Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет20/35
Дата05.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#16344
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Ж. Қасымбаев:—Жиі көтеріліп жүрген, жауабын күткен мәселелердің бірі осы — Кенесарының Қоқан феодалдарымен, қырғыз манаптарымен қырқыста-ры. Тіпті кейбір сауалдарда егер Кенесары Қоқанмён тіреспесе, қырғыздың жеріне басып кіріп, бейбіт жатңан көршінің тыныштығын алмаса, мақсатына жетер ме еді немесе Шәміл сияқты патшаның жазалаушы отрядына мойынсунса, жеке басы, семьясы аман қалар ма еді деп ой тастайды. Бұл мәселені бір жақты талдау оқырман-дарға нақты жауап бермейтіндігі түсінікті. «Қаһарда» да Кенесарының жорыңтары, әлбетте, Қоңан бектерімен, қырғыздармен байланыстырыла сипатталады. Қазақ жеріндегі Хиуа феодалдарының озбырлыңтары, көтерілістің қарқыны мен салдарла-рына әсері романда өз орнын таппаған сияңты.
XIX ғасырдың 20-шы жылдарында Мухаммед-Рахым кезіндегі Хиуа — Сырдың Арал теңізіне құятын өңірінен Ауғанстанға дейін созылып жатқан феодалдық ірі мемлекет болды. Зеңбірек, мылтықпен ңаруланған Хиуа қарулы күштері Сырдың теменгі ағысында көшіп жүрген қазақтар үшін зор қауіп еді. 1812, 1816, 1820 жылдары Мухаммед-Рахым осы ауданда орын тепкен қазақтарды талқандап, мыңдаған, әйел, балаларды, малды айдап әкетті. Хиуа ханы Аллақул кезінде Хиуа феодалдарының озбырлығы бурынғыдан да үдей түсті. Кенесары мен Хиуа хандығы арасындағы ңайшылыңтар романда бұлыңғыр сипатталған. Автордың басты көздеген мақсаттары-ның бірі — қазаңтар мен Қоқан хандығы арасындағы байланыстар. «Қоқан, Хиуа хандықтар қорқау қасқыр тәрізді. Жан кетіп өлексеге айналсаң, өлексеңді де талай береді»— дейді автор бұл кершілес Орта Азиялыц иеліктердің қазақтарға зомбылы-ғын сипаттай келе. Алайда шындықтан ауытқымағымыз келсе, қазақтар мен Хиуа, Қоқан арасындағы қатынастарды осындай түнек сияқты көрсету дурыс болар ма еді. Ташкент, Андижан және де басқа өзбектердің қоныстары қазақ, қырғыздармен сауда, өзара тиімді де, дәстүрлі сауда байланыстарының орталығы болғандығын умытпаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет