Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет13/35
Дата05.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#16344
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Ж. Қасымбаев: — Романда XIX ғасырдың 20—30-шы жылдарындағы патша үкіметіиің отарлау саясатына қарсы күресті басңарған Абылай немерелерінің бірі — Саржан Қасымулының тарихи бейнесі мен оның төңірегіндегі қазақ руларының патша жазалау әскерлерімен алғашңы қақтығыстарына біршама көңіл бөлінген. Әсіресе, сұлтан Саржанның Көкшетау өңірі мен Ұлытаудан басталған көтерілісінгң патша жазалаушы отрядтарымён ұрыстарда шегініп, Орта жүздің оңтүстік іргесіне жақындау себептері, өз руластарымен Қоқан хандығына баруы — тарихи деректерді білгірлікпен пайдаланғандықтың дәлелі. Алайда, тым тартымды шығармада 1836 жылы Кенесарының туыстары, Ңасымның улдары — Саржан мен Есенгелдінің Маделіхан мен Ташкент қушбегі Бездербектің қолынан қаза болуы тарихтан хабары тайыздау оқырмандар үшін біржаңты көзқарас қалыптастыратын тәрізді. Біздің пікірімізше, бұл жердегі жағдайды Қоқан, Бүхара феодалдық иеліктері мен қазақ ақсүйектерінің арасындағы бақталастықпен, немесе Қазаңстандағы Шыңғыс түқымда-рының әлсіреуімен ғана түсіндіру жеткіліксіз. Тарихи жағынан алып қарасақ, тіпті Саржан мен жақтастарының қазақтармен ғасырлар бойы шайқасқан Қоқан бектері-нен қолдау табуға тырысуы — өзін ақтамаған қате шешім. Қасым сұлтанның урпақтарының ажалы Кенесарының Қоқан бектеріне деген өшпенділігін күшейтуге, кейін Қоқан тепкісіндегі қырғыз жеріне басып кіруіне де себепші болуы ғажап емес. Әрине, қырғыз жеріндегі, басқа оқиғаларды Кенесарының өз хандығының иелігін кеңөйту арманы түрғысынан да түсіндірген дүрыс.
Кенесары қозғалысының қарсаңындағы ңазақтардың патшалың Россияның отаршылдық саясатына қарсы бағытталған қозғалыстарының бірі Жоламан би Тіленшіұлы тобының күресі. Алайда, Қасым төренің ұлдары, негізінен, хандық билікті ңалпына келтіріп, отаршыл патшалық Россиядан дербес болуды көздесе, Жоламан бидің мақсаты: Жаңа-Илецк әскери шебінің салынуына байланысты қазақтардан тартып алынған жерді қайтарып алу еді. Патша әскерлерінің ңысымынан Орск-Троицк бекіністерінің маңайын тастап, Торғай өзені бойына көшкен цазаң руларының мал жаюға жер таба алмай, Орта жүздің солтүстік батыс өңірінде ірі көтеріліс ошағының қалыптасуын тездетті. Бекіністерге шабуылдар жасаған, Орта Азияға Еділ, Сібір Орал өңірінен керуендерді тонай бастаған көтерілісшілерге Қоқан, Бүхара билеушілерінің наразылығы түсінікті еді. Кенесары ңозғалысының алғашқы және соңғы кезеңіндегі оқиғаларды дүрыс түсіну осы аталған көтерілістердің тағдырымен байланысты. «Қаһар» — тарихи роман. Жоғарыда көрсетілгендей, көркем шығармада бұл жайларды тарихи дәлдікпен сипаттаудың қажеттігі де болмады. Ал, осы қозғалыстардың Кенесары көтерілісіне алғы шарт болғанын үмытпағанымыз жөн.
XIX ғасырдың бірінші жартысы Қазаңстандағы шаруалар көтерілісі үшін ерекше кезең. Патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталған көтерілістердің бір дәуірде (XIX ғасырдың 20—50 жылдары) болғанына ңарамастан, олардың арасында өзара байланыс болмауын қалай түсіндіруге болар еді деген сауалдарды да біз жиі естиміз, Шындығында, Бөкей ордасын қамтыған Исатай, Махамбет басқарған 1836—1838 жылғы көтеріліс пен Кенесары қозғалысы шамамен алғанда, бір мерзім-де басталды. Біріншісі — 1836, екіншісі — 1837 жылы. Бөкей ордасындағы көтеріліс 1838 жылдың июль айында Аң-бұлақ түбіндегі шайқаспен аяқталса, Кенесары қозғалысы 1847 жылы көктемде қазіргі Тоқмаңтың маңында Майлытөбедегі ұрыспен тынды. Бөкей ордасындағы көтеріліс көсемдерінің бірі, басты дем берушісі ақын Махамбет 1846 жылы 42 жасында Баймағанбет Айшуақовтың жендеттерінің қолынан опат болса, сұлтан Кенесары 1847 жылы 45 жасында қырғыздың манабы Орман, оның жағына шыққан Дулат руының билері Сыпатай мен Рүстемнің қолынан ңаза болды. Бір-біріне жақын, ойландыратын жөйттер емес пе. Алайда, бір дәуірде, шын мәнінде бір үранның туы астында, бір қазақ даласында болған осы көтерілістердің басы неге бірікпеді деп сауал беру жөн. «Қаһарда» жазушымыз мүны ңазақ халқының ара-сындағы ала ауыз ру тартыстарынан көреді. Мүмкін, жүз арасындағы, рулар арасындағы, онсыз да патша үкіметінің саясатынан тарыла бастаған жайылым үшін тартыс, белгілі дәрежеде, үш жүздің арасындағы бірлікті әлсіреткенін мойындағаны-мыз жөн. Дөсе де, Россия тарихындағы бір кезеңде лаулаған шаруа соғыстары (басңаларын айтпағанда) өзара бірігіп қимылдамаудың салдарынан да жеңіліс тауып отырмады ма? Мысалы, 1773—1775 жылдары қазақ жерінде, Бөкей ордасына жақын ауданда басталған, қазақтар белсенді қатысқан шаруалар соғысы.
Пугачев көтерілісімен қатар Дон казактарының да толқуы Екатерина 11 үкіметін қатты абыржытты. Петербург билеушілерінің «баңытына» қарай Дон мен Жайық арасында байланыс болмады. Бөкей ордасы мен қазаң жерінің басқа аудандарын цамтыған екі көтерілістің арасында байланыс болмауы — қазақ жүздерінің экономикалық және саяси жіктелуінде. Сонымен қатар, Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарды аяусыз ойрандауы, Россияға беріктігінен айнымаған ңазақ шонжарлары ауылдарының Кіші жүз шекарасына, орыс бекіністерінің қолтығына ығысуы да батыс аудандардағы ңазаңтарды еріксіз үстап қалды. Екіншіден, Бөкей ордасы мен Орта жүз арасында XIX ғасырдың басында түрғызылған әскери шептер көтерілістің ірі екі ошағының бірігіп қимылдауына мүмкіндік бермес еді. Ақ киізге салып, хан көтерілген Кенесары мен старшындар — Исатай, Махамбет өзара ортақ бағыт ажыратуы, түсінісуі екі талай нәрсе екендігін аңғару қиын емес.
Тағы да бір ойланарлың, шешуін таба алмай жүрген мәселе — Кенесарының көтеріліс басталғаннан кейінгі Россиямен байланыстары. «Қаһарға» қарағанда, көтеріліс тек ел-жерін ңорғаудан туды, "Кенесары өзі хандықңа үмтылғандықтан, Россиямен келісімге келмеді деген ой бірнеше рет қайталанады. Солай ма екен? Иә, патшаның отаршыл тырнағынан қазақ жерін аулақ үстау мақсаты объективті түрде Кенесарының жеке басының беделін көтерді, қозғалысқа бүқаралық сипат берді.
Кенесарының хандық таққа ұмтылуы Россиямен байланысты шиеленістірді деген қорытынды, шындыңтан алшақтау жатыр. Жоғарыда Кенесарының 1839 жылғы — патшаға, Батыс сібір генерал-губернаторына екі хатынан үзінділер келтірдік. Қазақтардың бір бөлігінің өзін қолдамайтындығына көзі жеткен Кенесары көздеген мақсатына келіссөзбен, дипломатиялық жолмен жетуге тырысқандығын көрсететін деректер аз емес. Алайда, патша үкіметінің түпкілікті мақсаты — Орта жүз арқылы Жетісуға, Оңтүстік Қазақстанға жету, ағылшындарды Орта Азиядан ығыстыру болса, бұл Кенесарының дербес хандық қуруына еш мүмкіндік бермейтіндігі анық еді. Бұл тұрғыда «Кенесары майданды ашпас бурын, патша әскерімен таласты соғыссыз шешпек болып қолдан келген амалын аяған жоқ» деп ңорытындылауда негіз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет