Шартты бағыныңқылы сабақтас. Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардағы ой, іс-әрекеттің жүзеге асу шартын білдіретін
сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін шартты бағыныңқылы деп атайды.
Шартты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңары әр түрлі тұлғада келеді:
1. етістіктің шартты рай тұлғасы.
2. –й жұрнақты көсемше, кейде оның үстінде – ыншы, - інші жұрнағы қоса
жалғанады.
3. жатыс септігіндегі өткен шақтық есімше.
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бөліктері бір-бірінен үтір
арқылы ажыратылады.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. Құрамындағы бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңар бір-бірінен қарсы мағынада
қолданылған сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
сөйлем деп аталады.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңары қайтсе де? Не етсе де?
Қайткенмен? Не еткенмен? деген сұрақтарға жауап береді.
Сабақтастың бұл түрінің бағыныңқы сыңарының баяндауышы
1. шартты райлы етістікке –да, -де шылауы тіркесуі арқылы жасалады
2. өткен шақтағы есімшенің көмектес септігі түрі арқылы жасалады
3. есімшеге –ша, -ше жұрнағы жалғануы арқылы жасалады
4. көсемше арқылы жасалады
Тапсырма: 1. «Ойлан тап» ойыны
2. Кәсіби сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру
3. Баламалы тест