Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет17/35
Дата05.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#16344
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Ж. Қасымбаев:— Кенесарының жеке басының қатыгездігі қырғыздарды жөне соңынан ермеген қазақтарды шабуы орыс шаруаларымен ілтипатты қарым-қатынаста болуына кедергі болмады. Деректерді зерттегвнде аңғаратын бір жай — Кенесары отрядтары орыс шаруаларын ойрандаудан көпшілік жағдайда ат басын аулақ устаған. Бір мысал келтірейік: 1838 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторының талабы бойынща, Кенесары топтарының саудагер, қазақ султандарына, чиновниктер мен орыс шаруаларына тигізген шығынына ведмость дайындайды. 1951994 сом 72 тиынның шаруалардың үлесіне небары 100 сом ғана келді. Ал Кенесарының қолының құрамында крепостниктік езгіден ңашқан шаруалар, польша азаттық қозғалысының өкілдері, тіпті патша тәғының тірегі — орыс офицерлері де болған. I. Есенберлин шығармасында осы жөнінде қызықты мәліметтерді аңдауға болады. Жазушы бұл мәселеде тарихи шындыцты кең тарихи фонда көрсете білген. Езілген-дер мен азаттыққа үмтылғандардың ултына қарамай шаруа ңозғалыстарына белсене ңатысқандығын Россияда болған ірі шаруа соғыстарынан байкаймыз. (Бұл — тамаша жазушы В. Шишковтың «Емельян Пугачевындағы» жүзбасы-офицер Падуров, А. С. Пушкиннің «Капитан қызындағы» офицер Швабрин образы арқылы берілген). Кенесарының қарулы топтарынан да бірқатар мысалдар келтірейік: полковник
Аржанунинның хабарлағанындай, султан Кенесары мен оның бір қолын басқарған Жоламан батырдың туының астында Сібірден қашқан 100-ге тарта поляктар болған. Жазушының шығармасындағы Иосиф Гербрут тарихи адам. 1850 жылы Кенесарыға арнап өлең шығарған. Кенесары қолының құрамында орыстардың болғандығын көтерілісшілерге тұтқынға түскен орыс офицері барон У-р да қуптайды. «Четыре месяца в Киргизской степи» деген атпен жарық көрген кітапшасында Кенесарының серіктері мен қарулы күші жөнінде қызыңты деректер бар. Сұлтан Наурызбайдың адьютанты Николай Губин кейін патша жендеттерінің қолына түсті. Мұндай мы-салдарды көптеп келтіруге болар еді. Кенесарының отрядында қырғыз да, қарақалпақ та, өзбек те, башқұрт та болды. Кене ханның қолының ңұрамының көп ұлттылығын көрмеу, мән бермеу ыңғайсыз болар. Кенесарының орыс халқына емес, патшаның отаршылдық саясатына қарсы күрескенін осы мәліметтер де көрсетпей ме? Шәміл сияңты «кәпірлерге» қарсы ғазауат та жариялаған жоқ. Султанның маңайында діншілдерден гөрі халыцтың ішінен шыққан батырлар шоғырланғанына да көңіл аударған жөн. Кейбір аңызға айналған батырлардың есімін атасақ: Шубыртпалы руынан Ағыбай (Орта жүз), 1916 жылғы көтерілістің басшысы халық батыры Амангел-дінің атасы Иман — ңыпшақ руынан, Жоламан Тіленшиев — табын руынан (Кіші жүз), Сураншы—дулат руынан (Ұлы жүз) Әрине, батырлардың әлеуметтік тегі әр түрлі болды: кепшілггі ңаратабан кедейден шыңса, бірқатары феодалдьщ топтың өкілдері еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет