЫН ДИСПЕРСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

А.С. НУРГОЖАЕВ*


PhD докторанты Халықаралық бизнес университеті, Алматы, Қазақстан

*автордың электрондық поштасы: nurgozhayevazamat@gmail.com


Түйіндеме мәтіні (12 pt) Мақала мәтіні (14 pt) (сілтемелері бар мәтін) ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы [Электрондық ресурс].-2017.- URL: http://www.primeminister.kz/kz/documents/ gosprograms/cifrovoi-kazahstan (қаралған күні: 05.11.2020).

  2. Денисова, О.К. Экономические аспекты применения технологии точного земледелия в Восточно-Казахстанской области / О.К. Денисова, М.В. Козлова //Проблемы агрорынка. – 2018. – №1. – С. 163-170.

  3. Baygabulova, K.K. Digitalization as a factor of innovative development of dairy industry of the Republic of Kazakhstan / K.K. Baygabulova, Y.A. Akhmedyarov, G.K. Altybaeva //Problems of AgriMarket.-2019.-№2.-146-152 p.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет