Көрсеткiштердiң туындыларының оның негiзiнде табылу мүмкiн


Элемент Элементтердің жалпы көрсеткіші



бет25/44
Дата25.11.2022
өлшемі8,98 Mb.
#159761
түріҚұрамы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
Байланысты:
экологиялық мониторинг каз (2)

Элемент

Элементтердің жалпы көрсеткіші



Элементтердің жылжымалы бірігулерінің көрсеткіші



Мг/кг

Қабаттағы қор
0-2 см

Мг/кг

Қабаттағы қор
0-2 см

As
Рb
Cd
Hg
Zn

4,3-7,3
9-41
0,2-1,1
0,05-0,19
56-156

67-117
114-610
3-18
1-3
900-2500

0,02-0,06
3-6
0,05-0,10
0,02-0,06
5-30

0,3-1,8
48-96
0,8-1,6
0,3-1,0
80-480

Сихотэ-Алинск қорығындағы атмосферадан топыраққа бағытталған жылдық орта ағым келесі өлшемдермен көрсетіледі: Рb - 3,4; Cd - 0,3; Zn - 7,6; As - 0,6; Hg - 0,14 мг/м2. Топырақтың жоғарғы қабатындағы элементтердің көрсеткішімен салыстырғанда бұл ағым айтарлықтай төмен. Ол көбіне қорықтың топырағындағы реттелетін элементтердің құрамымен өлшемдес, бірақ атмосфералық жауын-шашынмен түсетін металдар мен метал еместердің негізгі бөлімі топырақтың құрамындағы компоненттермен мықты ұсталады.


Ғаламдық деңгейдегі экологиялық қауіп антропогендік газдардың алысқа тасымалдануымен, оның ішінде диоксидті күкірттің таралуымен байланысты. Мысалы, Люксембург, Нидерланды, Швейцарияда жер бетіне түсетін диоксидті күкірт трансшекаралық тасымалдану есебінен 70-80 %-ға дейін жетеді, Скандинавия елдерінде 54 - 63 %. Ресейдің атмосферасына көршілес елдерден түсетін күкірттің көрсеткіші 40 %.
1980 жылмен салыстырғанда халықаралық бағдарламалармен 1990 жылға атмосферадағы диоксидті күкірт пен азотты 60 %-ға, өлшемелі бөлшектерді 40 %-ға, автокөліктердің газын 50 %-ға төмендету жоспраланған болатын. Оксидтердің жоғары көлемі түсетін зоналарда өлшем жүргізетін бекеттердің желісі салынды. Мүше-мемлекеттердің бағдарламаны орындаулары бойынша есептері беріледі.
Климаттың ғаламдық жылынуы экологтардың назарын алуда. Көп ғалымдар бұл құбылысты антропогендік деп есептейді және оны жағар майдың жануы көлемінің жоғарылауымен байланыстырады. Олардың пайымдауынша, парниктік газдардың көлемін шектеу керек және 2 градустан артық жылынуға жол бермеу қажет.
Парниктік әсер кез келген газдың пайда болуына әкеледі. Оған негізгі үлес қосушы су буы, сонымен қатар өндірістік сипаттағы көміртегінің диоксиді, азоттың қышқылдануы және метан. Индустриалдық кезеңдегі олардың атмосферадағы құрамы 30 %, 17 % және 150 %-ға айтарлықтай көтерілді, әсіресе соңғы он жылда. Газдардан басқа парниктік әсерке атмосфералық аэрозольдар да ықпал етеді.
Парниктік әсерінің атмосфераға түсуін шектеуге 1997 жылы Жапонияда қабылданған халықаралық құжат Киот хаттамасы бағытталған, бұл климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның Конвенциясына қосымша қабылданған болатын. Киот хаттамасы – бұл қоршаған ортаны қорғау бойынша алғашқы ғаламдық келісім болып табылады және нарықтық реттеу механизміне негізделген болып саналады.
Хаттамаға қол қойған мемлекеттер 2008-2012 жылдарға 1990 жылмен салыстырғанда парниктік әсеріні туғызатын газдардың алпы түрін 5,2 % қысқартуға келіскен болатын. Шығыс Еуропа және Прибалтика елдері 8 %-ға қысқартуға және Ресей мен Украина 1990 жылғы жылдық орташа көрсеткішті сақтауы тиіс.
Тек қоршаған орта жағдайын мониторингілеу бұл шешімнің қаншалықты тиімді боларын көрсетеді. Оның күшіне енуі үшін де жалпы әлемдік парниктік әсерінің 55 %-дан кем емес үлесі әрқайсысына келетіндей мемлекеттердің ратификациялауы қажет.
2004 жылы Ресей Федерациясы Киот хаттамасын ратификациялап, 2005 жылы ақпанда күшіне енген болатын. Ресей сарапшыларының пайымдауынша, бұл құжатты ратификациялау қандай да бір әлеуметтік күшті, кәсіпорындардың жабылуын немесе әлеуметтік инфрақұрылымдарды бұзуды қажет етпейді және ағымдағы әлеуметтік және экологиялық мәселелерге кері әсерін тигізбейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет