Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар. – Әңгіме ұнады ма?
– Әңгімедегі баланың ісәрекеті сендерге ұнады ма?
– Анасы Зәукенді қайда жұмсады?
– Зәукен атайдың қандай затын жөндеп берді?
– Әжей Зәукен туралы не айтты?
– Анасы неге қуанды?
– Осыдан кейін анасы баласына не айтты деп ойлайсың?
Балалардың сұраққа толық жауап беруіне көңіл бөлінеді.
Сергіту сәті: Ата менен ананың айтқан тілін аламын,
Үлкен кісі жұмсаса, қайда болсын барамын.
Төсекті өзім жинаймын, ешкімді де ренжітпеймін.
Ешкім маған тимейді,
Мен де бәрін сыйлаймын.
(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс. Сурет бойынша әңгімеле:
– Суретте Зәукеннің анасы не істеп жатыр?
– Анасы баласына не деді?
– Анасы баласын іздеп барғанда кіммен кездесті?
– Әже мен ата баланың анасына не айтты?
– Анасы баласына қалай қарады?
– Өзің анаңа қалай көмектесетініңді айтып бер.
Әңгіменің мазмұнын сурет бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау.
(56 бала айтады). Бір бала әңгіменің басын бастайды. Екінші бала
әңгімені педагогтің сұрақтар қоюы арқылы жалғастырады.