Ландшафтық дизайн



Pdf көрінісі
бет10/92
Дата24.02.2022
өлшемі5,33 Mb.
#133080
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92
Байланысты:
5-6 апта СРСП Князова ХБ-201, 5-6 апта СРСП Князова ХБ-201, resume, Smiles 2 2-тоқсан
Регулярлы стиль
. Атақты « күн патшасы» Людовик ХІV-тің 
атақты болған кезінде Францияда регулярлы стильді жобалау 
пайда болды. Бақ – саябақ өнерді де, саясатты да астастырып 
жатыр. Версаль – ол Людовик ХІV-тің қала сыртындағы 
резиденциясы регулярлы стильдің бақ – саябақ өнерінің жақсы 
мысалы болып табылады. Керемет сарай барлық композицияның 
орталығы болып есептеледі. Одан тігінен күтілген аллеялар, 
жақсы гүлзарлар және түзу кесілген көгалдардың ерекше бір 
орындары бар. Бұның бәрі керемет жұмақ бұрышында – жасанды 
тоғанның жылтырақ беті, қырқылған ағаштар мен бұталар, 
керемет клумбалар, әдемі гүлдейтін гүлдермен отырғызылған –
бұл дәулетті адамның абсолютті билігін көрсетеді. Людовик ХІV 
Версальді салдырғанда ол бүкіл әлемге елді ғана билейтінін ғана 
емес табиғатты да билейтінін көрсеткісі келеді. 
Регулярлы стиль француз классицизмінің дәуірінде саябақ 
өнерінде өзінің шығармашылығымен Андре Ленотра көзге түсті. 
Оған дейін саябақ құрылысында итальяндықтарға ұқсас 
бағытталған. Керемет туындылар – Тюльри, Марли, Сен – Клу, 
Версаль бағынан кейін бүкіл әлем осыған ұқсауға тырысты.
Леонтр өз ансамбльдерімен, сарай резиденциясынан, сарай 
салтанаттарын, өте керемет қайталанбас декорация жасады. 
Регулярлы стиль арқылы оның саябақ архитектурасы регулярлық 
стиль арқылы бірдей заңдылықпен дамып отырады. Регулярлы 
стиль – саябақ жобалауда қатаң симметрияны талап етеді. Оған 
тән тік сызықтар, қатаң осьтік композиция.
Қазіргі таңда қай жерде адам әрекетін табиғатқа көрсеткісі 
келсе композициялар қатаң және салтанатты композиция енгізу 
керек. Бұл регулярлық стильдің эмоциональдық сипаты – 


көтеріңкілігі, салтанаттылығы, скульптураның, мүсінің көптігі 
театрға ұқсас. 
А.Э.Регель 
«Регулярлы 
стильде ең 
басты 
деталь 
жасандылық» дейді. Жасандылықты ең бірінші кезекке қояды 
және ол міндетті түрде табиғылықтан ығысып шығады. Бақ 
жасыл қалың қоршаулармен, биік дуалдармен бірігіп, астасып бір 
дүниеге айналады. Мұндай түрді әмбебап немесе универсаль деп 
атады. Бұл белгілі бір тәртіппен жасалынған. Бұл еңбектен адам 
қанағаттандырушылық сезімге ие болады. Олар хаостан бұрын 
тәртіптілікті ұнатады. Регулярлы стильдің басты элементтері: су, 
қатаң формадағы бассейн, каскад, қабырғадағы фонтан, аласа 
партер мен баскет, яғни қырқылған қабырға тәрізді ағаштар мен 
бұталар. Өнер сүйгіш бақтың бағбандары жолдарының бойына 
орналасқан кабинет, залдар жасалған. Өткеннен тәжірибе ретінде 
алатын болсақ фигуралық болып кесілген мәңгі жасыл ағаштар 
мен гүлзарлар. Бір бұтаны егу үшін 2 м
2
жер керек. Симметриялы 
отырғызылған 2 немесе 4 бұта бақтың сипатын ашары сөзсіз. 
Клумбаның ортасында бұта жақсы көрінеді немесе мәңгі жасыл 
отырғызуларды ақ немесе түсті гравийдермен әшекейлеу арқылы 
немесе гүлдейтін өсімдікпен әрлеуге болады. Жартылай дөңгелек 
қылып скамейкасы бар жайлы бұрыш жасауға болады. 
Пейзаждық стиль – пейзаждық саябақтарды ағылшындық деп 
атайды. Ол ХVIII ғасырда пайда болды. Еуропалық бақ – саябақ 
бағытында ең бірінші бастамасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет