Конкурстық саралау шарты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Магистратураға түсу типтік ережесі негізінде және



бет10/14
Дата16.11.2022
өлшемі53,7 Kb.
#158566
түріКонкурс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Конкурсты саралау шарты л-Фараби атында ы аз У-ні Магистрату
daris 9 (1)
14-тақырып. Тұлғаның дамуы.
Тұлға дамуының қозғаушы күшін айқындайтын объективті және субъективтік тұғырлар. Тұлғаны қалыптастыру мен дамыту туа біткен қажеттілік үдерісі ретінде. З. Фрейдтің теориясындағы бастапқы қызығушылықтарды сублимациялау тұлға дамуының қозғаушы күші ретінде. Тұлғаны номотеттік және идеографикалық сипаттау. Тұлғаның даму кезеңдері (Э. Эриксон бойынша).
15-тақырып. Адамның қабілеттіліктері.
Адам қабілеттіліктерінің жалпы сипаттамасы. Қабілеттілік туралы түсінік. Нышандар қабілеттердің органикалық алғышарты ретінде. Қабілеттердің жіктемесі. Қабілеттердің көросеткіштері мен белгілері. Қабілеттердің даму деңгейлері және жеке-дара ерекшеліктері. Дарындылық. Қабілеттердің компенсациясы. Шеберлік пен талант. Данышпандық.
16-тақырып. Темперамент бастапқы жеке қасиеттерді кіріктіру формасы ретінде.
Темперамент түрлері туралы ілімдер тарихы. И.П. Павловтың темпераменттің физиологиялық негізі ретіндегі жоғары жүйке қызметі түрлері туралы ілімі. Темперамент құрылымының ерекше белгілері. Темпераменттің негізгі көріністері. Темпераменттің қасиеттері. Темперамент түрлерінің жіктемесі. Қасиеттердің динамикалық кешені ретіндегі темпераменттің қазіргі тұғырлары. Адамның өмірлік тәжірибесі негізінде темперамент сапасын дамыту.
17-тақырып. Адамның мінезі.
Мінез туралы түсінік. Мінездің анықтамасы. Мінез өмірдегі білім ретінде. Мінез түрлерінің жіктемесі. Мінезді қалыптастыру. Мінезді өмір бойы трансформациялау. Өзін-өзі тәрбиелеу.


VPPD 1301 Психологиялық-педагогикалық іс-әрекетке кіріспе – 3 кредит


1-тақырып: Білім беру қоғамдық құбылыс және педагогикалық үдеріс ретінде.
Білім беру құбылыс. Білім беру әлеуметтік құбылыс және педагогикалық үдеріс ретінде.
Педагогикалық жүйе. «Педагогикалық жүйе» ұғымы, оның құрылымдық және функционалдық компоненттері. Педагогикалық жүйе түрлері. Жалпы білім беру жүйесі.
Педагогикалық үдерістің мәні, құрылымы және қозғаушы күштері. Педагогикалық үдерістің функциялары: білім беру, дамыту, тәрбие беру. Біртұтас педагогикалық үдерісті қалыптастыру шарттары мен логикасы. Біртұтас педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен қағидалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет