Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары



бет5/8
Дата31.12.2019
өлшемі71,06 Kb.
#54899
1   2   3   4   5   6   7   8

III. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ми­нис­трлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсеке­лес­тікті қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша депар­таменті, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 115, 3-қабат, № 307, 308-бөлме, анықтама үшін телефон (факс): 8(7142) 54-58-59, 8(7142) 39-17-92, электронды мекенжайы: i.sultanova@economy.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орна­ласуға конкурс жариялайды:

1. Заңнаманың сақталуын бақылау және талап қою жұ­мысы бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: табиғи монополиялар субъек­тілерінің қызметін Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылау. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын қолдану практикасын қорыту. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жағдайлары туралы хабарлау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда нұсқамалар шығару. Сот процестеріне өзінің атынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің атынан қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарайды. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құ­қық (құқықтану немесе халықаралық құқық) саласында жо­ғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда, құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық) саласында ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2. Табиғи монополиялар және бағаларды реттеу бөлі­мінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: табиғи монополиялар субъек­тілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімін қа­лыптастыру және жүргізу. Табиғи монополиялар саласына жататын, сондай-ақ мемлекеттік монополия саласына жататын қызметін бақылаумен реттеуді жүзеге асыру. Осы сала шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетіндерге жат­қызу нысанасына табиғи монополиялар салаларына талдау жүргізу. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу. Сот процестеріне өзінің атынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеттің атынан қатысу. Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) саласында ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

IV. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Пав­лодар облысының ішкі істер департаменті, 140000, Павло­дар қаласы, Лермонтов көшесі, 50/1, анықтама үшін теле­фон: 39-10-80, электронды мекенжайы: ukr_dvd_pvl@mail.ru «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауа­зымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Павлодар облысы ІІД қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі есеп тобының жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: еңбекақыны, қосымша ақшалай төлемдерді, коммуналдық қызметтер үшін өтемақыны, міндетті зейнетақылық төлемдерді, міндетті әлеуметтік төлемдерді, орындаушылық парақтар бойынша алименттерді және басқа да ұстап қалуларды есептеу және аудару, дербес шоттарды, есеп-төлем ведомостерін және міндетті зейнетақылық төлемдерді есепке алу карточкасын жүргізу, Салық комитеті мен статис­тика басқармасына есептер беру; бухгалтерлік есепке алу есепшоттары бойынша талдамалық есеп жүргізу; кассада бар ақшалай қаражаттың талдамалық және синтетикалық есебін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім; орта арнайы білім (бухгалтерлік есеп, экономика мамандықтары); мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

2. Павлодар облысы ІІД қаржымен қамтамасыз ету басқармасы материалдық топтың жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту кезеңіне – 2017 жылғы 5 наурызға дейін).

Функционалды міндеттері: тауарлы-материалдық құн­дылықтар мен активтердің талдамалық және синтетикалық есебін жүргізеді, есеп беретін тұлғалардың есептеріне талдамалық және синтетикалық есепті жүргізеді, жүкқұжат, тауарлы-материалдық құндылықтарды босатуға АВИЗО, сонымен қатар ақысыз беруге хабарлама береді, тозған заттар есебін жүргізеді, бөлу балансы үшін мәліметтер ұсынады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім және орта арнайы білім (бухгалтерлік есеп, экономика мамандықтар); мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

3. Павлодар облысы ІІД медициналық қызметінің же­текші маман-дәрігері, С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: облыс ІІД медициналық бөлімі басшысының нұсқауы бойынша ІІД емханасы бар госпиталінің қызмет көрсетуіне бекітілген контингентке медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуын және бақылауын жүзеге асырады, ІІД емханасы бар гос­питалінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерге кеңес беріп, практикалық көмек көрсетеді. Ақпарат жинауға, статистикалық деректерді салыстыру мен талдауға қатысады, облыс ІІД медициналық бөлімінің КИЛИ-КИСИ хатшысы болып табылады және осы комиссияның жылдық қызметінің қорытындысын шығарады. ІІД медициналық бөлімінің бұйрықтарын, әдістемелік нұсқауларын әзірлеуге, ауруларды диагностикалау, емдеу, алдын алу және медициналық көмекті ұйымдастырудың жаңа әдісін енгізуге қатысады. Келіп түскен шағымдар, хаттар, өтініштер бойынша оларды кейіннен талдаумен қызметтік тексеріс жүргізеді, төтенше жағдайлар кезінде облыс ішкі істер органдарының жеке құрамына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қатысады, көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын бағалайды, полиция арнайы мекемелерінде емдеу-алдын алу кешеніне бақылауды жүзеге асырады. ІІД медициналық бөлімінің АҚ және ТЖ бойынша жоспарларын әзірлейді және түзетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры білім (медициналық мамандықтар); мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

4. Павлодар облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі баспасөз қызметінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне – 2018 жылғы 4 шілдеге дейін).

Функционалды міндеттері: Павлодар облысы ІІД (бұдан әрі – ІІД) және оның бөліністерінің қызметін ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру, ішкі істер органдары үшін заңнамада белгіленген құзырет шегінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру, ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрақты оң имиджін қалыптастыру және БАҚ-пен және жұртшылықпен, сондай-ақ құқық қорғау, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасудың ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру, ішкі істер органдарының қызметіне қатысты БАҚ-тағы жарияланымдар мониторингінің ұйымдастырылуын бақылау және БАҚ-тағы теріс жарияланымдарға жедел ден қоюды қамтамасыз ету, брифингтер, баспасөз конференцияларын, интернет-конференциялар өткізу, баспасөз парақшалары мен ақпараттық хабарламалар тарату, қалалық және аудандық ІІБ тіл саясат пен ақпарат бөліністері үшін жедел кеңес пен семинарлар өкізу және ұйымдастыру. Павлодар облысы ІІД бірінші басшылары мен қызмет бастықтарының сөйлейтін сөздерінің кестесін әзірлеу, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша ІІД бөліністері және қалалық және аудандық ІІБ қызметі туралы шолуды және кемшіліктерді жою туралы ұсыныстарды әзірлеу, бөлім бастығы болмаған кезде бөлім бастығының міндетін атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры білім (заңгер, журналист, филология мамандығы); мем­лекеттік қызметте бір жыл өтілі болуы немесе осы санаттағы нақты лауазым бойынша функционалды міндеттерге сәйкес салада екі жылдан кем емес қызмет өтілі болған жағдайда орта арнайы білім, осы санаттағы нақты лауазым бойынша тиісті мамандық саласын реттейтін Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерін білу, мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

5. Павлодар облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің мемлекеттік тілдер жөніндегі жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне – 2018 жылғы 20 мамырға дейін).

Функционалды міндеттері: тіл саясаты саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, жоспарларды іске асыру, сондай-ақ ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу, ІІД-де мемлекеттік тіл және ақпараттық саясаты реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, ІІМ және ІІД басшылығының бұйрықтары, өкімдері, нұсқаулары нормаларының сақталуын бақылау, олардың талаптарын бұзуды жою туралы ұсынымдар беру, ІІД мемлекеттік тілді іс жүргізу тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету, ІІД бөлімі аппаратының жеке құрамына мемлекеттік тілді оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, өткізу және талдау, ІІД бөліністері мемлекеттік тілде әзірлейтін немесе орыс тілінен мемлекеттік тілге аударған құжаттардың мәтіндерін редакциялау және түзету, мәтінді мемлекеттік тілге аудару кезінде жиі пайдаланылатын қазақ тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерінің тізбесін құру және оларды қарау мен келісу үшін ІІМ-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментіне үнемі жіберуді қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға­ры білім және орта арнайы білім (филология, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет қазақ мектебінде); мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

6. Павлодар қаласы ІІБ Солтүстік полиция бөлімі кеңсе­сінің жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: кіріс құжаттарын есепке алатын қажетті журналдарды жүргізу, құпия емес іс жүргізуді жүзеге асырады, құпия емес корреспанденцияны уақтылы жіберуді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы ІІМ, ІІД, бөлім бастығының, облыс әкімінің, қала, аудан әкімінің құпия емес бұйрықтарын, нұсқауларын, шешімдер мен қаулыларын тіркеуді және бөлім басшылығын онымен таныстыруды жүзеге асырады, бөлімнің номенклатурасын жасайды және номенклатуралық істерді есепке алады, нормативтік құжаттардың бар-жоғына тексерісті жүзеге асырады, заңды күші жойылған және сақтау мерзімі өткен нормативтік құжаттардың тізімін ресімдейді, арнайы техникада баспа материалдарын көбейтуді жүзеге асырады, қажетті есептерді құрастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ға­ры білім және орта арнайы білім (заңгер, мұрағаттану, құжаттану, құжаттамалық қамтамасыз ету, педагогикалық, кітапхана ісі), мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

7. Ақсу қаласы ІІБ қаржымен қамтамасыз ету тобының жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: құжат айналымын тиімді қамтамасыз ету, бөлімшедегі бухгалтерлік есепке алуды және есеп жүргізудің шынайлығын және дұрыс қойылуын; сметаның тиісті ерекшеліктері бойынша сметалық қаржы бөлуді үнемді және тиімді пайдалануды бақылау; смета шығындарын орындау бойынша мағлұматтарды уақтылы тапсыру, бөлімшенің қызметіне еңбекақы төлеміне тапсырыс дайындау; салық комитетіне есептер беру; бухгалтерлік есепке алу есепшоттары бойынша талдамалық есеп жүргізу; ай сайын бюджет бойынша жалпы жинақ кестелерін құрастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім және орта арнайы білім (қаржылық, бухгалтерлік есеп және аудит, экономикалық мамандықтар); мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

8. Ақсу қаласы ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы­ның жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: ІІО бөлімшелері мемлекеттік тілде әзірлеген немесе орыс тілінен мемлекеттік тілге аударылған құжаттарды редакциялау және түзету, ішкі істер органдарының қызығушылығын тудыратын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалаларды редакциялау, құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау мәселесі бойынша практикалық көмек көрсету, мемлекеттік тілді енгізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарына материал дайындау, жеке құрамға мемлекеттік тілді оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, практикалық жұмыстарда қолдануын және дамытуын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілде іс жүргізуді енгізу бойынша практикалық көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім және орта арнайы (заңгер, халықаралық құқық, филология, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, әлеуметтану, саясаттану, журналистика, қоғаммен байланыс, аударма ісі); мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

9. Шарбақты ауданы ІІБ қаржымен қамтамасыз ету тобы­ның бас маманы, C-R-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: тиімді құжат айналымын қамтамасыз ету, бөлімшедегі бухгалтерлік есепке алудың және есеп жүргізудің нақтылығы және дұрыс қою; сметаның тиісті ерекшеліктері бойынша сметалық қаржы бөлуді үнемді және тиімді қолдануды бақылау; смета шығындарын орындау бойынша мағлұматтарды уақтылы тапсыру, бөлімшенің қызметіне еңбекақы төлеміне тапсырыс дайындау; салық комитетіне есептер беру; бухгалтерлік есепке алу есепшоттары бойынша талдамалық есеп жүргізу; ай сайын бюджет бойынша жалпы жинақ кестелерін құрастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім (экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит), мемлекеттік қызметте бір жыл өтілінің болуы немесе осы санаттағы нақты лауазым бойынша функционалды міндеттерге сәйкес салада екі жылдан кем емес қызмет өтілімі болған жағдайда орта арнайы білім, осы санаттағы мамандандырылған нақты лауазымдарға тиісті саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Бюджеттік ұйымдардың тоқсандық, жылдық есеп беру нысандарының көлемі және нысаны туралы» нұсқаулықты, «Республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын ұйымдарда активтерді, ақшаның материалдық қорын түгендеуді, есептер мен баланстың басқа баптарын жүргізудің тәртібі туралы» нұсқаулықты, мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

10. Шарбақты ауданы ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: ІІО бөлімшелері мемлекеттік тілде әзірлеген немесе орыс тілінен мемлекеттік тілге аударылған құжаттарды редакциялау және түзету, ішкі істер органдарының мүддесін қозғайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалаларды редакциялау, құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау мәселесі бойынша практикалық көмек көрсету, мемлекеттік тілді енгізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарына материал дайындау, жеке құрамға мемлекеттік тілді оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, практикалық жұмыстарда қолдануды және дамытуды қамтамасыз ету, мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша практикалық көмек көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім және орта арнайы білім (заңгер, халықаралық құқық, филология, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, әлеуметтану, саясаттану, журналистика, жұртшылықпен байланыс, аударма ісі); мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

11. Қашыр ауданының ІІБ қаржымен қамтамасыз ету тобының бас маманы, C-R-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: құжат айналымын тиімді қам­тамасыз ету, бөлімшедегі бухгалтерлік есепке алудың және есеп жүргізудің нақтылығы және дұрыс қойылуы; тиісті ерекшеліктер сметасы бойынша сметалық қаржы бөлуді үнемді және тиімді қолдануды бақылау; смета шығындарын орындау бойынша мағлұматтарды уақытында тапсыру, бөлімшенің қызметіне еңбекақы төлеміне тапсырыс дайындау; салық комитетіне есептер беру; бухгалтерлік есепке алу есепшоттары бойынша талдамалық есеп жүргізу; ай сайын бюджет бойынша жалпы жинақ кестелерін құрастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім (экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит), мемлекеттік қызметте бір жыл өтілі болуы немесе осы санаттағы нақты лауазым бойынша функционалды міндеттерге сәйкес салада екі жылдан кем емес қызмет өтілі болған жағдайда орта арнайы білім, осы санаттағы мамандандырылған нақты лауазымдарға тиісті саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Бюджеттік ұйымдардың тоқсандық, жылдық есеп беру нысандарының көлемі және нысаны туралы» нұсқаулықты, «Республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын ұйымдарда активтерді, ақшаның материалдық қорын түгендеуді, есептер мен баланстың басқа баптарын жүргізудің тәртібі туралы» нұсқаулықты, мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

12. Қашыр ауданы ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы­ның жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: ІІО бөлімшелері мемлекеттік тілде әзірлеген немесе орыс тілінен мемлекеттік тілге аударған құжаттарды редакциялау және түзету, ішкі істер органдарының мүддесін қозғайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалаларды редакциялау, құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау мәселесі бойынша практикалық көмек көрсету, мемлекеттік тілді енгізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарына материал дайындау, жеке құрамға мемлекеттік тілді оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, практикалық жұмыстарда қолдануын және дамытуын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілде іс жүргізуді енгізу бойыша практикалық көмек көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім және орта арнайы білім (заңгер, халықаралық құқық, филология, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, әлеуметтану, саясаттану, журналистика, жұртшылықпен байланыс, аударма ісі); мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

13. Успен ауданы ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы­ның жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: ІІО бөлімшелері мемлекеттік тілде әзірлеген немесе орыс тілінен мемлекеттік тілге аударған құжаттарды редакциялау және түзету, ішкі істер органдарының мүддесін қозғайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалаларды редакциялау, құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау мәселесі бойынша практикалық көмек көрсету, мемлекеттік тілді енгізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарына материал дайындау, жеке құрамға мемлекеттік тілді оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, практикалық жұмыстарда қолдануды және дамытуды қамтамасыз ету, мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша практикалық көмек көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім және орта арнайы білім (заңгер, халықаралық құқық, құқық филология, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, әлеуметтану, саясаттану, журналистика, жұртшылықпен байланыс, аударма ісі); мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

14. Екібастұз қаласы ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекші маманы, С-R-5 санаты, 2 бірлік (оның ішінде 1 бірлік уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне – 2017 жылғы 20 қыркүйекке дейін).

