Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет67/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Кавказда тұратын алан жұрты «монғолға бірігіп қарсы тұрайық» деп Қыпшақтарды 
болысуға шақырды. Қыпшақтың қалың атты әскері аландарға келіп қосылды. 
Монғолдармен үлкен айқас болды. Екі жағы тең түсті. Қайтадан ұрысқа 
дайындалды. Алан мен Қыпшақты жеңе алмайтынына көзі жеткен монғолдар 
Қыпшақтарға көп тартумен «сендер бізбен қандас елсіңдер, аландар бөтен жұрт, 
біз сендермен бітімге келеміз, оларға болысушы болмаңдар» деп кісі салды. 
Монғолдың алтын-күмісіне қызыққан Қыпшақ батырлары аландарды тастап кейін 
шегінді. Жалғыз қалған аландарды монғолдар қан-жоса етіп қырды. 
Ал Қыпшақтар «Бітімге келісетін болдық, бізге тимейді» екен деп әскерлерін 
үйді-үйіне таратып, жайбарақат жата берді. Сол уақытта ала¦дарды жеңген 
монғолдар, сау етіп бұлардың еліне жетіп келді. Әскерін таратып жіберген 
Қыпшақтар монғолдарға төтеп бере алмады. Бірі Донға, бірі Қырымға қашты. Осы 
уақыттағы Қыпшақтардың ханы Қотан 
1
орыстарға кеп «маған туған күн саған да 
туады, бірігіп монғолға қарсы шығайық» деп өтінді. Орыс князьдары уәдесін 
береді. Сол күннен бастап Қыпшақ елінің басқыншылармен ауыр айқасы 
басталды. 
Бейбіт елдерді қан жылатқан Шыңғысханды суреттегенде, бір қара албасты 
құбыжық келе жатқандай қобалжи, алан жұртын сатып кеткен Қыпшақ 
хандарының опасыздығын жыр еткенде, қарабет болған жандай көзін жерден 
алмай қиналып зар шеккен Қазтуған жырау, толғауының Шыңғысханға тиер 
жеріне жеткенінде тіпті зәрленіп кетті. Бауыры қызған бәйге атындай серпіліп сала 
берді. Жауына қарсы шыққан орыс, Қыпшақ жауынгерлерінің дәл ортасында өзі 
келе жатқандай, қарағай домбырасын дүбірлетіп, көзінен жалын атып, қаһар төкті. 
Орыс, Қыпшақ болып бірігіп, басып алғалы аттанған жауына қарсы шыққанын 
жырлағанда ер көңілді батыр жыраудың үнінен мақтанған, қуанышты, адамды 
қанды кекке шақырар бір құдіретті саз естілді. Осылай шалқи қалған Қазтуған 
Қалқа ұрысын айтқанда кенет «әттең, әттең!» деп күңірене күбірледі. 
1
Қотан хан — орыс тарихында Котаян хан деп аталады. 


71 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет