III.Еңбеккерлерге нұсқауларды берудi ұйымдастыру.
Мазмұн-түрiне және өткiзiлу мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей болып бөлiнедi: 1-шi –кiрiспе нұсқау. 2-шi- жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау. 3шi- қайталама нұсқау; 4шi- жоспардан тыс (внеплановый); 5шi – мақсатты нұсқау (целевой).
3.3 Кiрiспе нұсқауды еңбекшiнiң бiлiмiне , осы қызметтегi не кәсiптегi жұмыс өтіліне (стаж) қарамай барлық адамдармен және де іссапарға келген адамдармен , тәжiрибе өтуге немесе өндiрiстiк оқуға келген оқушылармен, студенттермен де жүргiзу керек.
3.7 Кәсiпорында, мекемеде жұмысқа жаңадан орналасқан әр адаммен, сол мекеменiң бiр бөлiмшесiнен екiншi бөлiмшеге ауысқандармен, командировкаға келгендермен , кәсiптiк оқуға немесе тәжiрибе алуға келген оқушылар , студенттермен ; мамандығын ауыстырып , өзiне бұрыннан таныс емес жұмысты алғаш iстейтiн адамдармен - мiндеттi түрде жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау жүргiзiлуi тиiс.
3.12 Барлық еңбек етушiлер бiлiмiне, жұмыс өтілiне , бiлiктiлiгiне қарамастан алты айдан аспайтын мерзiмде бiр рет қайталама нұсқау алулары керек.
3.13 Қайталама нұсқау жеке түрде немесе бiр түрлi мамандық иелерiмен топтасқан түрде өткiзіледi. Бұл нұсқауды өткiзу мақсаты еңбек қауiпсiздiгi ережелерiн еңбеккерлердiң қандай дәрежеде бiлетiндiгiн , меңгергендiгiн тексеру және оны жетiлдiру.
Қайталама нұсқау - жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудың мазмұнына сәйкес жүргiзiледi.
3.14 Жоспардан тыс(қосымша):
- еңбек қорғау ережелерiне ,заңдарына еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiндей өзгерiс кiрген кездерде;
- технологиялық процесcтерде өзгерiс болғанда, құрал-жабдықтар, шикiзат өзгергенде не болмаса олар жаңартылғанда;
еңбеккер қауiпсiз еңбек ету ережесiн бұзып , оның салдары жазатайым оқиғаға , өндiрiс апатына , жарылысқа , өртке әкелiп соққан кездерде;
бақылау, қадағалау органдарының міндеттеуі бойынша жүргізіледі.
3.16. Мақсатты(тиісті) нұсқау:
- тікелей мамандығына қатысы жоқ, бір жолғы жұмыстарды орындау кезінде жүргізіледі (тиеп-түсіру,аумақты тазарту, бөлімше, цех, мекеме аумағынан тыс жердегі жұмыстар).
- катастрофа, дүлей зілзала, авариялардың салдарын жою жұмыстарын орындаукезінде; - қауіпті жұмыстарды орындау алдында жүргiзiледi.
...
&&&
$$$003-001-002$3.3.1.2 №1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Жұмыс реті:
1. Кәсіпорын,мекемелерде нұсқаулардың қандай түрлерi жүргізілуі міндетті?
2. Әр нұсқаудың жүргізілу мерзімдері қандай?
3. Әр нұсқау қандай мазмұнда жүргізіледі?
4. Нұсқауларды кiмдер жүргiзедi, iс қағаздары қалай тiркеледi?
&&&
Достарыңызбен бөлісу: |