Функционалды міндеттері: ІІО бөлімшелері мемлекеттік тілде әзірлеген немесе орыс тілінен мемлекеттік тілге аударған құжаттарды редакциялау және түзету, ішкі істер органдарының мүддесін қозғайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалаларды редакциялау, құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау мәселесі бойынша практикалық көмек көрсету, мемлекеттік тілді енгізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарына материал дайындау, жеке құрамға мемлекеттік тілді оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, практикалық жұмыстарда қолдануды және дамытуды қамтамасыз ету, мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша практикалық көмек көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім және орта арнайы білім (заңгер, халықаралық құқық, филология, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, әлеуметтану, саясаттану, журналистика, қоғаммен байланыс, аударма ісі); мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

15. Екібастұз қаласы ІІБ қаржымен қамтамасыз ету то­бы­ның жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демеалысы кезеңіне – 2018 жылғы 23 маусымға дейін).

Функционалды міндеттері: құжат айналымын тиімді қамтамасыз ету, бөлімшедегі бухгалтерлік есепке алудың және есеп жүргізудің шынайлығы және дұрыс қойылуы; тиісті ерекшеліктері сметасы бойынша сметалық қаржы бөлуді үнемді және тиімді пайдалануды бақылау; смета шығындарын орындау бойынша мағлұматтарды уақытында тапсыру, бөлімшенің қызметіне еңбекақы төлеміне тапсырыс дайындау; салық комитетіне есептер беру; бухгалтерлік есепке алу есепшоттары бойынша талдамалық есеп жүргізу; ай сайын бюджет бойынша жалпы жинақ кестелерін құрастыру. Тауар-материалдық құндылықтар мен баланстың басқа баптарының жылдық түгендеуіне қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім және орта арнайы білім (экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік есеп және аудит), мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

16. Лебяжі ауданы ІІБ қаржымен қамтамасыз ету тобы­ның бас маманы, C-R-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: тиімді құжат айналымды қам­тамасыз ету, бөлімшедегі бухгалтерлік есепке алудың және есеп жүргізудің шынайлығын және дұрыс қойылуын; сметасының сәйкес ерекшеліктері бойынша сметалық қаржы бөлуді үнемді және тиімді пайдалануды бақылау; смета шығындарын орындау бойынша мағлұматтарды уақытында тапсыру, бөлімшенің қызметіне еңбекақы төлеміне тапсырыс дайындау; салық комитетіне есептер беру; бухгалтерлік есепке алу есепшоттары бойынша талдамалық есеп жүргізу; ай сайын бюджет бойынша жалпы жинақ кестелерін құрастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жо­ғары білім (экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік есеп және аудит), мемлекеттік қызметте бір жыл қызмет өті­лі болуы немесе осы санаттағы нақты лауазым бойынша функ­ционалды міндеттерге сәйкес салада кемінде екі жылдан кем емес өтілі болған жағдайда орта арнайы білім, осы санаттағы мамандандырылған нақты лауазымдарға тиісті саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Бюджеттік ұйымдардың тоқсандық, жылдық есеп беру нысандарының көлемі және нысаны туралы» нұсқаулықты, «Республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын ұйымдарда активтерді, ақшаның материалдық қорын түгендеуді, есептер мен баланстың басқа баптарын жүргізудің тәртібі туралы» нұсқаулықты, мемлекеттік тілді білу және компьютерде жұмыс істей білу.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет